Той думан

Аты, тоны сай кісі,
Жиын, тойға барысар,
Ұлы, қызы бар кісі,
Құдалыққа барысар.

Шақырусыз тойға барғанша,
Шарығыңды ки де, қойға бар.
Мақал-мәтелдер
Толық

Тау туралы мақал-мәтелдер ?️ жинағы

 

Асқар тау алыстан көрінеді.

Асқар таудай алып бол,
Әппақ күндей жарық бол.

Асқар таудың айбыны қарыменен

(Орынбай ақын).


Бұлбұлға бау жақсы,
Кекілікке тау жақсы.

Мақал-мәтелдер
Толық

Келін

Келін жаксы болса
үйіңе көп кісі келеді.
Келін жаман болса
Келген кісі кеткісі келеді.
Ас құй десең төккісі келеді,
"Төкпей құй" десең сөккісі келеді (Шал ақьн).

Мақал-мәтелдер
Толық

Жол, Жолдас, Жолаушы

Баламен жолдас болсаң,
Бала боларсың,
Қариямен жолдас болсаң,
Дана боларсың.

Жолың болмайын десе
Алдыңнан өр кездеседі.
Атың құлап,
Арылмас сор кездеседі.
Мақал-мәтелдер
Толық

Ер, Жігіт

Азынаған айғырды үйірде көр,
Адамсыған жігітті үйінде көр.

Ай толғанын білмес,
Жігіт болғанын білмес.

Ақ серке қой бастайды,
Ақын жігіт той бастайды.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жер

Әуелі тәңірі жерге береді,
Жерге берсе елге береді,
Елге берсе ерге береді.

"Барар жерің Балкан тау, ол да біздің көрген тау".
Мақал-мәтелдер
Толық

Балабақша | Қош, балбұлақ бақшамыз!

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті
№21 "Алпамыс" балабақшасы
Тәрбиеші: Алгазиева Райкул Сактагановна


ӘН: Аян: «Ассалаумалейкум»

Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата–аналар! «Бақытты балалық шақ әуе ұшағы № 21 («Алпамыс»бөбекжай -балабақшасына келіп қонғалы тұр,

Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойдырып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз!

Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Егіншілік

Жер тоймай,
Ел тоймайды.

Жеріне қарай, егін ек,
Жолына қарай жегін жек.

Қыс азығын жаз жина.
Мақал-мәтелдер
Толық

Дұшпан, жау

Әйел адам сырынды алса,
Дұшпан үштен бірін алады.

Бейтаныс кісі бітеу жаңғақ.
Бүгінгі дос ертең жау (Абай).
Мақал-мәтелдер
Толық

Гүл

Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.

Әр гүлдің исі басқа,
Әр жердің жынысы басқа.
Мақал-мәтелдер
Толық