Сценарий: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (концерттік бағдарлама)

Сценарий: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (концерттік бағдарлама)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
ҰБТ. Қазақ тілі пәнінен қалай дайындалған дұрыс?

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған концерттік бағдарлама.

"Достық" алаңы мерекеге сай безендірілген. Сахна үстінде «______» фольклорлық ансамблі (жүргізушілер, салтанатты кештің құрметті қонақтары).


Алаң ортасында би ансамблдері жетекшілерімен сап түзеп тұрады.


(Музыка ойналады. Шашу шашылады).


1- жүргізуші: Қайырлы күн, қасиетті ел, Жерұйығы _____ жайсандары.

2-жүргізуші: Армысыздар, Ұлыстың ұлы күнін тойлауға жиналған барша ағайын.

1-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі халқымыздың ежелден желісі үзілмей келе жатқан дәстүрлері мен әдет–ғұрыптары, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі болып саналып келеді.


2-жүргізуші: Қазақ халқы маусымдық мерекелерге бай халық. Ол мерекелерді атап өтсек: Жыл басы тойы – Наурыз, Жаз тойы – Қымыз мұрындық, Күз мейрамы – Мизам, Қыс тойы – соғым. Сондай-ақ, бие бау, тулақ шашар, шашыратқы, сірге тағар, сірге жияр, қоныс тойы, күйек байлау, күйек шешу сияқты қазақ халқының көнеден келе жатырған дәстүрлі мерекелері де бар.

1 жүргізуші: Біз дәл осы жерде 29 желтоқсан күні жаңа жылдың бастауы - шыршамыздың ашылу салтанатына жиналған болатынбыз.

Ал бүгін қадірлі жамағат! Жыл басы көрісу айттан басталып, «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» ұлттық мерекеміздің ашылу салтанатында бас қосып отырмыз.

2-жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының ашылу рәсімі жылма жыл жалғасын тауып келеді. Мейрамның ашылу салтанатын құттықтау үшін сөз ауыл әкімі __________ беріледі.

1-жүргізуші: Үш жүз алпыс бес баласы
Он екі ауыл шамасы,
Отыз ор дуадақ,
Бес балақ сан,
Елу екі қарақшы,
– деп халық жұмбағында айтылғандай қазақтар бір жылды әрқайсысы отыз күннен тұратын он екі айға бөлген. Жыл соңындағы санатқа кірмей қалған бесінші күн "Бес қонақ" деп аталған екен.


1-жүргізуші: Малдар төлдеп қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты
Молшылаққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан – демекші, көшпелілер де жыл басын Наурыздан бастаған екен.

Ендеше сахнаға "Аластау" рәсімін жасау үшін "______" әжелер клубын шақырамыз.

2-жүргізуші: Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы – жыр – аңыз.

Қазақтар Ұлыс күнін "Жыл басы" деп санайды. Тілімізде Наурызға қатысты "Жер бетінде жақсылық ұялаған күн", "Ұлыстың ұлы күні - Ұлыс күн", "Ұзақ ұшып келген күн", "Жыл басы – жылқышы торғай келген күн", "Көк құт көзін ашқан күн", "Жылдың жерге түскен күні" - деп бет қойып, айдар таққан.

1-жүргізуші: "Жер ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн, Самарқанның көк тасы еріген күн" деп халықымыз бұл мерекені ерекше қастер тұтқан.

Сценарий: 22 Наурыз - Наурыз мейрамы (концерттік бағдарлама)

Ендеше бәріміз ұлыстың ұлы күніне орай көктем аруларымен бірге келе жатқан, халқына ақ батасын жолдар Қыдыр атаны қарсы алайық! Ұлыстың ұлы күні Қыдыр атамыз еңбек жане соғыс ардагері ________ атамыздың шаңырағында, аудандық орталық ауруханада және биылғы жылы отау тіккен жас жұбайлардың шаңырағында болып келе жатқанын қатерлеріңізге береміз.

Қыдыр ата халыққа бата береді:

Құтты болсын Жаңа жыл!
Басталды бүгін мереке.
Жана жылда тілейміз,
Халқымызға молшылық.
Жеріміз биыл көркейіп,
Болсын дейік молшылық.
Бақыт қонып еліме,
Жауын жауып жеріме,
Аулақ болсын қуаншылық.
Бәле-жала алыстап,
Қауіп-қатер қалыс қап,
Ортақ дінде бас қосып,
Барша ұлттың баласы,
Көтерілсін қарыштап.
Әумин!

Сонымен бірге Аудандық мәдени демалыс орталығының _______ клубының мүшелері ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, шашу шашады.

2- жүргізуші: Домбырам, қасиеттісің сен не деген.
Үнің шықса халық қазақ елеңдеген.
Сан ғасырды түсіресін сен есіме.
Қыл құйрықтың тұяғы дүбірлеген, - демекші _________ өңірінде небір дауылпаз, дарабоз күйшілер өткені баршаға аян.

Олай болса «__________» фольклорлық ансамблінің мерекелік сазды сәлемін қабыл алыңыздар.

1. Сейтектің күйі «Тойбастар».

2. Халық әні «Көш қызығы». Орындайтын: _____

3. Құрманғазының күйі «Балбырауын».

1-жүргізуші: Қадірлі Алаш жұрты! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз. Мемлекетіміз –тұғырлы. Тәуелсіздігіміз – ғұмырлы болсын!

2-жүргізуші: Әз Наурыз әр шаңыраққа құт береке ырыс әкелсін!

Сурет: kazteleradio.kz
Дайындаған: Шерхан Талап
дереккөз

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат деген жұмбақ сезім



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!

00


Комментарии для сайта Cackle