Құқық | ҚЫЛМЫСҚА БАРҒАН ЖАСӨСПІРІМНІҢ БОЛАШАҚ ӨМІРІНІҢ БЕЙНЕСІ

Қазіргі кезде еліміздің нарықтық-экономикалық қатынасқа өту жағдайында көптеген келеңсіз мәселелер мен жағымсыз оқиғалар белең алуда. Осындай келеңсіз мәселелердің бірі қылмыстық әрекеттердің жылдан - жылға көбеюі болып отыр. Солардың ішінде жас ұрпағымыздың қылмыстық әрекеттерге баруы және олардың болашақ өмірі барша адамзатты елеңдетеді.
Сондықтан да қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі-өзекті мәселелердің бірі болып отырғандықтан, біздің зерттеу жұмысымыз қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесін, соның ішінде өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін құндылық бағдарын, өмірлік жоспарын, өмірге деген қатынасын зерттеуге арналған.
Жалпы қылмысқа барған жасөспірімдерді көптеген авторлар қарастырған. Солардың ішінде Қазақстан ғалымдарынан (Қ.А. Бегалиев, К.А. Вайсберг, Ө.С. Жекебаев, Л.Ерменбетова, Е.І. Қайыржанов т.б.), Отандық психологтардан (А.Я. Колодная, А.Б. Сахарова, Е.А. Копыстынский, В.Н. Кудрявцев, П.П. Бельский, В.Л. Васильев т.б.), Ал шетел ғалымдарынан (Ллойд Олин, Харви Бейкер, Бартол, Курт, Ричард Джонсон, Терри Моффит т.б.).
Осы авторлар секілді көптеген ғалымдар қылмысқа барған жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігін зерттеген болатын, бірақ олардың қылмыстан кейінгі психологиялық ерекшелігін, соның ішінде болашақ өмірге деген көзқарасын анықтауға арналған зерттеулер кемде-кем. Сондықтан да қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі үлкен зерттеулерді талап етеді. Біздің бұл зерттеу жұмысымызда қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі, жасөспірімнің қылмыстан кейінгі өмірлік жоспарларының құрылуы, тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшелігі және өз өмірінің мән-мағынасын түсіну секілді критерилермен анықталады.
Жұмыстың мақсаты: Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін тұлғалық құндылық бағдарларының ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу пәні: Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасу жағдайлары.
Зерттеу объектісі: Қылмысқа барған жасөспірімдер тобы.
Өзектілігі: Қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер өздерінің дамуында жағымсыз жағдайларға, отбасы дамуында және қоғам бақылауынан тыс қалуына байланысты, жағымсыз микроортаның әсер етуі, әсіресе антиқоғамдық жүріс-тұрыстық тәжірибесі бар адамдардың әсер етуіне байланысты қылмыс жолына түсіп жатыр.
Сол себепті қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі мәселесі қазіргі таңда өте өзектілердің бірі болып отыр.Бұл мәселенің өзекті болуына қазіргі уақытта елімізде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі әсер етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Қылмыстардың жекелеген түрлері мен топтарын тергеудің әдістемесі

Қылмыстық сипаттың сапалық өзгеруі, қоғамның криминализациялануы жағдайларында теріс, жағымсыз ой мақсаттардың алдын алудың кешенді шараларын өңдеу үшін әлеуметтік және заң ғылымдарының ынтымақтастығы өзекті мәселеге айналуға тиіс.
Қылмыстың ұйымдасқандығы, кәсібилігі, жаңа техникалармен қарулануы криминалистикалық ғылымды жаңадан өңдеп зерттеуге, яғни озық технологияларды қолдануды, қылмыстардың алдын алу, тергеуге жаңа әдістемелік тәсілдерді енгізуді қажет етеді.
Соңғы жылдарда елімізде қылмыстың өршуі, оның ішінде аса қауіпті қылмыстардың жасалу саны одан әрі өсуде.
Бұл жай құқық қорғау, атап айтқанда , тергеу органдарының жұмысын одан әрі жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда, тергеудің нәтижелі және тиімді тәсілдерді жан – жақты пайдалануын талап етеді.
Жасалған қылмысты тез арада ашып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза тағайындау, қылмысқа қарсы күрестің нәтижелігін арттырады, қылмыс жасаудан кейбір адамдарды сақтандырады.
Қазіргі кезде елімізде қылмыстың өте көп тараған түрі болып – ұрлық саналады. Ол көлік ұрлау, үй – жайларға еніп ұрлық жасау, жеке адамдарға, мүлікке, меншікке ұрлық, т.б. болып табылады. Адамдардың қылмыс жасаудың себебі: әлеуметтік – экономикалық жағдайдың нашарлығы, жанұяда тәрбие көрмеуі, басқа біреудің айтқанына еріп, алданып қалуы, т.б.
Осындай қылмыстармен күрес жүргізу үшін, оларды алдын алу үшін ІІО – нда қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін криминалистикалық техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, кәсіби білікті заңгер мамандарды дайындау ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылар

Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс iстеудiң ерекше нысаны peтiндe қарастырылады, өйткенi жеке дара қылмыс жасаyғa қарағaнда қылмысты осы нысанда iстеудiң қауiптiлiк дәрежесі және келтiретiн залалы да зор. Бiрнеше адам¬ның күш бiрiктiрiп бiр немесе бiрнеше қылмысты icтeyi олар¬дың - қатысушылардың - өзара бiрiн-бiрi қолдауы, қылмыс iстеудi жеңiлдетiп қана қоймайды сонымен бiрге қылмыстық заң қоpғайтын қоғамдық қатынастapғa үлкен қауiп келтiредi немесе соны келтiру қаупiн туғызады. Қылмыс iстеудi осылай жүзеге асыру қылмысты ic-әрекеттiң өзiн жоюғa, қайсыбiр жағ-дайларда бiр адамның қолынан келмейтiн қылмысты iстеудi дайындауға немесе жүзеге acыpyғa мүмкiндiк бередi.
Қылмыс - бiр адам apқылы немесе бiрнеше адамның бiрле¬cyi арқылы iстелуi мүмкін. Бiрнеше адамның қылмыс iстeyiнiң нәтижесiнде iстелген қылмыстың мәнi, одан туындайтын зиянның мөлшерi де жеке дара адам iстeгeн қылмысқа қарағанда едәуiр өзгередi және мұндайда қылмыс icтeгeнi үшiн жауапты болатын адамдардың санын тура анықтау қажеттiлiгi туын¬дайды.
Қылмысқa қатысуда ic-әрекет пен қылмытың зардабының өзара байланысының жеке адамның iстeгeн қылмысына қара¬ғaнда өз ерекшелiгi бар. Қьлмысқа қатысуда қылмыстың зарда¬бы мен орындаушылардың немесе бiрге орындаушылардың ic-әрекеттерi ғaнa байланысты болады. Айдап салушы, көмекте¬сушi, кейде ұйымдастырушы тiкелей зиян келтiрмейдi. Олар тек қана қылмыстың зардабының тууына себепшi болады. Мұндай себепшi болу қылмысты тiкелей орындаушығa оның қылмыс iстeyre деген шешiмiн қоздыру арқылы жүзеге асырылады. Субъективтiк жағынан алғaнда қылмысқа қатысу барлық қаты¬сушылардың қылмысты қасақана icтeгeнiн бiлдiредi.
Қылмысқа қатысушылардың әрқaйсысының ниетінің мазмұ¬нына орындаушының iстейтiн қылмысының қoғaмғa зиянды¬лығының мәнiciн сезу, сондай-ақ сол адамның қылмысты жал¬ғыз өзiнiң емес, басқалардың әpeкeтiмeн бiрге жасайтын мән ¬жайларды сезiнyi шарт. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Құқық | Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері

Менің курстық жұмысымның тақырыбым «Қылмыстық жауаптылық және оның негіздері». Бұл тақырыпты зерттеу барысында әдебиеттер мен басылымдарды қолдандым. Зерттеу барысында келесідегідей тақырыптарға жіктеп қарастырдым:
• Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі

• Қылмыстық жауаптылықтың негіздері

• Қылмыс құрамының түсінігі және маңызы

• Қылмыс және қылмыс құрамы

• Қылмыс құрамының түрлері

Курстық жұмысты жазудағы ұстанған мақсатым: қылмыстық жауаптылық және оның негіздерінің түсінігін, қылмыс құрамының түсігі мен мазмұнын және қылмыс құрамының түрлерін толықтай зерттеу болып табылады.
Сонымен қатар курстық жұмысымда толығырақ бөлімдер бойынша мағлұматтар айтылады. Бұл курстық жұмыс көптеген қызықты мағлұматтарды қамтиды. Енді қысқаша мәлімдеме беріп кететін болсақ:
Негізгі бөлімнің бірінші тақырыбы бойынша қылмыстық жауаптылықтың жалпы түсінігі, қылмыстық жауаптылықтың мазмұны, сондай-ақ қылмыстық жауаптылық сипатына қарай жаза тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылыққа жалпы түсінік берілген. Қылмыстық жауаптылықтың негіздері, қылмыс құрамының түсінігі, мазмұны және қылмыс құрамының элементтерін екінші және үшінші тақырыптарда қарастырдым.
Негізгі бөлімнің төртінші, бесінші тақырыптарында қылмыс және қылмыс құрамы және олардың өзара бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірімен ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер екендігі жайлы, сондай-ақ қылмыс құрамының түрлерін жан-жақты қамтуға тырыстым. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қай түс сіз туралы айтып береді?

Айналадағы барлық құбылыс, жаратылыс адаммен тікелей байланысты. Мысалы, түстердің өзі адам психологиясына әсер етеді екен. Яғни, сізге ұнайтын түс сіз туралы хабар береді. Олай болса, тексеріп көрейік.
Кеңестер
Толық

География | Сырдария өзенінің экологиялық жағдайы

Сырдария ойысының аккумулятивті жазықтары солтүстік-шығысында Қаратау жотасымен, оңтүстік-батысында Орталық Қызылқұм көтерілімдерімен шектеседі. Ал, оңтсүтік-шығысында Қазақстан территориясынан тыс Тянь-Шанға дейін созылып, солтүстігінде және солтүстік-батысында солтүстік Арал маңы қабатты жазықтарымен және Арал теңізінің шығыс жағалауымен көмкеріледі.
Қазақстанның оңтүстігінде 1938 жылы құрылған Қызылорда облысы Сырдария өзенінің төменгі ағысында оның екі жағасын ала орналасқан. Жер көлемі жағынан республикадағы ірі облыстардың бірі болып саналады. Қызылорда облысының аумағы 228,1 мың шаршы шақырым. Мұнда республикадағы халықтың 3,9 %-і тұрады. Бір шаршы шақырым жерге 2,7 адамнан келеді.
Тұран ойпатының жазықтау келген кең алқабын алып жатқан зерттеліп отырған территорияның басым көпшілігі Сырдария, Сарысу және Шу өзендерінің ертедегі атырау жазығы болып табылады. Тарихтан мәлім, бұрын арғы дәуірде қазіргі Сырдарияның атырауы мен Арал теңізінің жерінде біріне-бірі тіркес жатқан екі үлкен қазан шұңқыр болған. Сонау Тянь-Шань тауынан басталып, Ферғана даласында түйісетін кішігірім өзендерден басын алып, батысқа Қызылорда шұңқырына құйған. Ол кезде Сырдария суы мол, ірі өзен болса керек. Өйткені, Шу мен Сарысу өзендері Сырдарияның арнасына құйылған екен. Ұзақ шөлде талай жердің қыртысын қақ жарып, екі жиегін опыра құлатып, жұлқына ағатын асау өзен орасан көп құм-лайды ала келген. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ағылшынша шығарма: My favourite season

I like spring very much, spring is a fine season. The weather is good. The sky is blue. The sun is shining. The grass, trees and bushes are green. In the parks there are many bright flowers: white, red and yellow. You can see many children in the streets and in the yards. They run, jump, play football and ride bicycles.......
Шығармалар
Толық

Гайморитті емдеу жолы

Гайморит ауруынан құтылғыңыз келсе, мына әдісті пайдаланыңыз.

1. Бір шай қасық глицеринді төрт шай қасық сумен араластырып, оған 0,2 грамдық 10 мумие таблеткасын қосыңыз.

2. Барлығын жақсылап...
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық