Неліктен крест жорықтары ұйымдастырылды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
6 СЫНЫП, САБАҚ 10.1
IV бөлім: Крест жорықтары
Сабақ тақырыбы: Неліктен крест жорықтары ұйымдастырылды?
Оқу мақсаты:
6.3.2.6 – картада оқиғаларды даму динамикасын белгілей отырып, 1-4
жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарларын
анықтау
Тарихы концепт: себеп пен салдар
Сабақтың компоненттеріның өзара байланысы:
- Сабақтың басында ұйымдастыру және алдыңғы алған білімдерін өзектендіру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Коллаборативті ортаны қалыптастыру мақсатында және алдынғы сабақта оқытылған материалды қайталауға бағытталған «3 + 3 + 3» жаттығуды өткізіңіз. Оқушыларға айтыңыз: Біз ислам тарихына қатысты бөлімді оқып аяқтадық. Сіндер жеке-жеке осы бөлімге қатысты кез-келген 3 кілтті сөзді жазуларыңыз керек. Топта жазған сөздеріңізді талқылаңыз және олардың ішінен тек 3 сөзді таңдап, оларды тақтаға жазыңыз. Енді біз тақтаға жазылғандардың бәрінен ең маңызды үш сөзды таңдаймыз. Осы сөздермен қасыңыз тұжырымдама құрастырып айтып береді?
Осы жұмыс арқылы оқушылар жұптық және топтық жұмыс істейді, қысқа уақыт ішінде барлық оқушылар оқу үдерісіне қатысады.
2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға орта ғасырдағы адамдар үшін Иерусалим қаласының маңыздылығын көрсететін «Аспан патшалығы» атты көркем фильмнің үзіндісін көрсетіңіз. Содан кейін бірнеше сұрақтарды талқылаңыз: Мен не көрдім? Қандай сұрақтарды қоя аламын? Қандай қорытынды жасауға болады?
Оқушылардың ойларын тыңдап болғаннан кейін, олар қасиетті Иерусалим қаласы үшін күресті сипаттайтын жаңа бөлімді оқуға кірісетіндерін айтыныз. Сабақтың тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилермен танастырыңыз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Мұғалімнің алдын ала дайындаған слайдты пайдалана отырып, оқушылар сабақтың мақсатына жету үшін зерттеу бағыттарын анықтайды. Зерттеу бағыттары келесіні қамтиды:
- Крест жорықтарының себептерін анықтау.
- Крест жорықтарын ұйымдастырудағы шіркеудің рөлін түсіндіру.
- 1-4 крест жорықтардың бағыттарын контурлы картасында белгілеу
- Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды жасау.
3. Тарихи дереккөздермен жұмыс. Оқушыларға Урбан II сөзі жазылған мәтінді, Иерусалимнің жердің орталығы ретінде бейнелейтін ортағасырлық картасын және Крест жорықтарының себептерінің тізімін таратыңыз. Оларға осы материалдармен танысып, топтарда сұрақтарды талқылауды сұраңыз:
- Крест жорықтары деген не?
- Шығысқа бағытталған крест жорықтарын кім және неліктен ұйымдастырушысы болды?
- Крест жорықтарының себептерінің қайсысы негізгі болып табылады? Сіздің таңдауыңыздың себебі неде?
Тапсырма дескрипторлары. Оқушы:
- «крест жорықтары» ұғымының мәнін анықтайды
- крест жорықтарын ұйымдастырудағы шіркеудің рөлін анықтайды
- крест жорықтарының ең маңыздысын анықтайды және өз пікірін дәлелдейді.
- Жұптық жұмыс. Оқушыларға крест жорықтарының себептерінің сипатамалары жазылған карточкаларды таратыныз. Карточкаларды олардың мазмұны бойынша экономикалық, саяси, әлеуметтік, діни себертеп бойынша реттеуді сұраңыз.
Карточкалардың мазмұны:
- Рим папасы Урбан II Еуропа өзің және осы жерде өмір сүретін адамдардың барлығын тамақтандыра алмайтындығын айтты. Сондықтан Шығыс елдеріндегі мұсылмандардың бай жерлерін басып алу қажет деп санады.
- Рим папасы христиандар үшін аса құрметті зат (Қасиетті табыт – Гроб Господень) өзге дін өкілдерінің, яғни мұсылмандардың, қолында болғанын қолайсыз деп санайды.
- Христиандар крест жорықтарға белсене қатысты, себебі олар осы іс арқылы күнәлары кешіріледі және өлімнен кейін жұмаққа кіре алады деп сенді.
- Шіркеу христиан дінін ислам басымды болған шығыс елдерінде таратуға тырысты.
- Феодалдық меншікке ие бола алмаған рыцарьлар, Еуропадан тыс жерлерге әскери жорықтар арқылы жер иеліктерін жаулап алуды көздеді.
- Еуропаның қалаларында көптеген кедейленген шаруалар мен қолөнершілер пайда болды, оларды қалалардан көшіру мәселесі туындады.
- Папа өз мүлкін жаңа жер иеліктермен және басқа да байлықтармен толтыруға тырысты. Және т.б.
Тапсырмаға арналған дескрипторлар: оқушы
- Крест жорықтарының экономикалық себептерін анықтайды
- Крест жорықтарының саясы себептерін анықтайды
- Крест жорықтарының әлуметтік себептерін анықтайды
- Крест жорықтарының діңи себептерін анықтайды
Жұмысты аяқтағанан соң, барлық сыныппен талқыланыз: Қай себептер басым болды? Неге олай болды деп ойлайсыңдар?
Оқушыларды крест жорықтарының негізгі себептері экономикалық себептер болды деген қорытынды жасауларына бағыттаңыз.
- Контурлы картамен жұмыс. Оқушыларға крест жорықтарының бағыттары көрсетілген картаны көрсетіңіз және «Крест жорықтары» атты басып шығарылған контурлы картаны оқушыларға таратыңыз.
Оқушылар жұптық жұмыс жасап, контурлы картаны толтырулары қажет. Тапсырмалар:
- Клермон, Константинополь, Иерусалим, Венеция қалаларды контурлы картасында белгілеңіз;
- 1-4 крест жорықтардың бағыттарын контурлы картада белгілеңіз.
- Қандай қорытынды жасауға болады?
Жұмысты аяқтаған соң келесі дескрипторларды пайдаланып, жұптар бірін-бірі тексереді:
- оқушы аталған қалаларды картада дұрыс белгілейді,
- оқушы 1-ші крест жорықтың бағытын дұрыс белгілейді
- оқушы 2-ші крест жорықтың бағытын дұрыс белгілейді
- оқушы 3-ші крест жорықтың бағытын дұрыс белгілейді,
- оқушы 4-ші крест жорықтың бағытын дұрыс белгілейді.
- «Мен 50%, 75%, 100% білемін» стратегиясын пайдалана отырып сабақтың рефлексиясын өткізуге болады. Тақырыпты 50%-ке дейін меңгерген оқушыларды тақтаға шығуларын, тақырыпты 75%-ға меңгергендер оқушыларды класс қабырғаларына келуді сұраңыз. Ал тақырыптың 100%-ын меңгергеніне сенетін оқушылар өз орнындарында қалады. Енді орнынаң тұрған оқушылар отындарында қалғандардын қасына отырады және оларға сабақ бойынша түсінбеген сұрақтарын қояды. Сөйтіп, өзара оқыту ұйымдастырылады. Кейбір оқушылар мұғалімнің көмегін сураулары мүмкін, немесе мұғалім өзі кейбір оқушылдын қасына барып, сұрақтарына жауап береді.
- Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға сабақ тақырыбы бойынша көркем әдебиеттерді оқуды ұсыныныз, мысалы:
- Г.Мишо «Крест жорықтарының тарихы».
- Вальтер Скотт «Ричард Львиное сердце Палестинада», т.б.
Сабақтың тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар.
Тарихи құжат: 1098 жылғы 11 қыркүйектегі «Крестшілер-рыцарьлардың көшбасшыларынан II Урбанға жазған хаты»
(крестшілердің Антиохияны басып алған кезі, 3-28 маусым, 1098 ж.)
«Құрметті мырза Папа II Урбан! Боэмунд және Раймунд, Сен-Жилльдің графы Готфрид, Лотарингия герцогі және Роберт, Норманн графы, Роберт Фландский, граф Евстафий Булонский сізге ыстық сәлем мен сізге адал қызмет етуге сөз беріп, сізге, рухани әке, өздерінің шынайы мойынсұнуын мәлімдейді.
Біз бәріміз сізге айтқымыз келгені – біз Құдайдың зор мейірімділігі мен оның анық қолдауымен Антиохияны басып алдық. Ал түркілер, біздің Иса пайғамбарымызға көп зиян келтіргендері үшін, оларды жаулап алып, өлтіргенімізді айтқымыз келеді. Сөйтіп біз Иса пайғамбарға жасалған әділетсіздіктер үшін олардан кегімізді алдық.
Біз, бұрын түріктерді қоршап алғандар, өзіміз Хорасан, Иерусалим, Дамаск және басқа да көптеген жерлерден келген түріктердің қоршауында болып, Иса пайғамбардың рақымымен кейін босатылдық.
Никеяны басып алғаннан кейін, біз қарсы болған түріктердің үлкен әскерімен шайқасып, ұлы Сүлейменді және оның бүкіл халқын қудалап, жерін қиратып, байлықтарын тонап, Румынияны жаулап алып, біз Антиохияны қоршауға алдық.
Сол кезде, осы қаланы қоршап тұрғанда, біз қаланың айналасында көптеген түріктер және басқа да ұлт өкілдерінің шабуылдарына ұшырадық. Ақырында, осы шайқастарда барлығын жеңіп, христиан дінінің жеңісіне қол жеткізе отырып, мен, Боэмунд, осы қалаға маған опасыздық жасаған бір түрікмен келісіп алдым. Қаланың қабырғасына бірнеше баспалдақ қойып, 3 маусымда біз Христосқа қарсы тұрған қаланы жаулап алдық.
Осы қаланың билеушісі Касияның оның сарбаздарымен бірге өлтірдік, ал оның әйелдерің, ұлдары мен үй қызмешілерімен, алтын, күміс және барлық байлығын өзімізге алдық. Алайда, біз түріктер мықты нығайтқан Антиохия бекінісін ала алмадық; келесі күні оны иемденуге әрекеттенгенімізде, қала қабырғасының әрі жағында шашыраған түріктердің шексіз сандарын көрдік. Көптеген жылдар бойы күткендей, олар бізбен соғысуға дайын болды.
Үшінші күні бізді қоршап, жүздеген түрік әскері осы бекініске кірді. Түріктер таудың қарама-қарсы жағында тұрып, екі әскерімізді бөліп, қалаға түсетін жолды мұқият бақылап отырды. Біз қаланың сыртында да, қалада да күндіз-түні шайқастық.
Олар бізді барлық жерлерден тығыз қоршап алды, бірде-біреуіміз шығып кете алмадық. Осы себепті біз депрессияға ұшырадық, ашаршылықтан зардап шеккеніміз соншалықты, көптеген адамдар өздерінің жүдеп қалған жылқылары мен есектерін өлтіріп, олардың етін жеуге мәжбүр болды.
Сол кезде бізге құдіреті шексіз Құдайдың мейірімділігі көмектесті, біз бақыт нұрына бөленген Петрдің ғибадатханасында Құдайдың найзасын таптық. Киелі найзаны және басқа да көптеген қасиетті заттарды көргеннен кейін рухтан айырылған адамдар енді, бірін бірі жігерлендіріп, күресуге дайын болды.
Біз үш апта және төрт күн бойы қоршауда болдық, Петр мен Павлдың күндерінің алдында біз, Құдайға сеніп, барлық кінәларымызды мойындап, дұға етіп, біз барлық әскери жабдықтарымызлы алып, қаланың қақпасынан шықтық; біз соншалықты аз едік, біз оларға қарсы күресудің қажеті жоқ деп ойладық, олардан қашып құтылуды ғана ойладық. Содан кейін біз шайқасқа дайындалдық, жаяу және атты әскерлерді орналастырдық.
Алғашқы кездесуде біз жауды қашуға мәжбүр еттік. Бұрақ қарсыластар жан жаққа тарай бастады: олар төбелер мен жолдарды басып алып, бізді қоршап алуға тырысып, бәрімізді құртуға тырысты.
Алайда, жаудың тұзақтарын және қиял-ғажайып әдістерін білетін бізді құтқару үшін Құдайдың мейірімділігі көмекке келді, сол себепті, олармен салыстырғанда аз болғандар оларды қашуға мәжбүр етті, өздерінің лагерін сол жерде қалдырды. Жеңіске жете отырып, біз күні бойы жауларымызды қуған болатынбыз, көптеген жаудың әскерлері өлтірілді, содан кейін қуанышты және жеңіске жетіп қалаға келдік. Жоғарыда айтылған бекініс, онда мыңдаған жауынгерлермен бірге отырған әмір Боэмундқа өзін тапсырды; Боэмундтың көмегімен ол христиандықты қабылдады. Осылайша, біздің пайғамбарымыз Иса Рим дініне бүкіл Антиохия қаласын бағындырды. Бірақ, әдеттегідей, әрдайым құанышты оқиғаға әрдайым қайғы енеді: 1 тамызда, қақтығыстар тоқтағанда, епископ Пюиский қайтыс болды, сіз біздерге жібергенің және соғыстың бүкіл кезеңінде үлкен құрметке ие болған өкіліңіз.
Енді біз, сіздің ұлдары, біз сізге біздің рухани әкеміз ретінде айтарымыз бар. Сіз осы жорықтарды жариялағансыз және сіздің сөзіңіз бізді өз жерлерімізді қалдырып және барлық барымызды тастап, кетуге мәжбүр етті. Христостың жолын ұстануға бұйырған, крест алып жүруді және оның есімін даңқ ету мақсатымызға шабыт берген Сіз! Өзіңіз шақырған істі аяқтаңыз, бізге келіңіз және сізбен бірге еретін барлық адамдарды ерітіп әкеліңіз. Өйткені Антиохияда «христиан» деген атау тарады. Әлемде христиан дінінің басты қала мен христиан атауының астанасына келіп, соғысты аяқтаудан әлемде маңызды ештеңе жоқ деп ойламайсыз ба? Біз түріктерді және басқа да пұтқа табынушыларды жеңіп шықтық, бірақ біз гректер, армяндар мен сириялықтармен, еретиктермен күресе алмаймыз. Біз сізді, рухани әкемізді, қайта-қайта шақырамыз: сізді әкеміз ретінде мұнда келіп, бақыт нұрына бөленген Петрдің кафедрасына отырыңыз. Өз билігіңізьен күшіңізді пайдаланып, барлық еретиктерді жойыңыз.
Сонымен, біздермен бірге сіз басталған Иса пайғамбардың жолындағы жорықты аяқтасаңыз, біз Иерусалимнің қақпасын ашып, Қасиетті табытты босатасыз және христиан деген атауды басқалардан жоғары қойясыз.
Егер сіз бізге келіп, өзіңіз бастаған науқанды бірге аяқтасаңыз, бүкіл әлем сізге бағынады. Осыны жасауға сізді Құдайдың өзі көмектессін, ал Құдай мәңгілік өмір сүреді және мәңгілік әмірін жасайды. Әумин!»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру