Үйлену тойында әке тілегі мен батасы

Мейірімді Алла Тағала «Кім Менен сұраса, Мен оның сұрағанын беремін» деген екен. Ендеше, бәрін Естуші, Көруші, Жауап қатушы Алладан бауыр еті балаларымызға баянды да берекелі ұзақ ғұмыр сұраймыз. Алла екі жастың арасына сүйіспеншілік пен мейірім орнатып, бір-біріне деген сезімін суытпасын, құрметтерін, абыройларын арттырсын! Тура жолға салушы Алла  жүректеріңді дұрыс жолға бұрсын. Жаңа құрған жас отауларыңа мейірімін жаудырсын. Сый беруші Алла шаңырағымызға шаттық пен қуаныш сыйлап, біздің тек дәл осындай қызық пен қуанышта, ақ дастархан аясында бас қосуымызды нәсіп етсін! Аса Бай, Ризықты мол етіп беруші Алла, балаларымыздың несібелерін арттырып, ризықтарын берекелі етсін! Бір-бірінен тыныштық, тыным тауып орнығуларын, бір-бірінің көз қуанышы болуын, ұрпақтарының елге, дінге қызмет ететін саналы, салиқалы болуын нәсіп етсін!

Қазандарың ортаймасын, шаңырақтарың ортасына түсіп, шайқалмасын, қарақтарым!

Баталар | Құттықтау, тілектер
Толық

Тойға арналған мұсылманша тілектер топтамасы

«Тілектің ең жақсысы әдемі айтылғаны емес, қабыл болғаны», - деген екен данышпандар. Иә, «Шешен сөзден не пайда, болмаса көпке сіңімді?!» дегендей, жұрттың алдында әдемі сөйлеу бір бөлек, алайда екі жасқа шын жаны ашыған адам, ең алдымен, тілегінің қабыл болуын, олардың бақытты ғұмыр кешуін қалайтыны анық. Кейде қанша тойға барсақ та, аузымызға дұрыс сөз түспей, «Бақытты бол!» дегеннен әрі аса алмай жатамыз. Алайда, микрофон ұстап, сөз алу деген – дүйім жұртты аузыңа қарату, назарын аудару, көпшілікке де, жастарға да өнегелі, тағылымды дүниені айтып қалудың мүмкіндігін алу деген сөз. Ендеше, талай адам бас қосқан салтанатты жиында сөзден тосылып, өзгелерге қосылып қалмау үшін төмендегі бірқатар тілектердің топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

Құттықтау, тілектер
Толық

Абылай

АБЫЛАЙ есімінің мағынасы - араб тілінен аударғанда "әбіл" сөзі әке деген мағынаны береді. Ай - планета, ол әдемілік пен адалдықты және мәңгілікті білдіреді. Тарихи есім - Абылай хан.
Есімдер мағынасы
Толық

Аягөз

Аягөз есімінің мағынасы -  екі мағынаны білдіреді,ая және гөз,《ая》сөзінің мағынасы айнала,кеңдік дегенді білдіреді,ал 《гөз》көз,қарау,дене бітім деген мағыналарды білдіреді.

Есімдер мағынасы
Толық

Қасым-Жомарт

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ есімінің мағынасы – арабтың «қесм» (бөліп беруші, таратушы) және қазақтың «жомарт» (қолы ашық, мырза, молдық, кеңдік) сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Және де бұл жерде парсының «жавон+мәрд» (жас+еркек) сөзінің «жомарт» сөзімен төркіндес екендігін айта кеткен абзал. Қазақ бұл есімді жаңа туған сәбиге «қолы ашық, ағайын-туысқа қамқор, қара қылды қақ жарған әділ болсын» деген ниетпен қояды. Түркі жұртында тек қазақтарға ғана тән есім.

Есімдер мағынасы
Толық

Алфавит бойынша қазақша түс жору

Әрбір адам ұйқы кезінде қызықты және мағыналы түстер көреді. Көптеген адамдар, оның көмегімен болашақта болатын оқиғаларды білуге болатындығына сенеді. Адам түс көріп уайымдай бермесін деп қазақ мынадай мәтел айтқан: «Түс түлкінің боғы». Сондықтан әр қашан Аллаға сиынып, өзінен амандық тілейік. Бұл мақаладағы материалдар, Миллердің түс жору кітабы және т.б. алынған.

Түс жору
Толық

Қазақстанның сәулет өнері

Еліміздің аумағында сәулет өнері орта ғасырлардан бастап дами бастады. Ерте замандағы Қазақстан сәулет өнерінің керемет туындылары ретінде Айша Бибі кесенесі, Көрпеш-Баян сұлу мазары, Домбауыл кешені, Діңгек ғимараттарын айтуға болады.


Кеңес дәуірінде салынған ғимараттар ішінен Алматыдағы Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры ғимараты, «Қазақстан» қонақүйі, Республика сарайы, «Медеу»....

Эсселер
Толық

Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер.

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі»

 

Орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

 

Қауіпсіздік ережесі. Денсаулық туралы негізгі түсініктер.

ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Дені саудың - жаны сау (спорттық - ойын сауық)

Тақырыбы: Дені саудың - жаны сау (спорттық - ойын сауық)

Мақсаты: салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.Берілген жан - жақты дамытатын жаттығуларды, негізгі қимылды сапалы орындай білуге, жаттығуларды дұрыс орындау дағдысын қалыптастыру, , жаттығу кезінде денені түзу, тік ұстай білуге дағдыландыру. Қол, иық, аяқ, табан, бұлшық еттерін жетілдіру.Берілген тапсырманы ынтамен тыңдай білуге тәрбиелеу, Дене мүшелеріне массаж жасату. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.

Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық