Өлең: Жұмағали Саин (Сыншыларға)

Өлең: Жұмағали Саин (Сыншыларға)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Холецистит ауруының алдын алу

(Ілияс Жансүгіровке еліктеп)

«Ей қосаяқ, шара бас,
Жарғақ құлақ жаңалаш»—
Алдыңда қалам, қарындаш,
Қабағын, түйіп жалан, бас.
Отырсыңдар қинап жан.
«Сын» дегенің бейне нан.
Тіссіз кәрі шайнаған
Түршіккендей жан - дене
Еттей шала қайнаған.
Будақ-будақ шығады,
Суырсаңдар қалтаңнан.
—«Қашан - қашан қашаннан»,
Ісің ботқа, түсің жан.
— Ей қосаяқ, әлсіз жан,
Жетеді неге құр ынтаң?
Қатеңді айтса қарысар,
Сендер тентек, сендер паң,
Күл - күйелеш, қым-қиғаш,
Бір өлеңді сынасаң,
Сыныңның іші құрғақтау,
Толған леп, таңырқау (?!)
Көп ноқат та, көп сұрау (...???)
Толған мылжың қайталау.
Сыныңа керек көп қырнау,
(Қырнаған адам саған жау).
Ағылған осы «күшіңді»
Болар ма тартып шамалау?
«Қашан, қашан, қашаннан»,
Ісің ботқа, түсің жан.
— «Ей, қосаяқ, шара бас!»
— Ей ұр да жық «жалаңаш»!
Сыншы атағын жамылған;
Зиректер мен Ықылас,
Аттарың көп жаттаған,
Атағы бар сыншыдан,
Күндерің бар біразын —
Судыратып оқыған.
— Ей ер жеткір, ей сыншы,
Түсіндің не, сен одан?
Қашан, қашан, қашаннан
Ісің ботқа, түсің жан!

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
АЖАЛ АУЗЫНДАҒЫ МАХАББАТ



00


Комментарии для сайта Cackle