Білімдіден шыққан сөз - Абай Құнанбайұлы

Білімдіден шыққан сөз - Абай Құнанбайұлы

Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.

Жүрегі - айна, көңілі - ояу,
Сөз тыңдамас ол баяу.
Өз өнері тұр таяу,
Ұқпасын ба сөзді тез?

Әбілет басқан елерме,
Сөзге жуық келер ме?
Түзу сөзге сенер ме,
Түзелмесін білген ез?

«Айтшы айтшылап» жалынар,
Ұққыш жансып шабынар.
Ұқпай жатып жалығар,
Ұйқылы-ояу бойкүйез.

Жас баладай жеңісқой,
Байлаулы емес ақыл, ой.
Ойлағаны - айт пен той,
Ыржың-қылжаң ит мінез.

Сұлу қыз бен я батыр
Болмаған соң , тәңірі алғыр,
Шығып кетер, я қалғыр,
Оған ақыл - арам без.

Жақсыға айтсаң, жаны еріп,
Ұғар көңіл шын беріп,
Дертті ішіне ем көріп,
Неге алтынды десін жез.

«Ой, тәңір айшыл» кер есек,
Қулық, сұмдық не өсек
Болмаған соң, бір есеп -
Мейлі қамқа, мейлі бөз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 4
  1. Райгуль Ахметзакиева
    1 + 0 -
    Абайдың бұл өлеңі басқа әнмен айтылған. Менің шешем 77 жаста, сол анамнан естігем. Әрине, Жорабаеваның орындауында да жаман емес.
  2. Аяжан.Сейткали
    Аяжан.Сейткали 28.02.2015 07:03
    1 + 0 -
    Керемет!
    1. Айжақсы
      Айжақсы 27.11.2020 16:15
      1 + 0 -
      Өлеңде әріп қатесі көп...
      1. ZHARAR 27.11.2020 18:43
        0 + 1 -
        жөнделді