Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үлестірмелі материалдар жасау (2-сабақ) (2 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үлестірмелі материалдар жасау (2-сабақ) (2 сынып, II тоқсан )



Пән: Қазақ тілі (Т2)
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған өлкем
Сабақ тақырыбы:Үлестірмелі материалдар жасау (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.5.1.5 мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсіну және сақтау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсінеді және сақтайды.
Көптеген оқушылар: үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсінеді және сақтайды.
Кейбір оқушылар: жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсінеді және сақтайды.
Сабақ барысы: (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Кім жылдам?» Оқушылар сөздерді тыңдай отырып, жылдам сын есіммен тіркестіріп айтулары керек. Дұрыс әрі көп сөз тіркесін айтқан оқушы жеңімпаз болады.
Тау, өзен, дала, көл, табиғат, орман, ағаш, жануар, құс, гүл, шөп.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(Ө) «Ішкі, сыртқы шеңбер». Оқушылар екі топқа бөлініп, ішкі, сыртқы шеңберде тұрып, Әли мен тиін туралы мәтінді мазмұндайды. Бір-біріне баға береді.
Әлидің үйі орманның қасында. Бір күні ол бөлмесінде кішкентай, қоңыр тиінді көрді. Әли әкесіне барды.
-Әке, менің бөлмемде тиін жүр. Ол қайдан келді?
- Ол орманнан келді.
-Әке, ол менде қалады. Менің досым болады, - деді Әли.
-Жоқ, балам, тиін - орман жануары, ол орманда мекендейді. Орманда жаңғақпен қоректенеді. Ол ормансыз өмір сүре алмайды.
-Түсіндім әке. Мен оны қазір орманға жіберемін.
Әли тиінді орманға апарды. Тиін ағашқа секірді. Ол көңілді.
(Ж) «Сұрақтар мен жауаптар». Оқушылар мәтін бойынша берілген сұрау есімдіктерін қолданып, жұпта сұрақтар құрастырады. Бір-біріне қойып, сұрақтарына жауап береді.
• кім? не?
• қандай?
• қайда?...


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle