Неліктен крест жорықтары ұйымдастырылды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
6 СЫНЫП, САБАҚ 10.2
IV бөлім: Крест жорықтары
Сабақ тақырыбы: Неліктен кірестік жорықтары ұйымдастырылды?
Оқу мақсаты:
6.3.2.6 – картада оқиғаларды даму динамикасын белгілей отырып, 1-4
жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарларын
анықтау
Тарихы концепт: себеп пен салдар
Сабақтың компоненттерінің өзара байланысы:
1. Сабақтың басында ұйымдастыру және алдынғы алынған білімді өзектендіру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Коллаборативті ортаны құруға бағытталған «Жер, ауа, су» деген жаттығуды өткізіңіз. Оқушыларға айтыңыз: допты лақтырып, осы сөздердің бірін айтамын. Егер мен «жер» деп айтсам, онда жермен байланысты (өсімдіктердің, жануарлардың) атауларын айтуларыңыз керек; егер «ауа» деп айтсам, онда барлық ауамен байланысты (құстар, ұшақтар, ғарыш денелер) сөздерді айтыңыз, ал «су» сөзі – суда өмір сүретін жануарларын айту керек. Дайынсыңдар ма? Егер сіз тарихқа байланысты сөздерді қолдансаңыз, бұл өте жақсы болады! Бұл жаттығу барлық оқушыларды оқу процесіне тартуға және назарларын зеин қоюды көздейді.
- Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға христиан шіркеуінің бөлінуін бейнелейтін картаны көрсетіңіз. Оқушыларды келесі сқрақтарда жауап беруді сұраңыз: Мен нені көріп тұрмын? Қандай сұрақтар қоюға болады? Қандай қортынды жасауға болады?
Оқушылардың мәлімдемелерін тыңдағаннан кейін, 1054 жылы біріккен христиан шіркеуі Рим Папасы басқаратын Римдік-католиктік шіркеу және шығыс (орталығы Византияда орналасқан православиелік шіркеу) тармақтарына бөлінгенін түсіндіріңіз.
Сабақтың тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилермен танастырыңыз.
Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Мұғалімнің алдын ала дайындаған слайдты пайдалана отырып, оқушылар сабақтың мақсатына жету үшін зерттеу жұмыстың бағыттарын анықтайды.
Зерттеу жұмыс келесіні қамтиды:
- Крестік жорықтарының себептерін анықтау.
- Рим Папасының крест жорықтары шақыру үндеуін қолдаған әлеуметтік топтардың мақсаттарын талдау.
- 1-4 крест жорықтардын бағыттарын контурлы картасында белгілеу.
- Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды жасау.
- Тарихи картамен жұмыс. Оқушыларға басып шығарылған екі картаны таратыныз: ортағасырлық және қазіргі заманғы Иерусалим қаласы бейнелейтын карталарды. Оқушылардан сұраныз: Бұл карталардың айырмашылығы неде? Неліктен Иерусалим ортағасырларда әлемнің орталығы деп саналды?
Оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан соң, орта ғасырдағы Иерусалим Шығыстағы мұсылман үшін және Еуропадағы христиандар үшін маңыздылығы туралы бастапқы мәлімет беріңіз.
- Оқушыларға крест жорықтары туралы бейнеролікті көрсетіңіз, қарап болғаннан кейін келесі сұрақтарды топтарда талқылауларын сұраңыз:
- Крест жорықтары деген не?
- Шығысқа бағытталған крест жорықтарын кім және неліктен ұйымдастырды?
- Крест жорықтарың себептерінің қайсысы негізгі деп ойлайсыңдар? Өз таңдауыңызды дәлелдеңіз.
Тапсырма дескрипторлары. Оқушы:
- «крест жорықтары» ұғымының мәнін анықтайды
- крест жорықтарын ұйымдастырудағы шіркеудің рөлін анықтайды
- крест жорықтарының ең маңызды себептерін анықтайды.
- Жұптық жұмыс. Оқушыларға крест жорықтарының себептерінің сипатамалары жазылған карточкаларды таратыңыз. Оқушыларға оларды мазмұны бойынша экономикалық, саяси, әлеуметтік, діни себептеріне сәйкес реттеуді тапсырыңыз.
Карточкалардың мысалдары:
1) Шығыста христиан шіркеуінің ықпалын және беделін кеңейту. 2) Жаңа мүлікті иелену және бағыныштылардың санын көбейту мақсаты көзделді.
3) Барлық крест жорықтарға қатысушыларына күнәлары кешірілді.
4) Шығыс елдерімен пайдалы сауда байланыстарын орнату. 5) Шаруалар жаңа жерлерде еркіндікке жетуге үміттеніп, ауыр өмір сүру жағдайларынан арылуға тырысты.
6) XI ғасырдың сонында Еуропа аштық пен эпидемияны бастан өткерді.
7) Жер иеліктері жоқ рыцарьлар шығыс тауарларына қызығушылық танытты және ірі сауда қалаларды тонау арқылы баюды армандады. 8) Еуропада вассальдық жүйе феодалдардың арасында жердің жетіспеушілігіне әкеліп соқтырды, Еуропада көптеген жерсіз және жері аз рыцарьлар пайда болды.
9) Католик шіркеуі христиан діннін біріктіру мақсатты пайдаланып, Византияны бағындыруға және оның байлықтарын тартып алуға тырысты.
10) Феодалдық қанау, құрғақшылық (астықтың шықпай қалуы) пен аштықтың күшеюі шаруалардың діни наным-сенімдерін күшейтті.
Тапсырма дескрипторлары. Оқушы:
- Крест жорықтарының экономикалық себептерін анықтайды.
- Крест жорықтарының саяси себептерін анықтайды.
- Крест жорықтарының әлуметтік себептерін анықтайды.
- Крест жорықтарының діни себептерін анықтайды.
Жұмысты аяқтағаннан соң, Қандай себептердің басым болғаның барлық сыныппен талқылаңдар. Неге бұлай болды деп ойлайсыңдар?
Оқушыларды крест жорықтарының негізгі себептері экономикалық себептер болғаны туралы қорытынды жасауға бағыттаңыз.
5. Алынған ақпаратты бекіту үшін оқушыларды крест жорықтарға қатысқан әлеуметтік топтарына сәйкес топтарға бөлінуді ұсыныңыз. Келесі топтар құрылады: Шаруалар. Феодалдар. Рыцарьлар. Король. Діни қызметкерлері және монахтар.
Оқушылар өздерінің әлеуметтік тобының крест жорықтарына қатысу себептерін анықтайды және талқылаудың нәтижелерін сынып алдында түсіндіреді.
6. Контурлы картамен жұмыс.
Оқушыларға басып шығарылған крест жорықтарының түрлі түсті және контурлы картасын таратыңыз. Оқушылар жұппен жұмыс істеп, келесі тапсырманы орындайды:
- Крест жорықтары кезеңіндегі оқиғалар орын алған елдерді контурлы картада белгілеңіз. Олар: Византия, Қасиетті Рим империясы, Франция Корольдігі, Англия, Салжұқ түріктерінің иеліктері.
- Клермон, Константинополь, Иерусалим, Венеция қалаларың контурлы картада белгілеңіз;
- 1-4-ші креск жорықтардың бағыттарын контурлы картада белгілеңіз.
Жұмыстың соңында жұптар келесі дескрипторларды пайдаланып, бірін-бірі бағалайды:
- оқушы аталған еуропалық елдерді картада дұрыс белгілейді,
- оқушы картада аталған қалаларды дұрыс белгілейді,
- оқушы 1-ші крест жорықтың бағытын дұрыс белгілейді,
- оқушы 2-ші крест жорықтың бағытын дұрыс белгілейді,
- оқушы 3-ші крест жорықтың бағытын дұрыс белгілейді,
- оқушы 4-ші крест жорықтың бағытын дұрыс белгілейді.
7. «Тарихи лото» оқыту ойынын қолданып, сабақтың рефлексиясын өткізініз. Оқушыларға сөздер жазылған немесе суреттер жапсырылған карточкаларды таратыңыз.
Сөздердің мысалдары: Венеция, Львиное Сердце, Иерусалим, 1054 жыл, 1096-1099 жж., инквизиция, Тевтон ордені, Патриарх, Kaнoссағa бару, Крестшілдер, Еретик.
Суреттердің мысалдары: 1-4-ші крест жорықтарының картасы (әр жорықтың бағыты бөлек белгіленген карталар), Христостың бейнесі, крестшілердің бейнесі, король Ричардтың портреті, Сахаддиннің портреті.
Оқушылар топтарда жұмыс істеп, суреттер мен сөздерді сәйкестендіреді. Осылайша, сабақтың тақырыбын бекітіп, бір-біріне сұрақтар қойып, оларға жауап береді.
8. Үйге тапсырма ретінде оқушыларға сабақтын тақырыбы бойынша әдебиеттерді оқуды ұсыныныз, мысалы:
- Александр Доманин «Крест жорықтары. Крест панасында».
- Томас Эсбридж «Крест жорықтары. Қасиетті жер үшін орта ғасырлардағы соғыстар» және т.б.
Сабақтың тақырыбына байланысты қосымша теориялық материал.Тарихи құжат: Роберт Реймсстің «Иерусалим тарихы» жазбасынан.
Иерусалим - бұл жердің күндігі, басқаларымен салыстырғанда ең жемісті жер, бұл жер екінші жұмақтай. Ол адамзаттың Құтқарушысының келуімен даңққа бөлендірді, оны өз игі әрекеттерімен безендіріп, өлімімен құтқарып, оның осында жерленуі қалаға мәнгілік өмір сыйлады.
Жердің ортасында орналасқан осы патшалық қала қазір оның жауларының қолында және Құдайды білмейтін халықтар тарапынан жойылуға жақын.
Ол босатуға ұмтылады және босатылуды армандайды, сендер оны құтқаруға келесіңдер деп дұға етуді тоқтатпайды. Ол сізден көмекке мұқтаж, әсіресе, біз айтқанымыздай, сіз басқа халықтар алдында Құдайдың керемет күшіне лайықтысыңдар.
Бұл жолды күнәларыңызды өтеу үшін таңдаңыз, көктегі Патшалықтың керемет даңқына сеніміңізді толтырыңыз ...
Папа өзінің шебер сөйлеген сөзінде осы және басқа да көп жақсы нәрсе айтқан кезде, онда болғандардың бәрі жалпы сезімге қосылып, «Құдай соны қалайды! Құдай соны қалайды!», - деп, ұрандаған.
Осыны естігенде, рим билеушісі көкке көзін көтеріп, Құдайға шүкірлік етті және үнсіздікті талап етіп, тағы да жариялады:
«Қымбатты бауырластар ... Егер сіздің саналарыңда Құдай болса, мұндай ұран болмас ауыздарыңнан шықпас еді; және ол көптеген ауыздардан шықса да, оның қайнар көзі бір. Сондықтан сендерге айтайын: бұл сендердің ауыздарыңа, сендердің кеуделеріңе осы ұранды салған – Құдайдың өзі. Бұл ұран сіз үшін әскери сигнал болсын, өйткені бұл сөзді Құдайдың өзі айтады. Сіз жаумен шайқасқанда, Құдайдың сөзін: «Құдай соны қалайды!», «Құдай соны қалайды» деген сөздерді дауыстап айтыңыз!
Біз қаруы жоқ ақсақалдардың немесе әлсіз адамдардың бұл сапарға барғанын және әйелдердің ерлері, аға-iнiлерi немесе заңды куәгерлерiсіз барға рұқсат бермеймiз. Олар күшейтуден гөрі көп кедергі болып табылады және олар пайда емес, артық салмақ болып табылады.
Байлар кедейлерге көмектесіп, соғысқа жарайтындарды қажетті заттармен өз қаражаттарына қамтамасыз етіп, өздерімен бірге алып барсын. Діни қызметкерлер мен клириктер епископтың рұқсатысыз жорыққа жүруге рұқсат етілмейді. Егер олар осындай рұқсатсыз барса, бұл жорық оларға пайдасыз болады. Қарапайым христандарғада лайықты діни қызметкерінің батасыз қажылыққа баруға болмайды. Ал қасиетті қажылықты жасау алдында Құдайға ант беріп, өзінің жанын құрбанддыққа беруге дайындығын дәлелдеп, кеудесіне крест тағып жолға аттансын. Егер біреу жорықтан бас тартып, кері қайтатын болса, ол крестің бейнесін арқасына, екі жауырынының ортасына тағып алсын...».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру