Тәрбие тал бесіктен

Тәртіпсіз ел болмайды тәртіпке бағынған құл болмайды.
Б.Момышұлы

"Тәрбие басы тал бесік"деп қазақ бекер айтпаған.Ең бірінші бізге білім емес тәртіп керек яғни білім алу үшін тәрбиелі инабатты болу қажет.Халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген.

Қазіргі таңда болашақ ел жастарымыздың тәрбиесі ақыл парасаты құлдырау үстінде.Сол себептіде алдын ала бұл істі қолға алу қажет.Адамзатқа ең алдымен тәрбие кейін білім."Білімсіз тау тасты қопара алмайсың,тәрбиесіз өз ортаңда сыйлы бола алмайсың".
Адамның тәрбиесі өзінен емес.Ең алғаш адам жарық дүние есігін ашқанда-ақ оның ата анасы оған жүруді сөйлеуді кейін тәрбиелі азамат болуына ат салысады.Ал сол тәрбиелік маңызды бойымызға сіңіру өзімізге байланысты.Кейін ол мектепке барады,мектеп оның 2-ші үйі ал мұғалімдер 2-ші ата анасы.Осылай болғандықтан ба,мұғалімдеріміз де ең бірінші бізге тәрбиенің өмірімізде үлкен рөл атқаратынын санамызға сіңіреді.

Егер болашақта осы тәрбиелік маңыздың құлдырауы болса ше?Әбден мүмкін! Себебі қазіргі таңда ұялы телефонның әсері өте жоғары.Сол себепті де бізге тәрбие мен талап қажет.Балаға тәрбие маңыздылығын үнемі үйретіп отыру бұның ең басты кедергісі бола алады.
Қорыта келе тәрбиенің ең маңызды екенін түсіндіру,жеткізу біздің міндетіміз Егеменді елдің болашағы,тірегі,елімізді дамытатын жастарымызға дұрыс бағыт беру,жақсы тәрбие беру біздің парызымыз.......
Эсселер
Толық

Менің болашақ мамандығым

Бұл өмірде адам үшін өміріңдегі ең маңызды құбылыс,ол - оның болашақ мамандығы. Өз өмірінде ең бастысы мамандық таңдаудан жағылмауы қажет. Мамандық таңдау - сені үлкен өмірге жетелейтін баспалдақтардың алғашқысы. Дұрыс таңдалған мамандық - болашақтағы бақытты өміріңнің кепілі.

Мамндық - жай күнелту ,ақша табу емес. Әр адам өз мамандығынан рухани күш алып,еңбектің рахатын көреді. "Ұялмаған әнші болады, ерінбеген етікші болады",- деген халқымыздың дана сөзі бар. Тіпті етікші болсаңда өз ісіңнің шебері бол. Мамандық таңдаған сәтте сол кәсіпті сүйіп таңдау қажет. Болашақта бізді үлкен асулар мен биік белестер күтіп тұр. Білімді аға-апаларымыз тәрізді еліміздің дамуына зор үлес қосуымыз қажет. Ол үшін өзімізге ұнайтын мамандықты адаспай тауып алу керекпіз. Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өміріңде өкінбейтіндей, өз қабіліті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. . . Бұл өте жауапкершілігі мол маңызды іс. Мамандық таңдаған кезде адам ең алдымен өзін,өзінің бейімділігін біліп алған дұрыс. Өз-өзіне "Мен кіммін?","Өмірдегі орным қандай?" деген сұрақтарға жауап бере алуы тиіс. Бүгінде мамандықтың түр-түрі бар. Оларды іріктеп,өз икеміме сай келетін мамандықты таңдап оырмын. Мен таңдаған мамандық - журналист мамандығы. Бала кезден қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін сүйіп оқыдым. Поэзияға жақын болып өстім,кештерді жүргізгенді,сценарий жазғанды қатты ұнататынмын. Сол себепті журналист боламын деген шешімге келдім.....

Шығармалар
Толық

Менің Отаным — Қазақстан

Менің Отаным — Қазақстан
Пай-пай!
Қазақ жері!
Неткен байтақ
Әдемі!
Тау мен тасы,
Күні, гүлі
Әдемі!
Ашық аспан,
Бейбіт елі
Әдемі!
Туған өлкем!
Кең жазира,
Байтақ жерім
Гүлдене бер,
Жасай бер, Қазақстаным!

Мен — қазақстандықпын! Менің Отаным -Қазақстан. Алтын күмбезді көгімде қыран құсты байрағы желбіреген, айбарлы әнұраны асқақтаған, даңқты туған жерімнің жас қазақстандық екенімді мақтан тұтамын.

Туған елім небір сұрапыл оқиғаларды бастан кешірді.Соған қарамастан, мойынұсынбай әлем картасынан ойып тұрып керегесі мықты «Қазақстан» деген мемлекет орын алды......
Шығармалар
Толық

Қытай ойыншықтарының зияны

Қазіргі таңда әрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аянбайды. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр-түрін әперуден ата-ана жалықпайды. Өкінішке қарай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Қытайдан әкелінеді. Алайда кейбір ата-ана осы ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына қауіпті екенінен хабарсыз болғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екендігін біле бермейді немесе білсе де немқұрайлық танытады. Соның салдарынан бала азап шегеді.

Ойын бала үшін — нағыз өмір.Ойын арқылы бала өмірге әзірленеді. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ал ойыншықтар баланы жан-жақты тәрбиелеу құралы. Бала ойыншықпен ойнай отырып, дүниетанымы қалыптасады. Қимылы дамиды. Қолдарымен, саусақтарымен жұмыс істеу барысында баланың миы да дамиды. Ойыншық баланың ойлау қабілетін дамытып, оның шеберлігін, дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.

Ертеректе, заманның қысылтаяң кезеңінде аталарымыз ағаштан жасалған әр түрлі жануарлармен, ал әжелеріміз сабаннан жасалған ойыншықтармен ойнаған. Қазірде тәуелсіздігін алған Қазақстан ұрпақтары үшін ойыншық қол жетімді дүние. Қазіргі таңда, базарлар мен дүкендерде бала көңілін аулайтын саналуан ойыншықтар бар. Әдемі қуыршақтары түрлі-түсті жұмсақ материалдан тігілген, қабырғасын бассаңыз, әндететін қуыршақтар мен үлкен машиналар, тіпті, атыс-шабыс қаруларынан тұратын ойыншықтар жиынтығын да кездестіруге болады. Дегенмен бүгінде сауда айналымында ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы сын көтермейді. Қыруар қаржыға сатып алынған ойыншық бала ойынына шыдас бермей, әп-сәтте «істен» шығады. Сондай-ақ Қытайдан жеткізілген қауіпті ойыншықтардың қауіп-қатерге толы, құрамында адам ағзасына зиянды улы химиялық заттардың бар екенін айтып, бүкіл әлем дабыл қағуда. Дабыл қағып қана қойған жоқ, оған қарсы шаралар қолданылып жатыр......
Шығармалар
Толық

Қыз - қазына

Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз,
Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз
М.Әуезов

Біздің қазекеңдер қыз баласын қонақ ретінде сыйлап, төріне шыығарып, бетіне келмей,нәзік гүл екендігін сезіндіре білген.Тал бесігінен жат жұрттық екендігін түсіндіріп, бойына асыл текті қасиеттерді «қызым саған айтам, келінім сен тыңда» қағидасына салып тәрбиелеп отырған. Тек ділімізде ғана емес, дінімізде қыз баласының наласы мен ризық- несібесінің мол болатындығы, жақсы қыз әкесі мен ағасын бірдей жұмаққа кіргізетіндегі, риза кейпі сол үйдің байлығы мен берекесін ұйытатыны хақ дүние.

Ең алдымен «қыз баласы» деген ұғымға тоқталып өткенім дұрыс шығар. Мен үшін қыз- болашақ ана, аяулы жар, үлгілі келін. Қыз баланың тәрбиесі тек өзінің ғана болмысын көрсетпейді. Дүйім жұрттың, бір қауым елдің, қырық үй қарайласқан аялы алақан мен үлгілі өнегінің бейнесі. Бойға сіңген қасиет арқылы сыйы артып, сыбағасын алады. Бір қызды тәрбиелеу- бір ұлтты тәрбиелеу. Қазақта «әйел -ана», «әйел- жар» деген керемет тіркестер қалыптасқан. Расында, әйел мен ана, қыз бен келін т.б атаулардың қандай айырмашылығы бар?......
Эсселер
Толық

Өмір жайлы бір үзік сыр

Өмір – адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осы сөздің астарында үлкен мағына, терең сыр жатыр.

Өмірдің мәні жайлы әркім әр қилы ойлайды. Мен үшін өмірдің мәні - осы бізге берілген сыйды бағалай білу, аялай білу, ардақтай білу.Өмірдің мәні адалдық, адамдықта.Бір күндік өмірдің мәні болмайды.Мен әр кеш сайын өзімнің өткен бір күніме талдау жасап, саралаймын.Дұрыс емес жерлерімді түзеп, келесі күні ол қателіктерімді қайталамауға тырысамын.Бастысы, сол қателікті уақытында біліп отыру керек деп ойлаймын.

Кей кездері біреулерді өсектеп, я болмаса кей өсектерге сеніп жатамыз.Оның шын не өтірік екенін саралап бас ауыртпаймыз.Ал өзге емес, өзімізге бір рет болса да сыни көзбен қарасақ, өмір анағұрлым мәнді де мағыналы болар ма еді деп ойлаймын.

Өмір – сырға толы қызық әлем. Жүрекке бірде қуаныш сыйлап, шаттандырса, бірде еріксіз мұңға бөлейді.Өмір – ғажап, өмір – тәтті! Өмір сұлулық пен үйлесімділікті талап етеді, адам мен адамгершілікті қалайды.Бірақ біз осы жалған дүниенің қадірін білеміз бе? Қайталанып келмейтін, Алланың берген сыйын адамгершілік, имандылықпен неге өткізбеске? Ғажайып өмірді адамдардың неге жақсы көрмейтініне таң қаламын.Айналадағы адамдарға қарасақ, бәрінің өз өмірі, тірлігі бар.Біреуі қиналады, біреуі қуанады, біреуі дүниеге келіп жатса, енді біреуі қабірде жатады.Кейбір адамдар осының бәрін біле тұра, Алланың сынағына шыдамай, «Мен шаршадым, өмір сүргім келмейді» дейді.Қандай жағдай болмасын ақыл-ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек.Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен,сәтсіздіктен, қайғы мен қуаныштан құралады.Міне, өмірдің өзі біле білсек, сонысымен қымбат.Өмірде бәрі өткінші.......
Эсселер
Толық

Ұлттық құндылық - ұлт болмысы

Ұлытаудың ұлы көшінен басталатын ұлағатты елімнің ұлылығы мен қадірлілігіне қайран қаламын... Тәлкекке толы тағдырдың сан түрлі соқпақтарынан өту, қасиетті даласын қорғау жолында аянбай тер төгу, ұлттық һәм рухани құндылықтарымызды ұлықтау-асыл ата-бабаларымыздың өнегелі өмірін айқындай түседі.Жарқын болашаққа басқан әрбір қадамымыз-болаттай шыңдалған халықтың ащы тарихы мен мәдени салт-санасын, әдет ғұрпын ұрпақтар бойына құюға үндейді.Қадірлі қазақтың ұлттық құндылықтары- аңызға айналған ішкі әлемі, жаһанды елтіткен ұлы мұрасы, тұғырлылыққа жетудің яки азаттықты нық ұстаудың биік үлгісі, қайталанбас бағалы қасиеттері.Халық болып қалыптасу үшін қажеттісі-кең-байтақ дала ғана емес, оның тереңге жайылған тағдыры, тарих сахнасынан ойып тұрып алар орны бар тұлғаларының игілігі мен көзсіз ерліктері, киелі санайтын мәдениеті, тіршіліктің әуенімен тыныстаған ұлылыққа толы тілі, ділі де ауадай керек.Сан ғасырлар бойы ұлттық құндылығымыздың өзіндік көрінісі ретінде сыр шертетін, байлыққа кенелген қойнауымыздың алтынға бергісіз қазынасы-халқымыздың руханилығы дер едім.Осы тұста сайын даламыздың аңсап өткен азаттығына қол жеткізуіне ерекше үлесін қосып, жарқын бастамаларды жүзеге асырып, қандастарын кіндік қаны тамған жерін шексіз сүюге шақырған арда азаматтардың бірегейі, тәуелсіз қазақ елінің алғашқы басшысы-Нұрсұлтан Әбішұлының да мерейін паш өткеніміз жөн болар.Осындай тұжырымға келуімнің де бірнеше себебі бар: елі сүйген Елбасымыз ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қайнар бұлақтың көзін тапты, баршамызды зеңгір көкте самғаған қыран іспеттес болашақты бағдарлай білуге үндеді, елі десе-егіліп, халқы десе-төгілетін өресі биік, ұсынақты әрі қағілез тұлғаларды қалыптастыру үшін аянып қалмайтындығын дәлелдеді.......
Шығармалар
Толық

Абай және ХХІ ғасыр

Өзі өмір сүрген заманның нағыз озық ойлысы, елден ерек туған еңселі ері, қараңғы қазақтың шам шырағы атанған ардақты Абайдан алар тағылым мен түйер ойлар орасан зор. Тыңғылықты тыңдаған мен терең түсінген жанға Абай айтқан асыл сөздер- адасқанда жолына жарық болса, сүрінгенде сүйенер сенімді серігіндей болатыны анық. Абайдың ой- тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады. Мысалы, жұп- жұмыр жалғыз ғана «Сегізаяқ» өлеңінің өзінде қазіргі кезде белең алып, етек жайған сан түрлі жағымсыз қасиеттерді қатты мінейді. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деген ойлы- өнегелі сөзі қаншалық қастерлі, көп аузынан түспейтін халық мәтеліне айналып та кетті. Расымен-ақ көзіміз күнде жетіп жүр, еріншектік, масылдық, тойымсыздық, босаңдылықтың адам өмірінің астан- кестеңін шығарып, тіпті түбіне жетіп азғындалатыны өзегімізді өртей түседі. Нәпсі мен дүниеқоңыздық адамды адам санатынан хайуандай жиренішті әрі бишаралық күйге түсіріп жібереді. Ақынның кесек ақыл мен жетік білгірлігі соншалық мұншалық маңызды мәселелер мен түйткілді ойларды орамды тілмен, кестелі сөзбен, аз сөзге көп мағына сыйғыза білдіруі сөз ұққанға мол өнеге. Айтып ауыз жиғыза алмастай, бұдан өзге де ақын қырын жан- жақты дамытып, оқырман көңіліне кереметтей сергектік, әсіресе, жастарға жаңаша серпімділік пен жадына жақсы тұтар тәлім- тәрбие беретін дана ақынның ойлы туындылары есепсіз көп. Аз ғана мысалмен айтпағымды айқын жеткізгім келеді, яғни Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігін ақын шығармаларынан анық аңғарамыз. Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын қараңғы қазақты, қалың елді, қадірлі ұлтын білімділікке, кесел мінездер мен жат әдеттерден аулақ болуға, ғылымға бейіл бұруға шақырған үндеуі, үні, айтқан асыл сөздері естен мәңгі кетпестей қасиетті мұрамыз болып сақталып келеді......
Шығармалар
Толық

Ауылымды сағынып жүрмін

Бүгін тағы да түс көрдім. Таңғы арай. Мейірім толы бір таныс өлке өз-өзіне шақырады. Танауымды қарып өткен таңғы салқын ауа мұнша жылы сезілетінін кім білген? Жағасында сайран салып, құмнан соғылған қалашықтың ханшайымы сезінетін арғы беті көкжиекпен астасқан өзіміздің тып-тынық көл жағасында келе жатырмын. Менің балалық бал дәуренімнің бар естелігін, шад-шадыман күлкімді қойнауына сақтап қатпарлы жар әжімді қарт секілді күліп қарайды. Аяғы әсте тайып сонау басынан төменге дейін сырғанап құлап, сонан соң рахаттана күлетін балапан қыздың бойжетіп, өзіменен бой жарыстырып тұрғанына таңырқап қарайтын секілді. Қораздың ку-ка-ре--ку-лап шақырған жағына бет алдым.

Көтерілген күнмен таласа оянып, ауыл адамдары шаруасына кірісіп кеткелі қашан. Қой-ешкілерді шетеннен шығарып, көршілерімен шүйіркелесіп атам жүр. Немерелері көрпесін тартып алып, әдеттегідей әжем тоңып оянса да, "Нұрболым" (мінезі ер баланыкындей деп ер баланың атымен атайтын) деп ерекше махаббатпен иіскеп, шелегін сөмке секілді қолына іліп, мөңіреген бұзауларды енесімен табыстыруға бет алады. Жеңгем қайнатқан самауырдың кернеуінен будақтата шығып, масаханада тәтті ұйқыда жатқандарды түтін түрткілеп оятуда. Үйдегілер бірінен соң бірі сап салқын сумен бетін шайып үлкен дастархан басына жиналады......
Эсселер
Толық

Әкенің жақсысы жездедей-ақ

(Әкем туралы бір үзік сыр немесе мақалға қарсылық)

Әкем кітап жинағанды жаны сүйетін. Таңдап түскен мамандығы математика пәні мұғалімі болса да, әдебиетті пән мұғалімдерінен артық білуші еді десем қателеспегенім болар. Алыстан келе жатқанда адамның көзі еріксіз түсетін түр-сипаты келіскен, көп ой үстінде жүретін жан еді. Қанша қатал адам болғанымен жүзінде бір жымиыс ұшқыны жан баласын өзіне тартып тұратын. Өзге кісілер балаларына ойыншық әкеліп берсе, әкем әртүрлі баспадан шыққан мұқабасы көз тартарлық, қызықты жаңа кітаптарды сыйға тартып, өзі секілді әдебиет пен өнерді бағалайтын ұрпақ болып өскенімізді қалайтын. Егде жастағы қарттармен де, балалармен де тең сөйлесіп, терең ой иесі ретінде сұхбаттасатын. Ақыл-ойы әлі толыспаған, мектеп қабырғасында оқып жүрген менен де зор үміт күтіп, әр айтқан сөзіме мән беріп, мұқият тыңдап пікір қосатын еді. Бір күні әдеттегідей қызу талқы кезінде, ойымда жүрген сауалымды ортаға салдым.

- Көке, осы бізде «әкенің жақсысы жездедей» деген мақал бар емес пе? Не үшін олай айтқан, сонда әкелердің махаббаты әлсіз бе? – деп әкеме сұраулы жүзімді аударып, ренжи қарадым. Көкем болса, аз-кем ойланып, жымиып:.....
Шығармалар
Толық