Қыз бен жігіт айтысының жарқын бейнесі
«Тұңғиық сырым барлағанға...»
«Біржан мен Сара» айтысынан
Сараның сөзі
Айтыс өнері – халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі. Бұл ертеден келе жатқан сөз саптау шеберлігі. Қазақ халқы сөз өнерінің құдіретіне тәнті болып, «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деп ұтқыр сөзді басынан асыра білген. Айтыс көне түркі тілдес халықтарында, үндістер елінде де өркендеген. Дегенмен қазақ халқының тіл мен жақтың ұйқасқа тірелген ой ұшқырлығы айтыс өнеріне ұласқаны шындық. Ғасырлар бойы шебер өрнектелген сөз жарысы тыңдаушылар қауымын үйіріп әкететін сиқырға ие.......
Менің елбасым – менің мақтанышым
Отан үшін отқа түс, күймейсің!
Бауыржан Момышұлы.
Осыдан жиырма екі жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің, яғни қазақ халқының, аңсаған арманы еді.
Менің Отаным осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңестік кезеңнің шырмауында болды. Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік - біз үшін басқа қонған бақ, астыға тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы тиіс. Бұл - ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ер жүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап , үш жүздің басын қос-қан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесарыны айтсақ та жеткілікті болар. Сол замандарда ел ақылды, әрі айлалы ісімен, іскерлігімен сүйіндіретін аза-маттардың маңайына топтасқан.......
Қазақстан патриоты
Ата-баба аманатын арқалаған халқының ұлы перзенті
Осы бабаларымыздың, олардың серіктері, ізбасарлары өз Отанын шексіз сүйген, оның болашағына сенген жəне осы мақсатқа жету жолында күш-жігерін жұмсауға аянбаған.
Нұрсұлтан Назарбаев
Біз қазақ халқының сонау тарихына үңілетін болсақ, əр уақытта да ата-бабамыз академик В.В.Радлов айтқандай, қазақ халқы көшіп-қонып жүрсе де, өнегесі мол небір тамаша ерлік істерін ұрпақтан-ұрпаққа тəрбиелік мұра етіп қалдырған.
Халық қазыналарын ақтаратын болсақ, оның бірсыпырасы бүкіл қауымды əдемі болуға, əділетсіздікпен күресуге, кейбіреулері батыл болуға, Отанын, елін, жерін сүюге, жауларға мейірімсіз болуға баулиды.......
Қазақтың Тұңғыш Президенті
Тұғыры биік қазақ елім!
Жерімді киесіз деймісің», -деп Үмбетей жырау жырлап айтқандай, аталы жұртымызда,айбынды ұлтымызда киелі ерлер баршылық. Қазақ хандығы құрылғаннан бері еліміз жаугершілік заманда өмір сүрді, ұлы құл, қызы күң болмауы үшін ерлері де, әйелі де аянбай тер төгіп,ұлан ғайыр қазақ даласын бүгінгі күні бізге табыс етіп отыр. Еліміздің кең байтақ жеріне көз тіккен жоңғардың да,қалмақтың да сағын сындырып, еліміз жеңіске жетіп, тарих қойнауында қалған үлкен із болып, қанша соғыс пен көтерілістердің кесірінен қазақ азаматтарымыз жапа шегіп, халқы азайды. Бұл – халықымыздың шыңдалған,елдіктің рухын көтерген, ұрпаққа азаттық пен бостандық үлгісін көрсеткен, тағылымы мен үлгілері мәңгілік ескерілмейтін, шын мәніндегі бірлік пен азаттық шайқасы болды.......
Елімен етене Елбасы
Иә, әр адамға сүйікті Отанынан, туған елінен қымбат ешнәрсе жоқ. Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ.
Менің туған елім – Қазақстан. «Қазақстан» деген кезде менің ойыма бірден небір тарих сынынан өткен, батыл да батыр, ержүрек, қандай қиындыққа болса да шыдап, төзе білетін рухы берік қазақ халқы елестейді. Ғасырлар бойы батыр бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған кең жері – менің мақтанышым, әрі әр қазақ баласының мақтанышы деп ойлаймын.Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал қазақ халқы біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен.......
Абылай хан – аңызға айналған тұлға
Менің қалам
Көзіме бір көрінші,Ерейментау.
Иманжүсіп
Менің туған қалам Ерейментау деп аталады. Ерейментау қаласы Ақмола облысында орналасқан. Бұл қала 1948 жылы салынған. Қаланың атауы неден шыққан дейсіз ғой? Ерейментау атауы туралы деректер көп. Бір дерек былай дейді. Ерттеулі ат тау ішінде қашып,оны тауып алғандар қуанып: «Табылды, ерімен,ерімен жүр екен»,- ......