Жердегі климаттық өзгерістер (7 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

 Жердегі климаттық өзгерістер (7 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Жердегі климаттық өзгерістер.
Сабақтың тақырыбы: Жердегі климаттық өзгерістер
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) А2. Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті
8.А2. Кеңес беру, ұсыныс жасау, талап ету, бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу
Сабақтың мақсаты:
1.Топ бірігіп жұмыс істейді;
2.Кемінде 5 ұсыныс жасайды;
3.Дәлелдер келтіреді.
Сабақ барысы: Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу.
Қызығушылықты ояту.
• Жел дауылды шақырады,
Бұлт жауынды шақырады.
• Жауынмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Мағынаны таңу. Ой шақыру.
Сыз – дымқыл жер.
ықтасын – қорғалатын жер
ызғар – қатты салқын
тобылғы – ағаш түрі
бүршік – жапырақ шығатын бастауы
көк шығады – шөп пайда болады.
А+ үш тілге аударады.
В+ құрмалас сөйлем құрастырады.
С+ жай сөйлем құрастырады.
Сөздерді жасыру.
1- қорғалатын жер
2- жапырақ шығатын бастауы
3- қатты салқын
тапсырма. Жұпқа бөлу.
Оқушыларға А мәтіні және Ә мәтіні таратылады. Бос орынға қажет сөздерді толтырады. «CLIL» әдісі.
Халықтық болжамдар
«А» мәтіні. Халқымыз жылдың әр айы мен тоқсанында болатын ауа райындағы, табиғаттағы өзгерістер мен құбылыстарды алдын-ала болжап, оған ат қойған.
Наурыз айының соңына қарай жылы жақтан құстар ұшып келе бастағанында қар аралас жаңбыр, суық жел тұрып, ауа райы бұзылады. Оны халық «құс қанаты» дейді.
Мамыр айының соңына қарай бірнеше күн суық жел соғады. Осы мезгілдегі ызғар – «құралайдың салқыны»,- деп аталады.
Алғашқы қар түсе құстар жылы жаққа қайтады. Соған байланысты «қарашаның қайтуы» деп аталады.
Сәуірдің соңғы күндеріндегі 2-3 күн болатын суық желді «тобылғы жарған» деп атайды. Халық осы күннен бастап тобылғы бүршік жарады, өсімдіктер тамыр жаяды, алғашқы көк шығады деп ойлайды
«Ә» мәтіні. Халқымыз жылдың әр айы мен тоқсанында болатын ауа райындағы, табиғаттағы өзгерістер мен құбылыстарды алдын-ала болжап, оған ат қойған.
Наурыз айының соңына қарай жылы жақтан құстар ұшып келе бастағанында қар аралас жаңбыр, суық жел тұрып, ауа райы бұзылады. Оны халық «құс қанаты» дейді.
Мамыр айының соңына қарай бірнеше күн суық жел соғады. Осы мезгілдегі ызғар – «құралайдың салқыны»,- деп аталады.
Алғашқы қар түсе құстар жылы жаққа қайтады. Соған байланысты «қарашаның қайтуы» деп аталады.
Сәуірдің соңғы күндеріндегі 2-3 күн болатын суық желді «тобылғы жарған» деп атайды. Халық осы күннен бастап тобылғы бүршік жарады, өсімдіктер тамыр жаяды, алғашқы көк шығады деп ойлайды.
Оқушыларды 2-топқа бөлу. Орындықтың артына мұғалім стикерді жабыстырып қояды.
Тапсырма.
1-топ. «Төрт сөйлем» әдісі арқылы негізгі ойды анықтайды:
1.Пікір.
2.Дәлел.
3.Мысал.
4.Қорытынды.
2-топ.
Мәтінге байланысты тағы кем дегенде өз ұсыныстарын жасайды.
Талқылау.
Топтық бағалау...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 784



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді