Тірі ағзалар үшін қысымның әсері. Aтмосфералық және артериялық қысымды өлшеу. Жаратылыстану, 6 сынып, презентация.
Миға шабуыл
Ауасыз өмір сүре аламыз ба?
Сабақ тақырыбы: Тірі ағзалар үшін қысымның әсері. Aтмосфералық және артериялық қысымды өлшеу
Сабақ мақсаттары:
оқушылар:
Тірі ағзалардың қысымының маңыздылығын түсіндіреді;
тірі ағзалар үшін қысымның мәніне мысалдар келтіреді;
атмосфералық және қан қысымын өлшейтін құрылғылармен танысады;
атмосфералық және қан қысымын өлшеуді орындау үшін құралдарды (барометр және тонометр) пайдаланады.
-алынған мәліметтер негізінде қорытынды жасай отырып, деректерді графикалық түрінде түсіндіре алады.
Глоссарий
«Алты қалпақ» тәсілі
Ақ қалпақ - Фактілер. (Қысым ұғымы, қысымды өлшейтін құрылғылар).
Сары қалпақ - Оң көзқарас. (Қысымның адам өміріндегі маңызы).
Қара қалпақ - Мәселе. (Қысым тірі ағзалар үшін үнемі пайдалы ма?)
Қызыл қалпақ -Эмоциялар. (Қысым туралы қызықты мәліметтер).
Жасыл қалпақ - Шығармашылық. (Қысымның өмірмен байланысы. Қысымның маңызы туралы постер даярлау).
Көк қалпақ - Философия. (Әр топтың айтқанын толықтырады).
Топтар презентациясы
Қысымды өлшеу
Қысым – бұл күш, бір дене екінші дене бетіне әсер еткенде пайда болады.
Атмосфералық қысым - ауаның жер бетін басатын күші.
Ауа қысымы барометрмен өлшенеді (барос-салмақ, метрлік өлшегіш).
Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм сын бағ.
Бұл теңіз деңгейінде ауа температурасы 0 ° C температурада 45 ° ендік кезінде.
760мм сын бағ=101325 Па
Қан қысымы - қан тамырларының қабырғаларында қанның әсер етуі.
Артериялық қысым - қанның қысымы, артерия қабырғаларында жүректің жиырылу ырғағы кезінде түсетін қысым.
Қан қысымының жоғарылауы-гипертония
Қан қысымының төмендеуі-гипотензия
Эксперименттік тапсырма
‘Атмосфералық және артериялық қан қысымын өлшеу’Диалогтық әңгіме
Қандайда атмосфералық қысымның өзгеруі балықтардың физиологиялық жағдайынан байқалады. Белсенділігінің төмендеуі немесе керісінше қорек іздеу мақсатында тез қозғалыс әрекетіне алып келеді.
Ауа райының қандай да өзгерісі болмасын, адамда бейімделушілік пайда болады.
Егер, мысалы ауа температурасы төмен түсетін болса, онда жылу берілу қысқарады.
Атмосфералық қысымның төмендеуімен артериялардағы қысым төмендейді. Атмосфералық қысым күшейе түссе, артериядағы қысымда жоғары көтеріледі.
Піл су ішкен сайын, атмосфералық қысымды пайдаланады. Оның мойны қысқа, және басын суға түсіріп су іше алмайды
Жануарлар өміріндегі атмосфералық қысымның рөлі
Шыбындар мен ағашта тіршілік ететін бақалар жапырақтарда және терезе шынысында жабысып тұра алады.
Кері байланыс
Бүгінгі сабақтың материалын мына сайттан алуға болады:
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?