Жеңіс жаңғырықтары

 Жеңіс жаңғырықтары

Анарбаева Эльнора
10 сынып оқушысы, №1қосымша білім беру мектеп-орталығы
Қарағанды облысы, Абай қаласы
Жетекшісі: Әбілдина П.А

Жеңістің 71 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің саяси-тарихи, елдік мәні туралы ойлану, пайымдау-кейінгі буынның азаматтық парызы. Соғыста біздің әкелеріміз ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың өршіл рухын, батырлығын әлемге паш етті. Қазақ ұлты ұландарының антқа адалдығын көрсетті. Отан соғысы майдандарында, жау тылындағы партизандар мен Еуропа елдеріндегі қарсыласу қозғалысы қатарында шайқасып, фашизм концлагерінде қаза тапқан өжет, қайсар қандастарымыздың рухына бас иеміз... Адамзат тарихындағы аса ірі де қасіретті оқиға –екінші дүниежүзілік соғыс. Ал кешегі алып КСРО мемлекеті құрамындағы халықтар үшін Ұлы Отан соғыс болды. Биыл ТМД елдері осы соғыстың 71 жылдық мерейтойын атап өтпекші. Ұлы Жеңіске әртүрлі көзқарастар пайда болды. Бір кезде шын жеңімпаздардың кім екенін, қай мемлекет пен халықтың жеңіске қандай үлес қосқаны даусыз айқын болса, енді қазіргі постмодерндік Еуропаның тарихы және саяси жадында әлдақашан тарихтың ескі үйіндісіне кеткен қара күйелер қайта бықсып, жандана бастады.
Тарихи бұрмалаудың басты нысаны кеңес халқының –біздің әкелеріміздің Жеңісі ілінді. Осының барлығы бізге екінші дүниежүзілік, Ұлы Отан соғысы туралы шындықты жас ұрпақ санасына қайта-қайта жеткізіп отыруды міндеттейді. Әрине соғысты, оның қорытындыларын бағалауда әр ұрпақтың өз көзқарасы болуы мүмкін. Уақыттың тарихи-саяси оқиғаларды бағалауға, саралауға өз таңбасын салуы-табиғи құбылыс. Бірақ олар түбегейлі, принципті мәселе өзгермеу керек. Көлемі, қаталдығы, адам және материалдық шығыны жағынан екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең жойқын соғыс болды. Ол дүние жүзі халықтарының бестен төртінің тағдырына әсер етті. Соғыс қимылдары әлемнің 40 мемлекетінің аумағында жүрді. Ең соңғы деректер бойынша, бұл алапатта 60 млн. адам қаза тапты. Кеңес Одағының адам шығыны ресми түрде 27 млн. деп есептеледі. Фашистік агрессия кеңес халқына ешқандай таңдаудың жолын қалдырмайды. Өйткені гитлерлік Германияда елді мемлекеттік жоспары жасалынған болады. Кенес жауынгерлеріне өз елінің әр қадамды үшін қасықтай қаны қалғанша соғысудан басқа жол қалмады.
Фашистік Германияға қарсы соғыста шешуші ұрыстар совет-герман майданында болғанын ерекше қажет. Осындай пікір, көзқарас Қазақстанға да қажет. Бұл сол соғысқа қатысқан әкелеріміздің рухына тағзым, бүгінгі көзі тірілерінің ерлігіне құрмет. Қазақстанның Ұлы Жеңіске үлесі айырықша болды. Республикамыз халқы қаһарлы жылдары тас-түйіндей бекіді. Тылдағы қазақстандықтардың ерлігі туралы мына бір деректерді тағы бір еске салу орынды. Соғыс алдында Қазақстанда 6,2 млн. халық тұрса оның 1,7 миллионы әскер қатарына шақырылып, 700 мың адам еңбек армиясына жіберілді. Қазақстанда 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық кавалерия дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы қырылды. Мамандардың есептеуінше, осы шаралардың нәтижесінде Қазақстан халқының соғыс қажеттеріне жұмылдырылуы 24 пайызға жеткен. Ал екі майданда бірдей соғысқан Германия халқының соғысқа жұмылдырылуы 12 пайыз болған. Осы деректен-ақ тылдағы еліміз халқына қандай ауыртпалық түскенін айқын көруге болады. Соғыс жылдары өнеркәсіпте еңбек еткендердің 50 пайызы жеңіл. Сондай-ақ тамақ өнеркәсібінде 85-90 пайызы, ауыл шаруашылығында 80 пайыздан астамы әйелдер болды. Жастар жұмыс істейтіндердің 35-40 пайызын құраған. Осындай жұмысшылар құрамымен Қазақстан соғыс жылдары ҚСРО-да өндірілген молибденнің 60, металлдық висмуттың 65, полиметалл рудаларының 79 пайызын берді. Батыс аудандардан көшірілген 220 кәсіпорынды қабылдап, қысқа мерізімде іске қосты. Өз халқының тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы төмен болса тұрса да республикамыз соғыс жылдары орталыққа 4829 мың тонна астық, 600 мың тонна ет тапсырды. Республика малшылары Қызыл Армияға 110 мың ат берді, бұл 10 атты әскер дивизиясының құруға жетті. Соғыс өртіне шалыған аймақтардан эвакуацияланған жүздеген мың адамдарды, кейіннен саяси құғын-сүргінге түсіп, депортацияға ұшыраған 1 миллионға жуық әртүрлі этнос өкілдердін қабылдады. Мұның бәрі республикадағы әлеуметтіктұрмыстық жағдайы оған әрі күрделендіргені белгілі. Халқымыз осының бәріне ерекше төзімділік көрсетіп, тағдыр талқысымен келгендерге қол ұшын берді.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ергілі үшін 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Ал олардың қатарындағы қазақтардың саны 100 еді. Ұлы Жеңіс әкелген құндылықтар туралы айтқанда ойға ең алдымен сол бір қантөгіс, жиһангерлік соғыстан аман қайтқан ағаларымыз бен апаларымыздың соғыстан кейінгі қоғамдық өмірдің әр саласында атқарған адамгершілік, тәрбиелік, отансүйгіштік, жас ұрпаққа қамқорлық, әділеттік пен тазалықтық қоғаушысы болған ерекше миссиясы туралы айту парыз.
Соғыстың от-майданында жүріп “алты малтаны ас етіп”, “толарсақтан қан кеше жүріп”, елге жеңімпаз ретінде оралған олар соғыстың ерлік рухын, адам бойындағы бар қасиетке сын болған алапат қиыншылықта өзінің азаматтық арына дақ түсірмей, тіпті дәлірек айтсақ қазақ ұлты ұландарының ерлігі мен мәрттігі, жанкештілігі мен төзімділігі туралы бүгінгі ұрпаққа жеткізген кешегі өткен Бауыржан Момышұлы мен Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев бастаған жазушылар мен ақындардың шығармашылдық ерлігін, бүгінгі ортамыздағы қайырымдылық пен әділдіктің, патриоттықтың жыршысы һәм күзетшісіндей Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әзілхан Нұршайықов және басқаларды айту парыз. ...Иә, 1945 жылдан бері көп оқиға болды. Бірнеше ұрпақ ауысты. Едімізде түрлі күрделі оқиғалар болды. Әлемнің саяси картасында Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті берік орын тепті. Кеңес жауынгерлерін өз туының астына топтастырған коммунистік идеология мұрағатқа кетті. Соғыстың қорытындысында қалыптасқан социалистік лагерь, әлем саяси дамуының бағытын анықтаған Ялта бейбітшілік шарты, Варшава Шарты ыдырады...
Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі әлемді таңқалдырып, мойындатты. Оған қазақстандықтар мен қазақтар қосқан қасиетті де қаһармандық ерлік үлес – ерлікті біз мақтан тұтамыз. Аға ұрпақтың ерлігі мен әскері даңқы жас ұрпақты Отанымыздың болашағы үшін азаматтық жауапкершілікке, елін қорғауға әзір болу рухын сіңіреді. Олардың ерлігі алдында тағзым етіп бас ию тірілерге қажет. Ер есімі- ел есінде мәңгі сақталады. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмақ емес.Тәуелсіз Қазақ елі өз боздақтарын қастерлеп, қасиеттейді!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі