Жергілікті жердің бедері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: 1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту.
№10-сабақ
Тақырыбы: Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдері
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.1.2.8. Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.
3.2.1.1. Бір/екі әрпі бар әріпті өрнектерді ажырату, құрастыру, жазу және оқу.
3.2.1.2. Әріптердің берілген мәндерінде екі әрпі бар әріпті өрнектің мәнін табу.
Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер.
Сабақ бойынша ұсыныстар: сыныпта жағымды ахуал тудыру мақсатында сынып ұжымымен психологиялық дайындық жүргізіңіз.
Келіңдер, балалар, санап үйренейік!
Нақты есебі жоқтың барлығын есте сақтаңыздар.
Кез келген жұмыс алға баспайды,
Есепсіз көшеде жарық та болмайды,
Есепсіз зымыран да орнынан қозғалмайды.
Сонан соң сынып ұжымын қима қағаздарды таңдау арқылы топқа бөліңіз. Қима қағазда қандай өрнек берілгеніне қарай «Көбейтінді», «Қосынды», «Айырма» деп үш топқа бөлу.
(Т.Ж). «Ойлан, бірік, бөліс»
Оқулықтағы 1 – тапсырманы топпен ұйымдастырыңыз. Жазбаларды қарап және анықтап, қандай топтарға бөлуге болатынын (өрнек, есеп, теңдік пен теңсіздік) сұраңыз. Сонан соң оқушыларға бір бағанға әріпті өрнектерді, ал бір бағанға сандық өрнектерді жазуды тапсырыңыз.
Жауабы:
Әріпті өрнек | Санды өрнек |
а+456 | 124+68+45 |
c-d+a | (56+654)-451 |
d-456 |
(Ө.Ж) Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).
2- тапсырманы өз бетінше орындау барысында оқушылар ұзындық өлшем бірліктері туралы алған білім, білік, дағдыларын көрсете алады. Өрнектеу қиындық тудырған жағдайда сыныппен ұзындық өлшем бірліктерінің ара қатынасын еске түсіріп алыңыз.
Жауабы:
246 см=2м 4дм 6см 4м 3дм 7см = 437см
72см = 7дм 2см 8м 6дм = 860см
204см = 2м 4см 5м 7дм = 57дм
2дм 4см = 24см 5дм 8см = 58см
(Ұ.Ж) Жаңаны ашу.
3- тапсырмадағы есептеуді орындау үшін тақтаға бір оқушыны шығарыңыз және түсіндіре отырып шығаруды тапсырыңыз.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Оқушы бағанмен есептеу қалай болғанын қарайды жазбаша есептеу алгоритмін айтады. Орындап болған соң ұжымдық түрде тексеру жүргізеді.
Жазамын…
Бірліктерді қосамын…
Ондықтарды қосамын…
Жүздікті қосамын…
Жауабын оқимын…
Оқушыларға, үш таңбалы сандарды есептеу, екі таңбалы сандарды есептеудің алгоритмімен жүретінін айтып өту.
(Ө.Ж) Есепте.
4 -тапсырманы оқушылар өз беттерімен орындайды.
Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы карточкада немесе дәптерде орындауды ұсынады.
Оқушылармен бірге бағалау критерийлері талқыланады:
Мен:
-үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмдерін қолданамын;
(Т.Ж) Өткенді қолдану.
5- тапсырманы орындау барысында оқушылар есептің шарттары бойынша өрнек құрастырады, есепті сандық белгілермен толықтырады да шешеді. Орындап болған соң топтар өзара бір-бірін тексеру жүргізеді. «Бағдаршам» арқылы бағалау.
Жауабы:
Сырым Санжардан 362 метр ұзаққа жүзді.
(Ж.Ж) «Сен маған, мен саған» әдісі бойынша 6- тапсырманы оқушылар жұпта орындайды. Алдымен жеке-жеке сандардың берілгендерін «бос терезелерге» кезек-кезек қойып, есептеудің рационалды тәсілдерін қолданып, шыққан өрнекті жазып отырады. Сонан соң дәптерлерімен алмасып, бірін-бірі тексеру жүргізеді.
«Басбармақ» арқылы бағалау.
Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі
Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемдері бар карточкалар таратады, оқушылар сөйлемді аяқтайды:
… жасап көремін.
…мені таңғалдырды.
… өміріме сабақ болды.
…қаладым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру