Тірі ағзалар үшін қысымның әсері. Aтмосфералық және артериялық қысымды өлшеу. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 

 

 

 

 

 Сабақтың басында оқушыларға миға шабуыл сұрақтарын қою арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын өз бетінше анықтауға мүмкіндік беріңіз. «Ауадай қажет!» бұл сөйлем адамның бес минуттан артық ауасыз өмір сүре алмайтындығымен түсіндіріледі. Демек, Жердің атмосферасы адамдардың өмірінде өте маңызды рөл атқарады, өйткені бүкіл жер бетіндегі өмірдің ауасыз өмір сүруі мүмкін емес. Мәселелік сұрақтардың үлгілері:

  • Атмосфераның тірі ағзалар үшін қажеттілігі неде?
  • Атмосфералық қысым тірі ағзаларға қалай әсер етеді?
  • Балықтардың физиологиялық жағдайы атмосфералық қысымның өзгеруіне байланысты қалай өзгереді?

 Оқушылар өз ойларын ортаға салады, түсіндіреді, бірін-бірі толықтырады. Осы сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады. Сұрақтардың көбі жоғары ойлау деңгейінің сұрақтары болғандықтан оқушыларға ойлануға мүмкіндік беріңіз және өткен сабақтағы білімдерін еске түсіріңіз. Сол арқылы оқушылардың өткен сабақтағы білімін тексересіз және жаңа сабаққа бейімдейсіз. Тапсырманы орындап болғаннан оқушыларға жасалған жұмыс бойынша кері байланыс ұсыну қажет.

 Глоссариймен жұмыс барысында оқушыларға мүмкіндігінше терминдерді өздеріне түсіндіруге мүмкіндік беріңіз. Глоссарийға көп уақыт жұмсамаңыз, себебі сабақ жоспарында оған арнайы уақыт бөлінбеген.

 Жаңа тақырыпты игеруді бастамас бұрын оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін шағын эксперименттік тапсырма жасайсыздар. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін ескеріңіз. Оқушылар шыны стакан болса сындырып алуы және суды төгіп алуы мүмкін

 Жаңа тақырып барысында атмосфералық және артериялық қан қысымын өлшейтін құралдарды демонстрация арқылы түсіндіріп кетіңіз. Оқушылар қолмен ұстап көріп, кейін эксперименттік тапсырманы орындағанда құралмен жұмыс жасайды

 Жаңа тақырыпты пысықтау барысын миға шабуыл сұрақтары арқылы жүргізіңіз. Оқушылардың сыни ойлау арқылы жаңа тақырыпты бекітеді. Сабақ барысында орындалған барлық іс-әрекеттерден кейін мұғалім кері байланыс ұсынуы қажет. Барлық тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға тапсырма дескрипторларын көрсетуді ұмытпаңыз. Сабақты бекіту барысында оқушылар өздік жұмыстар орындайды. Өздік жұмысты орындау барысында қабілетті оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашуға және оны басқа оқушыларға түсіндіруге мүмкіндік беріңіз.

 Сабақ соңында міндетті түрде сабақ мақсаттарына және бағалау критерийлеріне оралып, оларға жету деңгейі оқушылармен талқылануы қажет және сабақ бойынша қорытынды жасалады. Сабақ бойынша оқушылардан міндетті түрде кері байланыс алу керек. Әр оқушы «Екі жұлдыз-бір тілек» тәсілі бойынша кері байланыс жасайды.

 

 Пайдалы сілтемелер:

 

https://dictionary.cambridge.org/

немесе https://dictionary.cambridge.org/dictionary/english-russian/renewable?q=Renewable

https://www.jamestease.co.uk/team-generator/

http://www.aschool.us/random/random-pair.php

https://kk.wikipedia.org/wiki/Атмосфералық_қысым

https://malimetter.kz/atmosferalyk-kysym/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу