Сабақ жоспары (ұмж): Құқық жүйесі 2-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, 1 тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Құқық жүйесі 2-сабақ (Құқық негіздері, 10 сынып, 1 тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Ғашық жұпқа бір-бірінен не керек?

Пән: Құқық негіздері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мемлекет және құқық
Сабақ тақырыбы: Құқық жүйесі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.1.1.3 құқық жүйесі және оның негізгі элементтерін түсіндіру (құқық нормалары, сала, ішкі сала, құқықтық институт)
10.1.1.4 мемлекетті құқық және құқықтық қатынастың негізгі субъектісі ретінде анықтау
Сабақ мақсаттары: Құқық жүйесі мен негізгі элементтерін білу;
Құқық нормалары, сала, ішкі сала, құқықтық институт ұғымдарын түсіндіру;
Халықаралық құқықтың негізгі субъектісі ретіндегі мемлекеттің рөлін анықтау.

Сабақ тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстыру.
Қос жазба күнделік негізінде жаңа ұғымдарды қарастыру. Оқушылар бастапқыда осы ұғымдарды өздері қалай түсінетінін және қандай анықтама бере алатындығын ортаға салады.

Ұғым Сіздің анықтамаңыз Негізгі анықтама
Құқық жүйесі
Құқық нормасы
Құқық саласы
Құқықтық институт
Содан кейін оқушыларға ұғымдардың негізі анықтамасы таныстырылады. Оқушылар өз жауаптарымен салыстыра отырып, өзгеріс енгізеді.
Құқық саласы ұғымына анықтама берілгеннен кейін, оқушыларға құқықтық бірнеше салалары бар екендігі айтылады және оқушыларға келесі сұрақ қойылады.
• Қандай құқық салаларын білесіз?
Мысалы, азаматтық құқық
Оқушылар жұпта ой бөліскеннен кейін, өз жауаптарын ортаға салады.
Дескриптор:
Кем дегенде 5 құқық саласын тізіп жазады.
Соңында оқушылар өз жауаптарын тақтада берілген дұрыс жауаптармен тексереді.
Оқушаларға құқық салалары тыныстырылғаннан кейін, таңдау бойынша бір құқық саласына анықтама беру ұсынылады.
• Азаматтық құқық
• Әкімшілік құқық
• Қаржы (қаражат) құқығы
• Жер құқығы
• Еңбек құқығы
• Жанұялық құқық
• Азаматтық-процессуалдық құқық
• Қылмыстық құқық
• Қылмыстық-процессуалдық құқық
• Еңбекпен түзеу құқығы
• Халықаралық құқық
Дескриптор:
Белгілі бір құқық саласының мәнін ашады.
Соңында оқушылар өз жауаптарын мәтінде берілген дұрыс жауаптармен тексереді.
Оқушыларға мемлекет – халықаралық құқық субъектісі ретінде тақырыбында мәтін беріледі. Оқушылар мәтінмен танысып, негізгі тұстарына назар аударады. Содан кейін берілген сұрақтарға жауап береді:
• Халықаралық құқық субъектілері қалай бөлінеді және мемлекет қай топқа кіреді?
• Неліктен мемлекет халықаралық құқықтың негізгі субъектісі болып табылады?
• Халықаралық құқықтың қатысушы ретінде мемлекеттер өздерінің құрылымы бойынша қалай бөлінеді?
Дескрипторлар:
Халықаралық құқық субъектілерінің жіктелуін біледі.
Мемлекетті халықаралық құқық субъектісі екендігін дәлелдейді.
Мемлекеттердің құрылымы бойынша жіктелуін көрсетеді.
Жалпы сыныптық талқылаудан кейін, оқушылар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалайды......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Әйел әдептері



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle