Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсулар (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсулар (Биология, 10 сынып, I тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Мамандықты қалай таңдау керек?

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология
Сабақ тақырыбы: Көмірсулар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.1.2 көмірсуларды құрылымы, құрамы мен қызметтері бойынша жіктеу
Сабақ мақсаттары: Көмірсуларды құрылымы мен қасиеті бойынша жіктей алады;
Көмірсулардың полимеризация реакциясының ерекшеліктерін атайды.

Ұйымдастыру кезеңі
Миға шабуыл
Демонстрациялық жұмыс
Х ерітіндісіне йод тамшысын тамызу. Түстің өзгерісін қарау.
Сұрақ:
1.Х ерітідісі қандай ерітінді?
(Жауап:Крахмал)
2.Крахмал қандай органикалық затқа жатады?
(Жауап: Көмірсу)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.
Тапсырма-1. Мәтінмен жұмыс
Мәтінді оқып отырып, тапсырманы орындау.
Тапсырма -1.
¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬¬1.__________________ деп молекуласында бір карбонил (альдегид немесе кетон) және бірнеше гидроксил топтары бар қосылыстарды атайды.
2.____________ тобы бар моносахаридтер альдоздар, ал ___________ тобы бар моносахаридтер кетоздар деп аталады.
3.Көмірсулар молекуласындағы көміртегі атомының санына байланысты былай бөлінеді:
3 көміртегі атомы болса - ___________– глицеральдегид және диоксиацетон;
4 көміртегі атомы болса - __________ – эритроза және эритрулоза;
5 көміртегі атомы болса - __________ – рибоза және рибулоза;
6 көміртегі атомы болса -___________ – глюкоза және фруктоза.
4.______________ деп гидролиздегенде екі молекула моносахаридтерге ыдырайтын көмірсуларды атайды.
Олардың жалпы формуласы ____________.
Сахароза+Н2О→ _____________+___________
Лактоза+Н2О → _______________+__________
Мальтоза+Н2О→ ______________+_________
5.________________ деп гидролизденгенде n - молекула моносахаридтерге ыдырайтын жоғары молекулалық көмірсуларды атайды. Полисахаридтердің маңызды өкілдеріне __________, _____________, ______________ жатады. Жалпы формуласы (С6Н10О5)n.
6. Тотығу реакциясы. Барлық гексоза - альдозалар жеңіл тотығады. Олар альдегидтер сияқты күміс айна реакциясына түседі және Фелинг сұйығын тотықсыздандырып қызыл түсті ________________ береді.

Тапсырма 2. Модельдеу.
1.Жеке жұмыс – глюкозаның модельін құрастыру
2.Жұптық жұмыс – дисахаридтің (мальтозаның) модельін құрастыру
3.Топтық жұмыс – полисахаридтің модельін құрастыру (крахмал).
Бағалау критерийлері:
1.Модель дұрыс құрастырылу қажет
2.Уақытты сақтау

Тапсырма 3. Сәйкестендіру (жұптық жұмыс)
Көмірсулардың класы бойынша формуласы мен биологиялық маңызын сәйкестендіру............

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Алғашқы жыныстық қатынас қыздарға неге қиындық тудырады? (+18)



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle