Сабақ жоспары (ұмж): Период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығы (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығы (Химия, 10 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Аурудың көңілін сұрағанда оқылатын дұға

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Периодтылық
Сабақ тақырыбы: Период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.1.4 период және топ бойынша химиялық элементтердің оксидтерінің, гидроксидтерінің және сутекті қосылыстарының қышқылдық – негіздік қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
ХЭПЖ динамикалық кестеге қарап, элементтердің атом құрылысына, физикалық қасиеттеріне сипаттама беру;
жай заттардың оттекпен әрекеттесуін бақылай отырып, элементтердің қасиетінің өзгеру заңдылығын зерттеу;
оксидтердің сумен әрекеттесуін бақылау арқылы заңдылықты анықтау;
оксидтердің қышқылмен және сілтімен әрекеттесуін зерттеу.
кестедегі периодтылықты түсіну және оны қышқылдық негіздік қасиеттерінің өзгеруі тұрғысынан түсіндіре білу.

Ұйымдастыру сәті. Амандасу.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу.
«Миға шабуыл»

Өткен сабаққа шолу сұрақтары
Оқушылар алдыңғы жұмыстардан элементтер қасиеті туралы білімдерін қайталап, кестедегі физикалық және химиялық қасиеттер қалпын, ядроның тиімді заряды, экрандау және т.б. контексінде талқылайды.
Сұрақтар:
1. Элементтер периодтық жүйеде қандай белгілеріне қарай орналасқан?
2. Периодтық жүйе қалай құрылған?
3. Периодтық жүйеде атом ядросы зарядының артуына байланысты элементтердің қасиеті қалай өзгереді?
4. 4-ші периодтағы нағыз металдар мен нағыз бейметалдарды атаңдар.
5. Периодтық жүйеде неше топ бар?
6. Топтар қалай бөлінеді?
7. Атомның ядро зарядына байланысты топшаларда элементтердің қасиеті қалай өзгереді?
8. І топтағы ең белсенді металды және VII топтағы ең белсенді бейметалды атаңдар?

Жеке жұмыс «Периодтық кесте»
Оқушыларға ноутбук таратылады немесе периодтық кесте.
Тапсырма №1
Оқушылар алдыңғы жұмыстардан элементтер қасиеті туралы білімдерін қайталап, кестедегі физикалық және химиялық қасиеттер қалпын, ядроның тиімді заряды, экрандау және т.б. контексінде талқылау жасайды. Кестедегі элементтер қасиеттерінің периодтылығын талдау мақсатында онлайн режимде элементтердің динамикалық периодтық кестеден, 3 – ші период элементтерінің сипаттамасын дәптерге жазады.

Қосымша №1
Крийтерилер:
1. Элементтің периодты жүйедегі орны.
а) реттік нөмірі;
ә) периоды, қатары;
б) тобы, топшасы;
в) атомдық массасы;
2. Элементтің атомдық құрылысы.
а) атом ядросының заряды;
ә) атом құрамының формуласы (р,п,е сандары);
б) энергиялық деңгейлер саны және онда электрондардың орналасуы (е);
в) электрондық формуласы(1s2,2s….);
г) кванттық ұяшықтар;
д) сыртқы қабаттағы электрон саны=>металл немесе бейметалл;

Топтық жұмыс «Динамикалық кесте»
Тапсырма 1:
ПЖ динамикалық кестесінен элементтердің физикалық қасиеттерінің өзгеруін сипаттаңыздар
Оқушыларға графикалық суреттер таратылаады. Кесте бойынша тұжырымдамалар айтылады. Қосымша 2

3. тапсырма. Элементтің жоғары валенттілік көрсететін оттекті қосылыстарының формуласын жазыңыздар:
Na Mg Al P S
а) оксидтері;
ә) гидроксидтері;
б) ұшқыш сутекті қосылыстары;

Талқылау: Оқушылар таңдап алынған қасиеттер мәнін түсіндіріп, олардың периодтылығын қарастыруы керек.
Қорытынды:
оттекті қосылыстарда элементтердің тотығу дәрежелері артады.

Көрсетілім
Тәжірибе №1 «Элемент + оттек және су»
Оқушылар жай заттардың химиялық белсенділігін көрсету үшін тәжірибе жасайды.
Натрий , магний, алюминий, күкірт ұнтақтары берілген олардың сумен және оттекпен әрекеттесуін бақылап, қорытынды шығарыңыздар.
Элемент Оттекпен Сумен Қорытынды
1 Натрий
2 Магний
3 Күкірт


Жалпы қорытынды:
Период бойынша солдан оңға қарай элементтер оттекпе әрекеттескенде солдан оңға қарай негіздік оксидтен екідайлы және қышқылдық оксидтер түзе отырып әрекеттеседі.
Көрсетілім
Тәжірибе №2 «оксид + су »
оқушылар су мен осы элементтер оксидтерінің реакцияларын жүргізе отырып, осы кезеңде ерітінділердің pH мәндерінің заңдылықтарын білулері керек.

Элемент Сумен рН ортасы
1 Натрий оксиді
2 Магний оксиді
3 Алюминий
4 Күкірт оксиді ......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Зәр тоқтамағанда оқылатын дұға



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle