Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну (3 сынып, I тоқсан)

 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну (3 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат» ортақ тақырып
Сабақ тақырыбы: 3.3. Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу
3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңді мәнерлеп және қажетті ақпаратты теріп оқиды, шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады.
Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтауда өзіндік ойын түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшелігі туралы білетін білімін пайдалана алады.
Сабақ барысы:
Сабақтың басы
Сабақ басында: Ширату: «Суретті жұмбақ» әдісі арқылы оқылатын өлеңнің мазмұнын анықтау. Оқушылар екі топқа бөлінеді, топтар сурет бойынша өз ойларын ортаға салады. (Екі топ өз ойларынан қорытынды шығарады, табиғат туралы туралы өлең оқитындарын айтып түсіндіреді)
Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
өлеңді мәнерлеп және қажетті ақпаратты теріп оқиды, мұғалімнің көмегімен өлең мазұнын видеофильм нұсқасымен салыстыра алады. үшін сұрақтар құрастырады және жауап береді.
Сабақтың ортасы
Оқиық. (Ө,Т) Әдібай Табылдының «Қоршаған табиғат тамаша» өлеңі оқылады.
1. Өлең шумағын мәнерлеп оқы
2. Өлеңнің мазмұнына назар аудар
3. Маңызды тұстарын анықта
4. Сұрақтарға жауап береді.
 Қоршаған табиғат тамаша дегенді қалай түсінесің?
 Автор неге табиғатты қорғаңдар деп тұр?
 Табиғатты қорғау кімдердің жұмысы?
 Табиғатты қорғау үшін не істей аласың?
 Жанды табиғатқа не жатады?
Қ/Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.
Зерттейік (Т,Ж).«Ролдегі оқушылар» әдісі бойынша төрт топ жұмыс жасайды.
1. Баяндаушылар оқулықтағы өлеңді оқып баяндайды.
2. Сұрақ қоюшылар ашық сұрақтар қарастырады.
3. Дәнекерлеушілер өмірмен байланыстырады.
4. Із кесушілер қызықты мәліметтерді табады.
Қ/Б: «Бас бармақ» әдісі. Бас бармақтарын көрсету арқылы түсіндіргенді олардың ұғу деңгейі тексеріледі.
Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.
Бейнелейік. «Қоршаған табиғат тамаша» өлеңінің шумақтары бойынша суреттер салады. Топтар өзара өлең шумақтарын бөліп алып, суреттерді салады.
1-шумақ «Тал бүр жарып, астық өскен дала»
2-шумақ «Аңдар мен құстар»
3-шумақ «Орман, тоғай»
Салынған суреттерді «Галереяда ой шарлау» әдісі арқылы қортындылап, бағаланады.
Қ/Б.: «Ауызша кері байланыс» «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы. Өлеңді түсініп оқы. Өлеңнің мазмұны бойынша сурет сал.
Күзде
Аспайды да саспайды,
Дайындалып болсын деп.
Күн суыта бастайды,
Малға пішен орсын деп.
Кең аспанды бұлт қаптап.
Қыс жақынын сездірер.
Жаздай жүрген тұрақтап,
Көкөкті де бездірер.
Балаларды қара, әні,
Жүрегі алып -ұшады,
Мектебіне барады,
Гүлге толып құшағы......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 873



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады