Арифметикалық және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару. Алгебра, 9 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.


Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

Бөлім/Тақырып: Тізбектер. Арифметикалық және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару.

Оқу мақсаты

9.2.3.7 арифметикалық және геометриялық прогрессияларға байланысты есептер шығару

Жетістік критерийі

прогрессия қасиеттерін қолдана отырып теңдеулер құрады

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары

1. p-ның қандай мәнінде 18; p; 2; … сан тізбегі

а) арифметикалық прогрессияны құрайды;

b) геометриялық прогрессияны құрайды.

[2]

2. 8-ге еселік барлық екі таңбалы сандардың қосындысын табыңдар

[3]

3. n-көпбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары өспелі геометриялық прогрессияның мүшелері болып табылады. Қабырғасының ұзындығы бойынша екіншісі 3-ке тең, ал ең кіші қабырғасы мен ұзындығы бойынша үшіншісінің қосындысы 10-ға тең екендігі белгілі.

а) Прогрессияның еселігін табыңыз.

б) Ең кіші қабырғасының ұзындығын табыңыз.

в) Осы көпбұрыштың периметрін табудың формуласын жазыңыз.

[6]

Балл қою кестесі

Жауаптары

Балл

Қосымша ақпарат

1a

10

1

1b

6 және -6

1

2

16,24,...96 ,d=8

n=11

1

1

1

Альтернативті әдістер қабылданады

3

с2 = 3, с13 = 10

3q2 - 10 q+3 = 0

және3. q=3

с1= 1

1

1

1

1

1

1

Жалпы балл

11



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу