Дене шынықтыру | Жаттығу процессіндегі бастапқы кезеңде волейбол секциясына балаларды іріктеу әдістемелік ерекшеліктері

 Дене шынықтыру  | Жаттығу процессіндегі бастапқы кезеңде волейбол секциясына балаларды іріктеу әдістемелік ерекшеліктері

Мазмұны


1. ЖАТТЫҒУ ПРОЦЕССІНДЕГІ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢДЕ ВОЛЕЙБОЛ СЕКЦИЯСЫНДА БАЛАЛАРДЫ ІРІКТЕУ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.1. Волейбол секциясында сынып оқушыларының дене тәрбиесі.
1.2. Волейбол секциясында балаларды іріктеуде әдістемелік ерекшеліктері.
1.3. Орта сыныпта волейболды оқушылардың дене дамуының ерекшеліктері.
1.4. Жоғарғы сынып оқушыларының дене дамуының ерекшеліктері.
1.5. Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері.

2. ВОЛЕЙБОЛ СЕКЦИЯСЫНДА БАЛАЛАРДЫ ІРІКТЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
2.1. Волейболды үйретудің түрлерінің әдістемелік ерекшеліктері.
2.2. Волейбол секциясында негізгі жаттығуы - секіру.
2.3. Сыныптан тыс дене шынықтыру

3. МЕКТЕПТЕРДЕ ВОЛЕЙБОЛ СЕКЦИЯСЫНДА БАЛАЛАРДЫ ІРІКТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖОСПАРЛАУ.
3.1. Жоспарлау жұмыстарын ұйымдастыруы.
3.2. Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары.
3.3. Мектептің дене тәрбиесі ұжымы.
3.4. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстарын бақылау және есепке алу.

ҚОРЫТЫНДЫ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Оқушылардың қабілеттілігіне байланысты іріктеп алған жөн. Спорттағы іріктеу және екінші іріктеу деген екі кезеңге бөлінеді. Бірінші іріктеу - келешек спортшымен танысу, оны жан -жақты зертеу. Ол мынадай іріктеуден тұрады: 1) Қозғалыс қасиеттерін әр түрлі сынақтар арқылы бағалау. 2) Дене құрлысы ерекшеліктерін көру, бағалау. 3) Психо- физиологиялық тексерулер (сұрақ қою әдісі). 4) Ата-аналарымен танысу. Екінші іріктеу кезеңінде жас спортшының қабілеттілігі және бастапқы мамандану кезіндегі кемшіліктері анықталады. Іріктеу кезінде баланың морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударган жөн (организмнің ңұрлысы және дене мүшелері).
Спорт түрлері адамның морфологиясына әр түрлі талаптар қояды. Мысалы, найза, граната, диск лақтырушылардың ұзын бойлы, ауыр салмақты болуымен бірге, айналу амплитудасы мен ұшу жылдамдығы үшін қолдары да ұзын болуы шарт. Жеңіл атлетикамен айналысушылардың аяқтарының ұзын болуы қажет т.с.с. Физиологиялық ерекшеліктер.
Физиологиялық ерекшеліктер организмнің қозғалысын ғана емес, вегетативтік жүйесінің сипаттамасын да көрсетеді. Жүгіру, шаңғы, коньки спорттарын іріктеу кезінде оттегін барынша керек ету деңгейін арнайы апаратпен тексеру арқылы зерттейді. Ол деңгей нерұрлым жоғары болса, адамның сол спорт түрлерінен мүмкіндіктері көп болады. Жаттықтыру жасау арқылы ол деңгейді тек 20-30 процент көтере алатынын ғалымдарымыз дәлелдеп отыр. Сондықтан спортқа бейім табиғи дарынды балаларды іздеу қажет. Адамның қозғалыс мүмкіндіктері жаттығулар арқылы тексеріледі.
Психологиялық ерекшеліктер. Адамдар нерв жүйелеріне байланысты мықты және әлсіз психологиялық спортшылар деп бөлінеді. Күрделі жағдайларда жүйке жүйелері мықты спортшылар, ал бір қалыпты, ұзақ жұмысты керек ететін спорт түрлерінде әлсіз жүйке спортшылар көп жетістіктерге жететіні дәлелденген. Жүйке жүйелерінің күштері қозу процесінің ұзақ сақталуына (яғни ңозуды орталық жүйке жүйесінде ұзақ сақтай алу мүмкіншілігі), қозу және тежелу процестерінің теңдігіне байланысты.
Жүйке жүйесі әлсіз спортшыларда қозу процесі тежелу процесінен көбірек болгандықтан олар тез шаршайды. Бірақ, кейбір спорт түрлерінің өз типологиялық ерекшеліктері болады. Мысалы, спринтерлердің жүйкесі әлсіз, жүйке қозғалыстары кезінде қозу, тежелу лроцесінен көбірек болып келеді. Жүйке жүйесі әлсіз адам боксте, семсерлесуде т.б. осыларға ұқсас спорт түрлерінде жоғары жетістіктерге жете алады. Жүйке жүйесінің осы ерекшеліктері туа бітер қасиет, олжатықтыру кездерінде көп өзгере қоймайды, сондықтан спортқа іріктеуде осы психологиялық ерекшеліктерге көңіл аударған жөн.
Оқушылар спортқа жан-тәнімен берілу қажет. Егер оқушы спорт түрін жақсы таңдай білсе және онымен бар ыңыласымен айналысса, онда ол сөзсіз жоғарғы керсеткіштерге қол жеткізеді.
Жаттығушылардың спорт секцияларында тұрақтамауы, оқу тәрбие жұмысына кері әсерін тигізеді. Сондықтан оқушылардың спорт түрін таңдауына дене тәрбиесі мұғалімі мен жаттықтырушысы бағыт сілтеп отыруы, бірге жұмыс істеуі қажет. Спорттағы багдарлау және іріктеу кезінде спорт түрінің талаптарына, баланың өз басының ерекшеліктеріне, қабілеттілігіне кеңіл аударған жен.
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т.б. Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.
Волейбол (volleyball, volley — «қалқып ұру», ball — «доп») - ойын спорты. 1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми күні 1985 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей: Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс. Алаң аумағы: 25х50 фут (7,6х15,1 метр). Себеттің көлемі 2х27 фут (0,61х8,2 метр). Биіктігі: 6,5 фут (198 сантиметр). Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы - 340 грамм.
Ежелгі Рим жылнамаларында да б.э. д III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таймға созылған. Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган.
Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы «минтонет» ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді.
Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед «минтонетті» «волейбол» атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады.
1. ЖАТТЫҒУ ПРОЦЕССІНДЕГІ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢДЕ ВОЛЕЙБОЛ СЕКЦИЯСЫНДА БАЛАЛАРДЫ ІРІКТЕУ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

1.1. Волейбол секциясында сынып оқушыларының дене тәрбиесі.

1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды.
1900 жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ-тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Ойынға алғашында Канада, кейін Үндістан және Азия елдерін қызығушылық танытқан. 1905 жылы Куба, 1906 жылы Қытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды. 1909 жылдан бастап Пуэрто-Рикода бұқаралық ақпарат құралдырында волейбол матчынан репортаждар беріледі бастады. Мысалы, 1910 жылы Перу мен Филиппинде, 1912 жылы Уругуайда, 1914 жылы Англияда, 1917 жылы Мексика мен Францияда, 1918 жылы Италияда, 1919 жылы Чехословакияда, 1923 жылы Африка құрлығындағы Мысыр, Тунис, Марокко, ал 1924 жылы Испания мен Огославияда, 1925 жылы Голландияда Жастар Христиан Қауымдастығының бастамасымен арнайы командалар пайда болды.
1900 жылы Американың «Spalding» фирмасы алғашқы волейболдық доп жасап шығарды. Бүгінде ресми жарыстарда допты дайындауды жапондық «Mikasa» корпорациясы мен ағылшындық «Molten» «Wilson» фирмасы жауапкершілікке алып отыр. 1900 жылы ойынның алғашқы ресми 12 ережесі қарастырылған. Оның ресми регламенті 20 жылдары қолданысқа енді. Сол кезде биресми халықаралық турнирлер өтіп тұрған болатын. 1913 жылы 16 ерлер командасымен Азия ойындары өтті. Оған Қытай мен Филиппин қатысты.
Қабілеттілік – баланың өзі таңдап алған спорт түрінің қимыл - әрекеттерін тез және нәтижелі меңгере алуы және сол әрекеттердің оған ұнауы.
Спорттағы дарындылық дегеніміз– бала қабілеттілігінің, оның анатомиялық физиологиялық ерекшеліктерімен үйлесуі. Сол арқылы спорт әрекеттерінің нәтижелі орындалуы.
Адамның қызығушылығын, ұмтылысын, спорт түрімен шұғылданудан қанағаттануын ескеретін сол спорт түріне бағыттау шараларын Спорттағы бағдарлау дейміз. Оны бірнеше түрге бөлуге болады. Үгіт, насихат, спорт түрлерінен мағлұматтар беру. Мектепте сабақ кезінде мүғалімнің баяндаулары, спорт туралы қабырға газеттері, стендтері, көрмелер, радио, теледидардан берілетін хабарлар, әдеби кітаптар оқу, спорт жастарын көру т.б. Спорт туралы кеңес, әңгіме. Мектептің дене төрбиесі пәнінің мұгалімі оқушымен ол жақсы түрі туралы әңгімелеседі, сұрақтарына жауап береді. Сөйтіп олардың спорт түрлеріне қабілеттілігін аныңтайды.
Тұқым қуалаушылык, факторлары. Қазіргі кезде осы факторларға ерекше назар аударылып отыр. Адам организмінің құрлысы, салмағы ата-анадан балага тұқым қуалау арқылы берілетін дәлелденген. Ата-ана мен баланың қозғалыс қабілеттілігішд арасында байланыс бар екені белгілі (мысалы, қысқа қашықтыққа жүгіру, ұзындыққа секіру т.б.). атақты спортшылар балаларының жоғары спорттық көрсеткіштерге жетуге мүмкіндігі әлде қайда көп. Спорт түрінің себептері. Ұл балаларда спорт арқылы дене қасиетін дамытуға, өзіне сенімділікке, мықты, күшті болуға ұмтылушылық байқалады. Қыз балалар әдемі қимыл мен мүсін сұлулығын жасауга ұмтылады. Балалардың спорт түрін таңдауына жалпылама үгіт, насихат көп әсер етеді. Сонымен қатар ата-аналары да баласының қай спортқа бейім екендігін байқап сол спорт түріне жазылуға ақыл-кеңестерін бергені жөн.
Жаттығушылар іріктеу мен бағдарлау кезінде көптеген және әр түрлі амалдар қолданады:
1. Жарыс. Бұл амал ресми және әр түрлі бәсеке түрінде өткізіледі.
2. Жаттықтыру. Спортшының қаблеттілігін жаттықтыру сабақтары кезінде бағалау.
3.Бақылау сынақтары. Жатықтыру кезінде қолданылатын негізгі жаттығу түрлерінен сынақтар алу.
4. Адам организмін зерттеу. Баланың қабілеттілігін әр түрлі аппараттар арқылы тексеру.
Спорттық жаттықтыру дегеніміз қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыруга арнайы білім беруде дене қуатын, психологиясын дамыту барысында жоғары спорттық көрсеткіштерге жетуге бағытталған дене тәрбиесінің арнайы педагогикалық үйрету және тәрбиелеу процесі. Спорттық жаттықтырудың өсерін, нәтижесін, спортшы дайындығының деңгейін анықтаганда «дайындалғандық», «жаттыққандық» және «спорттық қалып» деген ұғымдар қолданылады.
«Жаттыққандық» жүйелі дене тәрбиесі жаттығулармен айналу арқылы спортшының жұмыс қабілеттілігін арттыру және берілген жаттықтырудың күш түсіруіндегі организмнің биологиялық қалыптасу деңгейі.
«Дайындалғандық» спортшының дене қуаты қасиеттерінің, техникалдық шеберлігінің, тактикалық және психологиялық дайындықтары арқылы жоғары көрсеткіштерге жетуі. «Дайындалғандық» термині осы аталған дайындық жақтарының кезкелгеніне жеке де арналуы мүмкін.
«Спорттық қальш» спортшының белгілі бір циклдегі спорттық жоғары нәтижелер көрсетуге дайын көзі.
Дене тәрбиесі жүйесінің арнайы бөлімі болгандықтан спорт жаттықтыруларында дене тәрбиесі амалдары қолданылады. Ол амалдардың көлемі мен құрамы спорттық жаттықтыру міндеттеріне байланысты болады.
Дене тәрбиесі жаттықтырушылар негізгі амалдары үш топқа бөлінеді: жарыстық жаттығулар: арнайы дайындық жаттығулары: жалпы дайындық жаттығулары.
Жарыс кезінде орындалатын негізгі жаттығуларды жарыс жаттығулары дейміз. Барлық жарыс жаттығулары ережесіне сәйкес керек.
Арнайы дайындық жаттығулары спортшыларды жарыс жаттығуларына дайындау үшін ңолданылады. Ол 5 топқа бөлінеді:
1. Жақындататын жаттығулар – негізгі жаттығуларды игеруді жеңілдететін қимыл-әрекеттер.
2. Дайындық жаттығулары – негізгі жаттығуларды меңгеруге қажет дене қуаты қасиеттерін (күш, жылдамдық, төзімділік т.б.) дамытатын жаттығулар.
3. Жарыс жаттығуларының бір бөлшегі түрінде орындалатын жаттығулар (гимнастардың орындайтын - көлемді жаттығуларының бөлшектері, жүгіргіштердің жүгіру қашықтықтараның бөлімдері.
4. Бейнелеу жаттығулары – жарыс жаттығулары кеңістікке бейнелеу түрінде орындалатын жаттығулар (конькимен жүгірушінің дөңгелекті конькимен жүгіру т.б.).
5. Басқа спорт түрлерінің жаттығулары (акробатикадағы сальто жасауды суға секірушінің қолдануы).
Жалпы дайындық жаттығулары спорт жаттығуларына көп ұқсамайды, спортшының қимыл - қозғалыс қорын көбейтуге, жалпы жаттаққандығын күшейтуге арналады.
Дайындық кездеріне байланысты жалпы дайындық және арнайы дайындық жаттығуларының көлемі өзгеріп отырады.
Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да біздің заманға дейін III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таимға созылған.
Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган.
Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы "минтонет" ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді.
Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед "минтонетті" "волейбол" атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды.
1900 жылы волейбол танымалдығы жағынан АҚШ-тың шеңберінен шығып, әлемнің өзге елдеріне таныла бастады. Ойынға алғашында Канада, кейін Үндістан және Азия елдерін қызығушылық танытқан. 1905 жылы Куба, 1906 жылы Қытай, 1908 жылы Жапонияда волейбол құрамалары құрылды. 1909 жылдан бастап Пуэрто-Рикода бұқаралық ақпарат құралдырында волейбол матчынан репортаждар беріледі бастады. Мысалы, 1910 жылы Перу мен Филиппинде, 1912 жылы Уругвай да, 1914 жылы Англияда, 1917 жылы Мексика мен Францияда, 1918 жылы Италияда, 1919 жылы Чехословакияда, 1923 жылы Африка құрлығындағы Мысыр, Тунис, Марокко, ал 1924 жылы Испания мен Огославияда, 1925 жылы Голландияда Жастар Христиан Қауымдастығының бастамасымен арнайы командалар пайда болды.
1900 жылы Американың «Spalding» фирмасы алғашқы волейболдық доп жасап шығарды. Бүгінде ресми жарыстарда допты дайындауды жапондық "Mikasa" корпорациясы мен ағылшындық "Molten" "Wilson" фирмасы жауапкершілікке алып отыр. 1900 жылы ойынның алғашқы ресми 12 ережесі қарастырылған. Оның ресми регламенті 20 жылдары қолданысқа енді. Сол кезде биресми халықаралық турнирлер өтіп тұрған болатын. 1913 жылы 16 ерлер командасымен Азия ойындары өтті. Оған Қытай мен Филиппин қатысты.
1913 жылы Манилда Қиыр Шығыс елдерінің ойын бағдарламаларына волейбол енгізілді. І-дүниежүзілік соғысқа дейін американдық әскерилер волейболды уақытты тиімді өткізудің бір әдісі ретінде ойнаған.
1921 жылы Қиыр Шығыста өткен чемпионат Азия мен Жапонияда ерлер командалары арасында өткен алғашқы жоғары дәрежеде көрсетілді.
Ал, 1922 жылы Канада мен АҚШ-та Христиан Жастар Қауымдастығы жетекшілерінің қолдауымен волейболдан алғашқы ойын өткізілді.
Осы жылы Чехословакияда ерлер құрамасы арасында ұлттық чемпионат ұйымдастырылды. 1929 жылы Орталық Америкадағы олимпиадалық ұлттық комитет ерлер волейбол құрамасын Кубада өтетін олимпиадалық аймақтық ойындар тізіміне қосты. Осы жылы АҚШ пен Польшада алғашқы ұлттық чемпионат өтті. Сонымен қатар біріншілік ойындары Еуропада, нақтырақ айтсақ, Англия, АҚШ, Франция мен Польша командалары өзара бәсекелесті.
Бірте-бірте волейбол халықаралық дәрежеге жетті. 1922 жылы АҚШ-та волейболды олимпиада ойындарына қосу туралы ұсыныс жасалды.
1932 жылы әйелдерден құралған волейбол командасы Сальвадорда өткен аймақтық олимпиада жарысында өнер көрсетті.
Ал, 1936 жылы Стокгольмда гандболдан халықаралық федерация мен Польша өкілдігі волейболды гандболдың бір түрі ретінде санау керектігі туралы бастама көтерген. Сол кезде Еуропадан 13, Америка елдерінен 5 және Азия мемлекеттерінен 4 елден арнайы комиссия құрылды.
1936 жылы волейболдан халықаралық федерацияның қолдауымен жарыстар өткізіліп тұрды. Алайда, Берлинде өтуі тиіс олимпидалық ойын екінші дүниежүзілік соғыс салдарынан үзіліс жасады. Әскери іс-қимыл аяқталған кезде, 1944 пен 1946 жылдары волейболдан әлем чемпионаты Бразилияда өткізілді.
1947 жылдың 18 мен 20 сәуір аралығында Парижде 14 елдің қатысуымен (Белгия, Бразилия, Мажарстан, Голландия, Мысыр, Италия, Польша, Португалия, Румыния, АҚШ, Уругуай, Франция, Чехословакия және Югославия) Federation Internationale de Volleyball (FIVB - ФИВБ) Халықаралық волейбол федерациясы құрылды. Бұл волейболдың халықаралық деңгейде беделін арттыруға көп септігін тигізді.
80 жылдары ФИВБ-ға мүше болған елдер қатарын 156-ға өсті. 1984 жылы жаттықтыру курсының 100 жылдық мерейтойы.
Қазақстанда алғашқы жарыс 1926 жылы Қызылордада ұйымдастырылды. Қазақстан волейболы 20 ғасырдың 60-жылдары жақсы дамыған. Ол спорт шебері, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Октябрь Жарылғаповтың есіміне тікелей байланысты. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді