Қаһарман қыз - Хиуаз Доспанова

Қаһармандығы тарихта белгілі болғанымен, дүйім жұртқа көп таныс емес қазақтың батыр қыздарының бірі Хиуаз Қайырқызы Доспанова. Ол 1922 жылы Орал қаласында дүниеге келген.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі.
Хиуаз Астрахандағы балық кәсіпшілігімен айналысқан жұмысшы отбасынан шыққан. Ол кісінің кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші болғанының өзі өмірінің естен кетпес бір сәті іспеттес. Есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр қыздарының мінездерінде де ұқсастық бар. Алғырлық, қайсарлық, адалдық. Екеуіне ортақ қасиет.
Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Сонымен алған бетінен қайтпайтын пысық қыз 1940 жылы мектепті үздік бітіргенде запастағы ұшқыш деген куәлік те алып шығады. Сөйтіп Мәскеуге жол тартып, Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болады. Бірақ ол «жастарға қайда барса жол ашық» деген ұран жұрттың бәріне бірдей емес екенін болжай алмапты. Қазақ даласынан келген қара торы қызға мұндай оқу орнының есігі жабық екен. Сонда, тұңғыш рет маңдайы тасқа тиген жас қатты налиды. Бірақ налыса да жасымаған Хиуаз Мәскеудің 1-ші медициналық институтына оқуға түседі. Бұл жерде де алғыр қыз құрбыларының алды болып жүреді. Сабақты жақсы оқуымен қатар ол спорттық гимнастикамен де айналысып, әрі қоғам жұмысының белсендісі болады.
Сөйтіп жүргенде бір жыл өте шығып, жазғы сессия күндері басталады. Каникулға енді-енді шығайын деп тұрған күндерінің бірінде соғыс өрті бұрқ ете қалады... Бойында патриоттық сезім шалқыған қыз өзге құрбылары секілді демалыста үйіне кетпей Мәскеу қорғанысына қатысу жұмыстарына қалады. Олар әуелі «Метрострой» жүйесінің қарамағында болса, еріктілерді артынан Мемлекеттік қорғаныс комитеті өз қолына алады........
Шығармалар
Толық