Өлең: Жұмағали Саин (Гүлжансың - ау)

Өлең: Жұмағали Саин (Гүлжансың - ау)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Бал беттегі қара нүктені кетіреді

Гүлжансың - ау, Гүлжансың,
Тынымы жоқ бір жансың,
Таңмен бірге сайрайсың,
Егінде де, шөпте де,
Гүлжансың - ау, Гүлжансың,
Ойын-тойда думансың,
Тым ерекше туғансың.
Дала боран,
шулайды орман —
Бар денемді қарлы құйын орайды,
Зарлайды жел, шулатады тоғайды.
Тіл қатпаймын, бас имеймін табынып,
От басында отырмаймын қамығып.
Есікті ашып алыс жолға жүремін,
Ақ боранның құшағына кіремін.
Тоқта дейді соққылайды жетектеп,
Әмірімді бұзған қандай тентек деп,
Тоқтамаймын!
Ілгері аттай беремін,
Сапар алыс,
Әлі жүріп келемін.
— Ей, туған жер, туған жер!
Үкілі орман, асқар бел,
Аққу қазды айдын көл,
Көгілдір аспан жібек жел,
Көрікті колхоз — туған ел.
— Е, туған жер, сен рахат.
Сенен өзге маған жат.
Сенде ғана көңілім шат,
Тілмемен басқа марқабат,
Сен қымбат маған, сен қымбат!
Қарақат көз құралайым!
Қуанышпен келерсің.
Мені сүйген жүрісіңмен құшағыма енерсің.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Есте сақтау қабілетін дамытудың 7 тәсілі





Комментарии для сайта Cackle