Карбон қышқылдары, полимерлер. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ | |||||||||||||||||||||||||
Күні: 10 | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||||
| Қатысқандар саны: 10 | Қатыспағандар саны: 10 | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: Карбон қышқылдары, полимерлер | |||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 10.4.3.32 күрделі эфир алу үшін карбон қышқылдарының спирттермен реакциясын білу; 10.4.3.33 қазіргі әлемде қолданылатын «пластик» материалдардың кең ауқымын зерттеу; 10.4.3.34 полимерлер құрылысының ерекшелігі мен полимерлену реакциясының механизмін түсіну; | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: - Карбон қышқылдарының. - Функционалдық топқа байланысты спирттерді басқа органикалық қосылыстардан ажырата алатын болады; Оқушылар: - «Полимер», «полимерлену» (полимеризация) терминдерін қайталайды; - Табиғи полимерлер туралы сұрақтар пайда болады. Зерттеушілік қабілеттері дамиды. | ||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже | Барлығы: - Полимер, мономер сөздерінің мағыналарын түсінетін болады; - Полимерлер мен мономердің ерекшеліктері мен ұқсастықтарын білетін болады. Полимерлену реакциясының механизмін үйренеді. Көпшілігі: - Полимерлену реакциясының механизмін меңгеріп, реакция өнімдерін атай алады. Кейбірі: - Полимерлердің тарихы, олардың пайдасы мен зиянын зерттеу жұмысына кіріседі; | ||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | **карбон қышқылдарының гомологтық қатарының алғашқы төрт мүшесін дұрыс жазып атай алады, **Олардың изомерлерін дұрыс жазып атайды. **Полимердің моделін жинастырып, сызбасын салып оны атай алады, **Мономерді бөліп көрсетеді **4-5полимеродің блок-сызбасын дұрыс жаза алады | ||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Егер адамдар өздері пайдаланатын пластик қаптар/тостақтар/қабықтарды қайта пайдаланса, онда ... Егер барынша биологиялық ыдырайтын пластик пайдаланылса, онда... Қоршаған ортаны ластайтын пластмасса қалдықтардың санын, егер... азайтуға болады. | ||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дардарыту
| Өмір бойы білім алу; | ||||||||||||||||||||||||
Пән аралық байланыстар | Биология, экология | ||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 8.4А Көміртегі қосылыстары 9.1В Қосылыстар құрылымы 10.3А Органикалық химияға кіріспе 10.3B Көмірсутектер | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||
Уақыт | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||
1 мин | Ұйымдастыру . | ||||||||||||||||||||||||
5 мин | Әткеншек стратегиясы арқылы «карбон қышқылдары» бойынша білімдерін қайталау. Оқушылар шеңбер құрып бір-біріне осы тақырып бойынша алған білімдерімен бөліседі. | Жұмыс парағы | |||||||||||||||||||||||
10 мин | Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру, талқылау. (D) сірке қышқылы этанолмен реакцияласып эфир және су түзеді (бұл органикалық балама ретінде қышқыл мен сілті тұз бен су береді деп қарастырыла алады). Оқушыларға этанолдан эфир алу бейне ролигін көрсету Көрсетілімнен кейін оқушыларға этерификация реакциясының теңдуін жазып, келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыну: 1) Этерификация реакциясының жүру жағдайлары қандай? 2) Концентрленген Н2SO4 бұл реакциядағы рөлі қандай? 3) Қаныққан натрий карбонатының рөлі қандай? Соңында оқушыларға этерификация реакциясы неге қайтымды екеніне қорытынды жасау. (W) Оқушыларға сірке қышқылы қышқылдар класының басты өкілі, ал этанол спирттердің басты өкілі болып табылатынын еске салу. Мүмкін болатын эфирлер саны өте жоғары. Олардың көпшілігі сұйық, иісі жақсы және тағам хош иістендіргіштері ретінде пайдаланылады: мысалы этил метаноат – ром хош иістендіргіші, пропил пентаноат - ананас, этил бутаноаты - алма, пентилаэтаноат - "алмұрт тамшысы", октилаэтаноат – апельсин. | видео | |||||||||||||||||||||||
10 мин |
Оқушылар 3 топқа бөлініп тақтада орындайды. Бірін-бірі оқытып тексереді. | ||||||||||||||||||||||||
14 мин | Қалыптастырушы бағлау: Оқу мақсаттары: 10.4.3.30 карбон қышқылдарындағы функционалдық топты білу; 10.4.3.31 карбон қышқылдарының қасиеттерін білу және оны этан қышқылы мысалында зерттеу; 10.4.3.32 күрделі эфир алу үшін карбон қышқылдарының спирттермен реакциясын білу; | Білімді бекітуге сілтеме http://bilimland.kz/kk/content/structure/1586-polimerler#lesson=11330 | |||||||||||||||||||||||
5 мин | Оқушыларға Нейлон «арқан трюгін» «хэндгама» алыну экспериментін көрсету. Оқушылар пластилин алынғаннан кейін бүгінгі сабақтың тақырыбы мен гипотезасын айтады. | Желе, натрий тетрабораты, бояғыш, стақан, натрий силикаты, шыны таяқша http://www.nationalstemcentre.org.uk/elibrary/resource/2374/fantastic-plastic | |||||||||||||||||||||||
2 мин | Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру | ||||||||||||||||||||||||
5 мин | Полмерлерлерге кіріспе. Бейнеролик twig-bilim сайтынан көрсету | ||||||||||||||||||||||||
5 мин | Оқушыларға сыныптағы кабинеттің ішіндегі пластиктен жасалған заттарды атап, оларды пластиктің қандай түріне жатады. Оқушылар түсіндіреді.
| Жұмыс парағы | |||||||||||||||||||||||
5 мин | Оқушыларға бір күндік өмірді пластмассыз елестетуді сұрау. Кем дегенде пластиксіз 3 әрекетті айту (мысалы пластик бутылканың орнына шыны ыдысты қолдану) қалаулары бойынша кезектесіп жауап береді | ||||||||||||||||||||||||
5 мин | Жұппен жұмыс. Оқушыларға табиғи және жасанды полимерлер түрі берілген. Олар оны кестеге бөліп жазады. Екінші оқушы оның дұрыс жауабын ноутбук арқылы тексеріп, серіктесі жазып болғаннан кейін оған дұрыс жауабын айтады. Полимерлер: каучук, полиэтилен, поливинилхлорид, крахмал, белок, целлюлоза, кератин, нейлон, капрон, полистирол
| Жұмыс парағы, ноутбук | |||||||||||||||||||||||
5 мин | D)Оқушыларға пластмассаның қасиеттерін: қыздыруды, сондай – ақ пластиктердің әртүрлі ерекше қасиеттерін көрсетіңіз немесе оларға зерттеуге ұсыныс жасау. | Пластмасса, сіріңке, фарфор ыдыс | |||||||||||||||||||||||
5 мин | (W) (G) (f) Оқушылардан этилен моделін жасауды сұрау. Оларға оның түйіндес байланысы мен оның белсенділігін еске салу. Олардан кем дегенде этиленнің үш молекуласын жасауды сұрау. Олар қосарланған байланысты «ашу» және бір молекуланың екіншісімен қалай қосыла алатынын қарауы керек. Бұл «полимерлену» ретінде түсіндіріледі.Тек бір «мономер» қажет болатынын өздері болжап айтады. | Молимод | |||||||||||||||||||||||
|
| ||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сірке қышқылы коррозияны (таттану)тудырады және тыныс алу жолдарын тітіркендіреді. Көзге қорғанысты пайдалану және ол жақсы желдетілетін бөлмеде пайдаланылуы керек. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру