Жеңіс жолы жалғасады

Мен оқушымын.Менің өмір жайлы толғаныстарым мен өзіндік философиям, көзқарастарым мен өмірлік ұстанымдарым әлі де қалыптасу үстінде. Дегенмен мен өткен жылы ғана 70 жылдығы тойланған еліміздің Ұлы Отан соғысындағы Жеңісіне шын жүректен қуанып, соғыс атаулыға бар пейіліммен лағнет айтқандардың бірімін. Себебі менің арғы атам Көмеков Нәдір осы соғыста хабарсыз кеткен. Ауылдан аттанған атпалдай азаматтың із-түссіз жоғалуы деген нағыз қасіреттің қасіреті екен. Әжеміз өзі өмірден өткенше батысқа қарап телмірумен күнін батырып, таңын атырыпты. Үзілмеген үміт, сағыныштан сарытап болған сенім, азаматын аңсаған арман көкейді тескен күдікке бой бермеген. Белгісіздік жанын жеп, тағатсыздықтың тұңғиығына батқанда әжеміз ,тіпті, соғыстан аман келгендерге қызғана, «ерлікпен қаза тапты» деп қара қағаз келгендердің жанұясына қызыға қараған. Ай, пендешілік-ай десеңізші! Өлі-тірісін білмей, сананы сансыратқан сансыз сұрақтың жауабын таппағаннан, өмірден өтті деген хабарын естіп, армансыз жоқтағанның өзі де бір ғанибет екен –ау! Сол сұм соғыстың салған жарасы,міне, 75 жылдан бері әлі сыздап келеді. Ал ,бұл жара тек біздің әулеттің ғана көкірегіне түскен жоқ еді.
Қаншама ана баласынан айрылып, аңырап қалды, қаншама әйел жарын,жастығын жоғалтты, қанша бала ботадай боздап, әке мейірімі мен ата батасынан шектелді. Жесірдің көз жасы мен жетімнің жоқтауы жер-дүниені тітіретті. Қара жердің қабырғасы қасіреттен қайысты. Ұлы ғаламның тыныштығы бұзылып, адамзаттың арына дақ түсті.......
Шығармалар
Толық

Отан үшін, жан берген ерлер!

Қазақ халқы ел басына күн туған қасіретті шақта Отанды қорғауға аттанды. «Адал адам Отанын сүйеді. Адал, ақ жүрекке Отан анасындай, Отанның дегенін істеу – қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты бізде өлшеуге болмайды», - деп Баубек Бұлқышев айтқандай, жаратылысынан ақкөңіл, ақжүрек, батыр, намысты халық өз мүддесінен Отан мүддесін артық қойып, өмірін құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ екенін, Отанға деген махаббатын оыслай дәлелдей білді. Қазақ деген – батыр халық. Ол еңкейгенде еңкейеді, шалқайғанда шалқаяды. Шірене қалса, асқар – асқар тауларына сүйенеді, азаматтығына, өзінің парасаттылығына сенеді. Сөйлесе Қазыбек данадай шешендігі бар, Төле бидей көсемдігі бар, айтыса қалса, дауласа қалса Бөгенбайдай ерлігі бар, Қабанбайдай ірілігі бар, қолынан қиыстырып жол табар Абылайдай тірілігі бар ел. Қазір өз алдымызға мемлекет болып есептелгендіктен, батыстан жау шапқанда Отанымыздың абыройын, бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда жаппай ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті.
Даламыз қандай кең болса, пейілі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай халқымыз қан майданда елдік мінездері мен ерлік қасиеттері сынға түсті. Осы жолда қаншама ардагер әкелеріміз, аталарымыз бен апаларымыз қанын төкті, жанын пида етті десеңші! Осылайша, біздің халқымыз соғыс барысында бүкіл әлем алдында бар ұлылығымен көрінді. Сол кездегі Кеңес Одағы халықтарының тұтасқан бірлігі мен мызғымас достығы, халық пен әскердің жаппай ерлігі Жеңісіміздің кепілі болды. Басынан аяғына дейін құрыштай қаруланған гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай самолетті, 3700 –дей танкті, 50 мыңнан астам қару мен минометті шабуылға шығарды. ССРО жеріне басып кірген жау әскерлерінің жалпы саны бес жарым миллион адамға жетті. Оған дейін 12 мемлекетті басып алған және 14 одақтасы болған жау Баренцов теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықтағы зор майдан шебінде соғыс ашты. Гитлер және оның төңірегіндегі дүлейлер Кеңес елін «тұтқиыл» шабуылмен талқандап,әлемдегі тұңғыш социалисті мемлекетті құртып жіберуді, совет адамдарын құлға айналдыруды, Кеңес елін герман империализмінің отарына айналдыруды ойлады. Бірақ совет халқы міз бақпай, анталап келген жауға айбындылықпен қарсы тұрды......
Шығармалар
Толық

Жастарымыз отаншыл болсын

Әрине, ойымызға ең алдымен біз үшін жанын қиған атабабаларымыз еске түседі. Міне осыдан жетпіс бес жыл бұрын Германияның қалың қолы Кеңестер Одағына шабуыл жасаған болатын. Енді кішкене соғыстың қалай басталғанына тоқтала кетсек. Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жыл жиырма екінші маусым тарихымыздағы ең ауыр да, қасіретті күн болып саналады. Жиырма екінші маусым күні таң атысымен неміс әскерлері Кеңес Одағының жеріне басып кіреді. Сол кезеңде біз Ресейдің қол астында болатынбыз. Бұл төтенше жағдай еді, сондықтан Кеңес Одағы тез арада оларға жауап қайтару үшін, елін сақтап қалу үшін әскер жинай бастайды. Олар әскерді жан-жақтан жинайды, тіпті Қазақстанға да келеді. Олардың жасына қарамай, күштеп алып кете бастады. Тек ауруға ұшыраған, соның ішінде басқаларға тез жұғып, тарайтын аураларға жеңілдік бар еді.Тіпті кейбір өз балаларын соғысқа жібермеу үшін ата-ана баласын сол ауруға ұшыратқан. Соғыста айдалада өлгенше, өзіміздің көз алдымызда дүниеден өтсін деп санаған. Әрине ата-ана жүрегін түсіну қиын. Қиындықтарға шыдамаған қазақ отбасылары көрші елдерге көшіп кетуге мәжбүр болған. Соғыстан қашып өз өмірін сақтап қалу үшін бәріне дайын азаматтар бар болса да, бірақ оларға қарсы шығуға дайын, кеудесінде жүрегі Отан деп соғып тұрған қыздар мен жігіттер де бар. Соңында қоса келгенде бір Қазақстаннан Кеңестер Одағының әскерінің қатарына бір миллион екі жүз мың адам аттанған. Ұлы Отан соғысы төрт жылға созылды. Майдан даласында алты жүз мыңдай қазақ қаза тапты. Көбісі хабар-ашарсыз кетті. Олардың тіпті денелері қайда қалғанын білмегені туысқандарына қатты батты. Аман-есен оралмаса да, оларды ең болмаса денесін дұрыстап жер қойнына тапсырғысы келді. Бірақ амалдары жоқ. Бірақ соңғы жылдары кейбіреулері қайда жатқанын тауып, денесін Отанымызға әкеліп, туған жердің топырағына денесін тапсырған болатын.......
Шығармалар
Толық

Жеңіс күні –халық тойы

Соғыстың қажеті жоқ! Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын.
Ги де Мопассан
Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сондықтан Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз! Біз 71 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Ұлы Отан соғысына қатысқан ержүрек те, батыл аталарымыз бен апаларымыз: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Мәлік Ғабдуллин, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебековтер,Талғат Бигелдинов, Төлеген Тоқтаров,партизандық қозғалыстың Ғалым Ахмедияров, Ғалым Омаров, Нұрым Садықов, Қасым Қайсенов, Нұрым Сыздықов, Әди Шәріпов, Тәжіғали Жангелдиннің есімі көпке танылды. Қазақстандық әйелдер — Нұрғаным Байсейітова, Тұрғаш Жұмабаева, Жамал Ақәділова батырлықпен аянбай шайқасып, біздің жерімізді, елімізді басқыншы жаудан қорғап қалған.Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде менің туған жерім- Жезқазған жерінен демайдан шебінде болып, Отан үшін ерлік көрсеткен ардагер-батырлар аз болмады.
Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір батырымызды біз ешқашан ұмытпаймыз......
Шығармалар
Толық

Сұрапыл жылдар

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқдаусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын
Соғыс, соғыс. Қандай суық сөз бұл! Сол сұрапыл жылдарда қанша азамат жер құшты, қанша бала әкесінен, қанша ана баласынан, қанша ма үй тірегінен айырылды. Ауылдан сән, өмірден мәнкетіп,сұрықсыз бір дүниеге айналды. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді тып – типыл етті. Сөйтіп соғыс әрүйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр - қайратының, бірлігінің дәлелі еді. Менің атам Жалбыров Жағыпар Жалбырұлы 1939жылы аттанған екен. .....
Шығармалар
Толық

Сіздерге алғысымз шексіз, ардагерлер!

Ешкім де,ешнәрсе де ұмытпақ емес! Соғыс-күйретуші күш! Соғыс атты суық сөздің сызды ызғары жұректерге жүк түсірген ауыр оқиға. Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Қарғыс атқыр соғыстың кесірінен мезгілсіз кеткен жақын жандарға деген талмаусыраған аянышты сезім бар көңілде. Әрқайсысының сүре алмай кеткен өмірлері, көре алмай кеткен қызықтары, армандары бәрі де алыстап кеткен. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе кинода бізге атабабаларымыздың ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.Иә,содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.Ұлы Отан соғысы жайында,халқымыздың жауды жеңген ерлігі туралы әлі де талай-талай ұрпақтар аңыз етіп айтатын болар.Бұл қасіретті сұм соғысты ұмыту мүлдем мүмкін емес.Бірақ сол қасіретті күндердегі болған жайғдайлардың барлығы да қаз-қалпында, жүректегі соғыс салған жараның орны сияқты үңірейіп әлі тұр. Ұлы Отан соғысының жеңісіне бүгінде жетпіс бір жыл толуда.Иә,адам баласының тарихына белес болып енген тарихи жеңіс оңайға түскен жоқ.Расында да мұның бәрін ұмыту мүмкін емес......
Шығармалар
Толық

Жеңіс жаңғырықтары

Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің саяси-тарихи, елдік мәні туралы ойлану, пайымдау-кейінгі буынның азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті. Отан соғысы майдандарында, жау тылындағы партизандар мен Еуропа елдеріндегі қарсыласу қозғалысы қатарында шайқасып, фашизм концлагерінде қаза тапқан өжет, қайсар қандастарымыздың рухына бас иеміз... Адамзат тарихындағы аса ірі де қасіретті оқиға –екінші дүниежүзілік соғыс. Ал кешегі алып КСРО мемлекеті құрамындағы халықтар үшін Ұлы Отан соғыс болды. Биыл ТМД елдері осы соғыстың 71 жылдық мерейтойын атап өтпекші. Ұлы Жеңіске әртүрлі көзқарастар пайда болды. Бір кезде шын жеңімпаздардың кім екенін, қай мемлекет пен халықтың жеңіске қандай үлес қосқаны даусыз айқын болса, енді қазіргі постмодерндік Еуропаның тарихы және саяси жадында әлдақашан тарихтың ескі үйіндісіне кеткен қара күйелер қайта бықсып, жандана бастады.
Тарихи бұрмалаудың басты нысаны кеңес халқының –біздің әкелеріміздің Жеңісі ілінді. Осының барлығы бізге екінші дүниежүзілік, Ұлы Отан соғысы туралы шындықты жас ұрпақ санасына қайта-қайта жеткізіп отыруды міндеттейді. Әрине соғысты, оның қорытындыларын бағалауда әр ұрпақтың өз көзқарасы болуы мүмкін. Уақыттың тарихи-саяси оқиғаларды бағалауға, саралауға өз таңбасын салуы-табиғи құбылыс. Бірақ олар түбегейлі, принципті мәселе өзгермеу керек. Көлемі, қаталдығы, адам және материалдық шығыны жағынан екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең жойқын соғыс болды. Ол дүние жүзі халықтарының бестен төртінің тағдырына әсер етті. Соғыс қимылдары әлемнің 40 мемлекетінің аумағында жүрді. Ең соңғы деректер бойынша, бұл алапатта 60 млн. адам қаза тапты. Кеңес Одағының адам шығыны ресми түрде 27 млн. деп есептеледі. ....
Шығармалар
Толық

Сұрапыл соғыс жылдары

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында сұрапыл соғыс жылдарында өз Отанын фашистік басқыншылардан аман алып қалған біртуар батырлар туралы материялдар жариялайды. Кеңес дәуірінде қазақ халқынан шыққан сан мыңдаған батыр ұл – қыздардың ішінде есімі елге ерекше таныс батыр апаларымыздың бірі – Хиуаз Доспанова.
1922 жылдың мамыр айының 15 – інде Атырау облысында дүниеге келген Хиуаз – Ұлы Отан соғысында әскери ұшақпен аспан төрінде майдан салған ерлігімен танылған, ал соғыстан кейінгі бейбіт өмірде қайраткерлігімен дараланған қазақтың қаһарман қызы.
Оның жастық шағы мен өмірінің басым бөлігі мықты насихаттық идеологияны ұстанған Кеңес заманымен тұспа – тұс келді. Басқа – басқа, Кеңес өкіметінің кезінде Одақ үшін отқа да, суға да түсуге бар жанкешті ұрпақ тәрбиелей білгендігін кімде болса мойындайтыны хақ. Хиуаз да Отанын шын сүйген сол кездегі албырт жастардың бірі болатын. Кеңес заманындағы авияцияның жетістіктері мен ұшқыштардың сан түрлі ерлік істері жөніндегі үгіт – насихат қазақ қызының да осы салаға деген ынтызарлығын оятқан. Осындай ой – қиялдың тұңғиығында жүрген қағілез де пысық қыз ақыры дегеніне жетіп, 1940 жылы мектепті үздік деген бағамен бітірген. Ол тек мектепті ғана тәмәмдап қоймай, запстағы ұшқыш деген куәлігін қоса ала шығады. Енді өзінің ұшқыш болатындығына сенімі нығая түскен, оқудан соң тура Мәскеуге жол тартып, Жуковский атындағы әскери – әуе академиясына түспек болған оның алғашқы қадамы сәтсіз болды. Бұған налыған Хиуаз ба? Ол бірден Мәскеудің бірінші медициналық институтына түседі. .....
Шығармалар
Толық

Тұлғасы тұнған тәлім есімі елге мәлім-Б.Момышұлы

Отанға деген сүйіспеншілік- еліміздің келешегіне оның кемел ұрпағына біздің аманат етер ең қасиетті өсиетміз деп білейік.
Отаның Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп қалдырған басқа қаламгер жоқ. Ол «өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу -сатқындықтың белгісі.
Ел дегенде еміреніп,жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін! Отан үшін отқа түс- күймейсің! Опасызда Отан жоқ. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды!»,-дейді...
... Біздің халқымыз, әсіресе жастар осы қағидаларды естеріне ұстаса деймін. Н.Ә.Назарбаев. Ер есімін ел есінде мәңгілікке қалдыру мақсатында 1990 жылы ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Бауыржан Момышұлына Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді. Осы атақ берілген кездегі өз сөзінде Н.Ә.Назарбаев «Бауыржан жұлдызды болған күн – қазақтың жұлдызы жанған күн», – деп толғана айтқан еді.Қазақтың қаһарман қолбасшысы Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірін жас ұрпаққа насихаттау, оларды отансүйгіштікке баулу, Қарулы Күштер қатарына жанжақты жетілген жастарды тәрбиелеу. Егемен еліміздің ұлттық сана-сезімі мен намысы оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, бойында білімге негізделген ізгілікті қасиеттері қалыптасқан «Сегіз қырлы, бір сырлы қазақ азаматын» тәрбиелеуге болатынына біздің көзіміз жетіп отыр.Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты ұлттық тәрбие рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл талаптың көкейкестілігі қазіргі әлемді жаһандандыру жағдайында бұрынғыдан да артып отыр.....
Шығармалар
Толық

Жасасын, Ұлы Жеңіс күні!

Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман орталған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.....
Шығармалар
Толық