Химиялық формулалар бойынша есептеулер. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«ХИМИЯЛЫҚ ФОРМУЛАЛАР БОЙЫНША ЕСЕПТЕУЛЕР»ТАҚЫРЫБЫНА
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып:8, 2 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
Осы сабақтың барысында оқушылар жай зат пен күрделі заттарды ажырата алу, қосылыстың химиялық формулаларын жаза алу дағдыларын еске түсіреді. Қосылыстың құрамындағы элементтердің пайыздық мөлшерін білу үшін «массалық үлес» ұғымын қолдану қажеттігі ұсынылады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында өздерінің сыныпішілік ер бала және қыз балалардың пайыздық мөлшерін есептеуге үйренеді. Бұл әдіс тақырыпты толықтай түсінуге өз септігін тигізе алады.
Бұл кезеңде оқушылармен бірігіп отырып есеп шығарудың алгоритмін ұсынған өте маңызды болып табылады. Егер әрбір оқушы осы алгоритмді пайдаланып, есептеулерді дұрыс жүргізе алатын болса сабақ мақсатына толықтай жете алады. Дегенмен әрбір есептеулерде есептің шартын құруда және жауабын көрсетуде нақты өлшем бірліктерді жазуды ұмытпаған жөн және тапсырмаларды бағалауда осы өлшем бірлікті толық көрсеткені үшін арнайы ұпай беруге болады.
Тапсырмаларды жоғарыда көрсетілген дидактикалық тапсырмалар ретінде немесе дифференциацияға негізделген басқа тапсырмалар үлгісін дайындауға болады. Сонымен қатар, жұмыс түрлерінің барлығы (жеке, жұптық, топтық) мүмкіндігінше қамтылды, дегенмен оқушы қажеттілігіне сай жұмыс түрлерін өзгерту мұғалім шеберлігіне байланысты бола алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру