Тарих | Оғыз мемлекеті

Тарих | Оғыз мемлекеті

Оғыздар мемлекеті құрамындағы тайпалар

Оғыздар мемлекеті, құрамындағы тайпалар.

Мемлекеттің саяси ролі.

Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты.

Оғыздардың ата-бабаларының әуелгі қоныстанған жер-лері Ыстыккөлдің маңы. Қазіргі кезде оның жағасында "9 оғыз" деп аталатын демалыс үйі бар. Батыс түрік және Түргеш қағанаттары құлап, қарлүқтардың шабуылынан кейін Оғыздар IX ғасырда Сырдария бойына келіп орнала-сады, бірақ ондағы кангар-печенег бірлестігімен үзақ уақыт соғысуға тура келеді. Кангар - печенегтер мен соғыста оғыз-дар осы өңірдегі бұрыннан тұратын халықтармен одақ құрады. Оның құрамына Оңтүстік және Батыс Қазақстанның байырғы тұрғындары, Сырдария аңғарындағы, Арал маңын-дағы және Каспийдің солтүстігіндегі басқа дала тайпаларының біразы кірді. Сондай-ақ, оған Жетісу мен Сібірдің жартылай көшпелі және көшпелі рулары мен тайпалары енді. Бүл одаққа енген тайпалар Қазақстанның далалы ай-мақтары мен өзендерінің жағасында, көлдердің маңында көшіп-қонып жүрді.

Истахри жазып қалдырған "Китаб месалик әл-мемалик" кітабының дерегі бойынша, Оғыз елі хазаралар мен қимақтар арасындағы жерлерді қамтып, Қарлүқ пен Бүлғар және мүсылман елдері Джурджана, Фараб, сондай-ақ, Исфиджабпен шектесіп жатқан. Махмүд Қашғари Оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін және әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады.

IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең жерлерді мекендейді. Оғыздардың қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында, Сырдарияның Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегіне дейін жеткен. Олар Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойында, Арал өңірі мен шығыс Каспий аймағында шоғырланып қоныс тепті. Оғыздар жер иелігі отырықшы Хорезммен, Моуеренахрмен және Хорасанмен шектесіп жатқан. X ғасырда сонау Хазарияға дейін созылып жататын үлан дала, сол сияқты Солтүстік Каспийдің қүла түзі, оңтүстік-
шығыс Қарақұм шөлі мен Арал аймағының Қызылқұмы Оғыз сахарасы деп аталған. Оғыздардың түрік тайпалары қарлүқтармен, тоғыз оғыздармен, қимақтармен жүргізген соғыстары жөніндегі мәлімет тарихи деректерде сақталмаған.

Оғыздар мемлекетінің саяси рөлі

X ғасырда Оғыз мемлекетіиің астанасы - Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Ол Қимак да-ласы арқылы Сарысу, Есіл және Нүра бойларына баратын сауда жолының үстінде орналасқан, сондықтан Сығнақ пен Оңтүстік Оралға баратыи керуен жолдары осы қаланың үстінен өткен. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік тұрмысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. "Жабғы" атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің бас-шысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарла-рын Кел-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер орны мұрагерге беріліп отырған. Оғыз хандарын сайлау кеңестерде еткізілген, бұл әлгі әскери демократия дәуіріндегі халық жиналыстарының өзгертілген түрі тәрізді. Жабғудың «инал» деген атағы бар өз мұрагерлері болған. Жас кезінде оларды тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар (атабектер) тағайындалған. Оғыз жабғыларының әйелдері сарай маңындағы өмірде айтарлықтай рөл атқарған. Оларға «қатын» деген атақ берілген. Сарайда әскери кеңеске сүйенетін оғыз әскерінің бастығы (Сюбашы) маңызды орын алған. Әскер басылары елдегі саяси оқиғаларға араласып, кейде тіпті жабғуға да қарсы шығып отырған.

965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святослав пен одақтасып хазарларды талқандады. Киев русьтары өздеріне бәсекелес хазарлардың жеңілгеніне қуанса, оғыз шонжарлары Дон және Қара теңіз жағасындағы тамаша жайылымға ие болды. Хазар қағанатының талқандалуы Оғыз мемлекетінің саяси қуатының өсуіне себепші болды.

985 жылы оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Еділ Булғариясын күйрете жеңді. Оғыздар Еділ бойынан, Маңғыстаудан /оғыздар Манкишлак деп атаған үстірттен/ өтіп, Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды сауда және әскери стратегиялық жолдарды басып алғысы келді, бірақ оған қол жеткізе алмады.

Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік даму жағынан ертедегі феодалдық мемлекет болды. Онда әскери-демократиялық құрылыстың жалғасы ретінде ел билеу институттары сақталды. Ал жабғудың билігін ірі әскери тайпалық ақсүйектердің кеңесі шектеп отырды.

ІХ-Х ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпалық институттардың тез ыдырауы жағдайында патриархаттық-феодалдық қатынастар дамыды. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз елінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі орын алды, бұл - мемлекетте тұрақты басқару аппаратының қүрылғанын көрсетеді. Жабғынын салық жинаушылары мың адамға дейін жететін арнаулы отрядтардан құрылды.

Оғыздар қоғамында феодалдық жекеменшік түрі қалыптасып дамыды, Сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған. Бай ақсүйектермен бірге қауымның қатардағы мүшелері: кедейлер мен кұлдар бұқарасы тіршілік еткен.

Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:

1. Оғыздардың пайда болуынының маңызы.

2. Оғыз тайпаларының ерекшеліктері



Ұсынылған әдебиеттер:

1. Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.

2. Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.

3. Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.

4. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.

5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?