Ғибрат Бала тілімен

Ғибрат  Бала тілімен

Әкем кешке үйге шаршап келетін. Мен күні бойы үйде отыра беріп жалығып, оның келуін сабырсыздықпен күтетін едім. Ол есіктен кіруімен-ақ алдынан жүгіріп шығып, құшақтап, онымен ойнағым келетін. Әкем құшақтап, сүйіп: «Қане бөлмеңе бар енді» дейтін. Амал жоғынан басым салбырап бөлмеме беттейтін едім. Әкем артымнан: «Кезінде біздің бөлмеміз де жоқ еді. Мұның барлық нәрсесі бар, тағы не керек түсінбеймін»деп айқайлайтын.
Бір күні, үндеместен жүретін болсам әкеммен жақсы түсінісетінімізді аңғардым. Бұл жолы үндемей істей алатын ойындар ойнай бастадым. Алдымен сурет сала бастадым. Әкем салған суреттерімді ұнатып: «Міне осылай тыныш отырып ойнасаң болады екен ғой!» дейтін. Бұдан бұлай ашуланып, бөлмеме қумайтын болды.
Осы ойлардың ішінде бір күні отбасымыздың суретін салдым. Тамақтан кейін суретімді алып келдім. Әкем қарап тұрып:
– Ммм, өте әдемі шығыпты. Мына кісі мен шығармын?
– Жоқ, ол кісі емес, мына бала сізсіз.
– Жоқ, бұл кісі менмін, анау бала сенсің, ал жанындағы кішкентай қыз сенің құрбың шығар.
– Жоқ, ол кісі менмін, мына бала сізсіз, ал қасыңыздағы мына қыз анам,-дедім. Әкем менімен айтысуды тоқтатып, менен сұрады:
– Ал неге бізді кішкентай бала қылып салдың?- деді. Мен қатты қобалжып, түсіндіруді бастадым:
– Мен өсіп, үлкен кісі болыппын. Бір жұмыс тауып, жұмыс істеуді бастаппын. Сіздер қартайып, көршіміз Марат көке мен Сандуғаш апа сияқты белдеріңіз бүгіліп кішірейіп қалыпсыздар. Сол кезде мен жұмыстан шаршап келемін. Сіз менімен сөйлескіңіз келеді, алайда мен жұмыста миым ашып кеткеннен сізді тыңдамаймын да. Сіз менімен ой бөліскіңіз келгенде:«Қане, бөлмелеріңізге барыңыздар, мен біраз демалайын!» деймін. Және артынша: «Барлық нәрселері бар. Жылы бөлмелері де бар, бұларға тағы не керек түсінбеймін» деп айқайламын.
Мен айтып болғаннан кейін әке-шешемнің көздері ашылды. Естігендеріне сене алмады. Кейін мені қатты құшақтағаны соншалық, бұдан былай ешқашан тоқтамай сөйлей берсем де жалықпай тыңдай беретін сияқты еді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады