Өлең: Мұқағали Мақатаев (Соңғы сағатта)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Соңғы сағатта)

Тәтті өмірдің тамаша қимас күні,
Тоқтата алмас ажалдың уын тыйып!
Соғар соңғы сағаттың аяулы үні,
Көз алдыңа елестер бір тұңғиық.
Жасарымды қанша жыл білмеймін мен,
Түсінем бірақ жалғаннан өтерімді.
Аянышты үн шығып жүрегімнен,
Көз жұмып мәңгі ұйқыға кетерімді. .....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қарт ақынның дегені)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қарт ақынның дегені)

Көбелек деп жүрсің бе отты айналған?
Қуатым бар кеудемде щоқтай жанған.
Кер бестімін кермеде қаңтарылған,
Бәйге болса қалайда шаппай қалман. .....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Майгүлге)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Майгүлге)

Қалақтай едің,
Қабірінде қалақ тұр.
Туғаныңды, өлгеніңді санап құр.
Сенің аңқау құлағыңдай қалқиып,
Қыр басынан қала жаққа қарап тұр.
Қызым менің,
Гүлім менің, .....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Өмір толқыны)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Өмір толқыны)

Жаралып жаңа ішінде ана,
Жай ғана жаттым жансыз бір жалқық.
Жалқықта сәуле кішкентай ғана,
Жүгіріп жүрген бетінде қалқып.
Тірілтті сәуле, бірікті жалқық .....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен - Октябрь)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен - Октябрь)

Тоқтатып болмас,толқыннан туған алыппын,
Жасқанбай болмас,жаралған Күннен жарықпын.
Айырып болмас,достықтан туған халықтың
Еңсесі биік,ерлікпен келген шабытпын.
Шаттанып кетсем, .....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көрмеймін...)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көрмеймін...)

- Көрмеймін! - дейсің,
Көрмесең, мейлің, көрмегін!
Көретін көктен тәңірім емес сен менің.
Көрмедің,
мейлің,
көңлінді маған бөлмегін,
Мен-дағы қарап өлмедім,
Түсіңнен, бәлем, шошытар, .....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жұмбақ)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жұмбақ)

Келісетін мемлекеттер елшісіне ұсаған,
Қабақ бағып, қыл үстінде біз отырмыз - үш адам.
Үшеу ара жоқтан бар қып, бір әңгіме бастаймыз,
Бастаймыз да, жалғай алмай, жібін үзіп тастаймыз. .....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жанарсыз адам келеді)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жанарсыз адам келеді)

Топсасы жұмыр тобылғы томсарып алып келеді,
Толайым мына тірлікті тобылғы таяқ көреді.
Толғанып жүрген бейбаққа,тобылғы таяқ тіл бітсе:
- Алдыңда ор бар, аяулым,бері жүр, бері! -дер еді .....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Шау тартып қалыпсың-ау қайран шабыт!)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Шау тартып қалыпсың-ау қайран шабыт!)

Шау тартып қалыпсың-ау, қайран шабыт!
Жүруші ең кейбір жерде ойран салып,
Жүруші ең кейбір жерде сайран салып,
Шау тартып қалыпсың-ау қайран шабыт! .....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Аппассионата)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Аппассионата)

Бірінші бөлім
Увертюра
Қаланың еңсесін басты да,
Қалғытты боз тұман астына.
Кешең күз. Пешкова пәтері,
Кешең күз. Октябрь. Москва.
Кешқұрым. Қалт еткен тыным бір, .....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Зираттағы жыр)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Зираттағы жыр)

Сәлем бердік,
Бейтаныс жолаушылар!
Жолаушылап, шаршаған боларсыңдар.
Анау қырдың астында менің аулым,
Соғарсыңдар, дем алып, қонарсыңдар.
Менің үйім жылғаның жағасында, .....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қысырақтың үйірі)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қысырақтың үйірі)

-Бағасың! - деді бастығым,
-Бақпаймын! - дедім, бала едім.
Артым бос, айтар тасбуын,
Жоқ-тұғын менің дәлелім.
-Бақтырам! - деді бастығым.
Бағасың! - деді,- жетпегір! .....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жүрегімде жүргені-ай бір қауіптің)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жүрегімде жүргені-ай бір қауіптің)

Жүрегімде жүргені-ай бір қауіптің,
Сабағындай шырмайды шырмауықтың
Үмітпенен, арманмен, күдікпенен,
Өтіп жатыр зымырап зырлауық күн. .....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мүйісте)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мүйісте)

Селк етіп, секем алып қарадың-ау,
Қай таудың киігі едің, қарағым-ау!?
Төбеңде шыр айналып бала қыран,
Мүйісте мергені бар қала мынау.
Сондықтан секем алып қарадың-ау. .....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жүрек неге зат болып жаралмаған?!)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Жүрек неге зат болып жаралмаған?!)

Қарғам менің!
Қарғам менің!
Аласарып барады арман-көгім.
Жалған десе, дүние жалған ба едің?!
Жараланған көңілім дал-дал менің. .....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қасым солай болмаса...)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қасым солай болмаса...)

Дейсіңдер-ау! Қасымның несі басым?!
Қасым солай болмаса, несі Қасым,
«Ақынмын» деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым. .....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сол түні)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сол түні)

Ауады да тұрады, аңсарым-ай!
Әлі сен есімдесің, Аршалы сай.
Сол түні неге мені өлтірмедің?
Сол түні риза едім алса құдай.
Сен куә, Аршалы сай,
Сол түні мен,аққуға тұзақ салын, өлтіріп ем. .....
Читать в полной версии ➜

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Реніш)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Реніш)

Әй, балам-ай!
Шамалы-ау түсінігің,
Қандай болар, білмеймін, кісілігің...
Жаңа ғана қайтқандай жерлеп мені,
Жауар күндей қабағын түсіруін!
Әй, балам-ай, шамалы-ау түсінігің!.. .....
Читать в полной версии ➜