1 Қыркүйек - Білім күні (Сиқырлы пойыз)

Сабақтың тақырыбы: 1-Қыркүйек - Білім күні (Сиқырлы пойыз)

Жүргізуші: Балалар, сендерді қайта көргеніме өте қуаныштымын. Сендер күнге күйіп, бойларың өскен. Қараңдаршы, біздің балабақшада жаңадан келген балалар бар. Сендер жақсы дос боласыңдар деп ойлаймын. Қане, бір - бірімізге қол бұлғап «Сәлем» деп амандасайық. Бүгін қандай мейрам екенін білесіңдер ме? Иә, Білім күні. Бұл күні балалар мектепке ағылады. Бұл күні балабақша да жаз мезгілінен соң өз балаларын қарсы алады. Ал сендер балабақшаны, мерекелерді сағындыңдар ма?
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтап, осы күнді есте қалатындай етіп өткізейік. Бұл күні жаңа оқу жылы басталады. Осы жыл ең қызықты болсын және сендердің білімдерің толысып, жаңа нәрселерді танып білулеріңе тілектеспіз.....
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Білім күні – мереке

Білім күні – мереке

Балабақша ауласы 1 - Қыркүйек - Білім күніне сай безендіріледі. Жеңіл музыка ырғағымен әр топтың балалары екі қатармен келіп, орындарына тұрады. Жүргізуші баларды мерекемен құттықтайды.
Қастерлемес даңқын кім,
Қадірлемес салтын кім?
Әнұраны елімнің,
Үні, Тілі халқымның!
(Әнұран орындалады)

Жүргізуші:
Сәлем, достар, балалар!
Жаңа білім күніңмен!
Білім - күні мереке,
Ән салсам да әдемі.
Туған тілім - береке,
Сөз арнасам кәделі!...
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Тәрбие сағаты: 1 Қыркүйек – Білім күні (Менің Отаным - Қазақстан)

Сабақтың тақырыбы: 1 - қыркүйек – білім күні (Менің Отаным - Қазақстан)

Сабақтың мақсаты: Балаларға 1 - қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Көрнекі - құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер.
Әдіс - тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ - жауап.

Барысы:
І. Кіріспе бөлім.
Мемлекеттік әнұранды орындау.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі сабағымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1 - ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді)......
Тәрбие сағаттар
Толық

1 қыркүйек – білім күні (Сыңғырла алғашқы қоңырау!)

Тақырыбы: 1 қыркүйек – білім күні (Сыңғырла алғашқы қоңырау!)

1 - жүргізуші:. Аралап көрікті жерлерді,
Жаз бойы тынығып демалдық.
Білімге шақырып келді күз,
Мектепке көңілді оралдық.

Армысыздар, құрметті қонақтар мен ата - аналар! Ұлағатты ұстаздар!

1 - жүргізуші: Бармысыздар қымбатты жаңа оқу жылының күміс қоңырау үнін сағына, асыға жеткен оқушылар!
Айналайын, дарын бол,

2 - жүргізуші: Жақсы оқып, ер жетіп.
Оқу оқып, ғалым бол,
Жанған оттай жалын бол!
Әділ шешер әр істі
Ақылың асқан дана бол.........
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Ампер заңы. Зертханалық жұмыс " Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін оқып үйрену". Ампер таразысы. (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Ампер заңы. Зертханалық жұмыс " Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсерін оқып үйрену". Ампер таразысы.
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): -Магнит өрісінде тогы бар өткізгішке әрекет ететін күштің шамасы мен бағытын анықтау;
Сабақ мақсаттары: • Пән бойынша оқушылардың білім-білік дағдысын қалыптастыру,
• Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімін бағалау,
• Сын тұрғысынан ойлауға үйрету. Ғылыми көзқарасы жоғары азамат тәрбиелеу.
• Магнит өрісінде тогы бар өткізгішке күш әсер ететінін түсіну;
• Сол қол ережесін және F=BILsinα формуласын білу және қолдану;......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

"Мені қабылдауын талап етемін": Орамал тағып, боянып жүретін қазақ жігіті гей ме?

Мұхамедтің кәсібі - визажист. Ол өзгелерге ғана емес, өзіне де макияж жасайды. Орамал тағып, бетіне макияж жасап, түрлі видеоға түсіп жүрген қазақ жігіт гей ме? Оның ел алдына орамал тағып шығуының сыры неде? Отбасы, ата-анасы мен бауырлары оның бұл әрекетін қолдай ма? Оқи отырыңыз.

Желіде орамал таққан, қыздан бетер боянып, тик-ток түсіріп жүрген жігіт көпшіліктің сынына қалды. Оған қарсы пікірлер жазып, балағаттап жатқандар аз емес. Ал Мұхамедтің өзі бұған тек кәсіп деп қарайды.....
Жаңалықтар
Толық

"Бізден артық ойлайды": Төреғали Әбдіжаппар Әлқожаны жер-көкке сыйғызбай мақтады

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Төреғали Төреәлі өнердегі досы Әбдіжаппар Әлқожаны туған күнімен құттықтап, оны жер-көкке сыйғызбай мақтады. Әнші оның бойындағы асыл қасиеттері мен атқарған игі істерін тізіп шықты деп жазады NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі Әбдіжаппар Әлқожаға арналған жүрекжарды жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Өнер иесі досы екеуінің ұқсас тұстарын атап, оның шын мәнінде қандай адам екенін айтты. .....
Жаңалықтар
Толық

"Көзді ашыңыздар": Жұлдыз Өмірғали өзін тоқал деп сөккендерге жауап берді

Отандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұптардың бірі саналатын Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғалидің айналасында сөздер таусылар емес. Желі қолданушылары "КешYOU" тобынан түлеп ұшқан әншіге "тоқал" екенін әлі де бетіне басып, сынап жатыр. Көпшіліктің жағымсыз пікірлерінен мезі болған өнер иесі оларға желі арқылы жауап берді деп жазады NUR.KZ "Paparazzi" бағдарламасына сілтеме жасап.

Жұлдыз Өмірғали Instagram желісінде тікелей эфирге шығып, өзін орынсыз сөгіп жатқан халықты орнына қойған. ....
Жаңалықтар
Толық