Сабақ жоспары (ұмж): Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті? 3-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті? 3-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Астың бетін ашық тастама

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Реформация
Сабақ тақырыбы: Мартин Лютердің наразылығы Еуропаны қалай өзгертті? 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.1.1 - адамның дүниетанымы мен қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеру себептерін анықтау;
6.2.1.2 - тарихи процестердің контекстінде «гуманизм», «реформация», «протестантизм», «лютеранство», «кальвинизм», «контр- реформация», «иезуиттер ордені» ұғымдарын түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Мартин Лютердің реформациясы мен қоғамдағы дін рөлінің өзеру себептерін талдау.
БЫМ/С Оқушыларға Мартин Лютердің Виттенбург соборы қақпасына өз қарсылығын шегелеуі суретін көрсету арқылы төмендегі сұрақтар төңірегінде ой бөлісуге шақырту.
- Не көріп тұрсындар?
- Қандай қорытындыға келдіңіз?
- Қандай сұрақтар туындады?
Суретті көрсету арқылы сабақтың тақырыбын анықтатып, мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру.
Т. Реформация, протестант, римдік-католиктік шіркеу, индульгенция, реформация, контрреформация, иезуиттер ордені, гуманизм терминдері туралы алдын-ала анықтама беріп, түсініктерін қалыптастыру. Терминнің мағынасын түсіну үшін төмендегідей терминмен жұмыс жасау арқылы оқушылардың деңгейін анықтауға болады.
• Терминді анықтауда кілтті сөздерді белгіле.
• Берілген терминге мазмұны ұқсас терминдерді таңда.
• Берілген терминдерді мазмұны жағынан біріктіретін терминді анықта
Ж. Бүкілсынып оқушыларына мәтін таратылып, мәтіндегі ақпаратты жұпта меңгертіп, тақырып идеясын түсініп, талдау үшін «Мәтіннің пирамидасын» толтырту.
Пирамида толтыру үшін арнайы критерийлер берілген, соған жауап бере отыртып толық, жүйелі орындату.

Т.Оқушылар Мартин Лютердің реформациясы барысында қоғамда орын алған үш өзгерісті кестеде орындайды.
Саяси өзгеріс, экономикалық өзгеріс, әлеуметтік өзгеріс.
Дескрипторлар:
• Терминді анықтауда кілтті сөздерді белгілейді;
• Берілген терминге мазмұны ұқсас терминдерді таңдайды;.
• Берілген терминдерді мазмұны жағынан біріктіретін терминді анықтайды;
• Тақырып идеясын түсініп, талдау үшін «Мәтіннің пираидасын» берілген критерийлер бойынша толтырады;
• Мартин Лютердің реформациясы барысында қоғамда орын алған саяси, экономикалық, әлеуметтік өзгерістерді кестеде орындайды......

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Асқазаныңыз ауырса



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle