Бухгалтерлік есеп | Қызметкерлермен есеп айырысу есебінің аудиті

Кіріспе
Нарықтық қатынастық экономикаға көшу барысында бухгалтерлік есеп және аудит қызметінің алатын орны және қажеттілігі артуда. Еліміздің экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми,білім мен практикалық (тәжірибелік) қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді.Бұл – аудит.Себебі нарықты қатынас принципімен дамуды қамтамасыз ету ‰шін сол елде – бєсекелестік қамтамасыз ету ‰шін шешуші роль атқарады. Бєсекелестікті қамтамасыз ету ‰шін µте қатал бақылау-тексеру болуы қажет. Соның нєтижесінде ғана нарықтық қатынас жолмен дамудың тиімділігі іске асырылады, немесе “ойын тєртібі” сақталмаған елде экономикалық нарықты қатынас жолымен дамудың тиімділігі іс ж‰зінде орындалмайды. Сондықтан да аудит ж±мысының қажеттілігі кµптеген себептермен анықталады. Б±л себептерге біріншіден, кєсіпкерлердің µз шаруашылығының тиянақтылығының қамтамасыз етілуі, екіншіден, µз ж±мысына µзі сенімді т‰рде басқару ж‰ргізуі, ‰шіншіден, кєсіпкерлердің µзара қарым-қатынастарда сенімді ж±мыс істеуі мен µзінің капиталының тиімділігіне сенімді болуы жєне тағы басқалар жатқызылады.
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңында мынадай анықтама берілген «Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады».. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Ұлттық ойын: Марламқаш

Марламқаш, жазды күні ойнайтын, жас жеткіншектердің ойындарының бірі. Бұл былай ойналады: қараңғы түндерде жастар жиналып екіге бөлінеді, бір бөлегі киімдерін тастап, алысырақ жерге барып, жасырынып жатады. Жасырынғандардың саны қанша болса, іздеушілердің саны да сонша болады, олар жасырынғандарды іздеп тауып, ұстауға шығады.

Сонда іздеушілердің іздеуге шығысымен айқайлап жүріп айтатыны:

Марламқаш,
Мені көрсең,
Тұра қаш!

Жасырынған ойыншылар іздеушілер үстіне жақындап келіп қалғанша тырп етпей жата береді. Үстінен дәл түссе, ұстатпауға тырысып, тұра қашады. Ойынға жарамайтын жас балаларды киімдерінің қасыңа қалдырып кетеді.

Бұл жерді «Орда» деп белгілейді. Табылған ойыншы соған қарай қашуға тырысады. Егер іздеуші ойыншы қашқан ойыншыны қуып жетіп ұстап алса, ордаға жеткенше оның арқасына мініп келеді. Бұл қолы жеткендерге үлкен бақыт деп саналады. Жеткізбей құтылып кету де қашушы ойыншыға сондай бір дәреже. Мінгізгеннің қабағы түсіп, мінгендердің көңілі шат болып, жеткізбегендері қуанып, жете алмағандары ұялып, барлығы да ортаға жиналады. Ойын қайта басталғанда екі топ орындарын ауыстырады, тығылғандар енді іздеуші, ал іздеушілер жасырынатын болады......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Бәйге мен аламан бәйге

Қазақ халқының ұлттық спорт ойынының бірден-бір көп тарағаны — бәйге мен аламан бәйге. Спорттың бұл түрінің өзгеше бір ерекшелігі сол — жарыс тек жазық жерлер мен ипподромдарда ғана өтіп қоймайды, спортшының өзі мен оның атына жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы, жасанды, бөгесінді жерлерде де өткізіледі. Бір жағынан, бұлайша жарысты бұрын белгісіз, ойлы-қырлы жерлерде өткізу қазіргі заманғы ат спортының классикалық түріне жуықтайды. Бұл республиканың жергілікті халықтары арасында спорттың классикалық түрлерін кеңінен таратуға өзінің пайдасын тигізетіні сөзсіз.

Әсіресе аламан бәйгенің спортшының тактикалың шеберлігін жетілдіруде маңызы орасан зор. Жарыста мықты да жылдам спортшылардың бәрі бірдей жеңе бермейді, мұнда кімде-кім жарысты жаттығу жағынан дұрыс құрып, жағдайды дұрыс бағалап, жарыстың барысында атының күшін тиімді пайдаланса ғана жеңіске ие болад.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Күзем алу

Халықтың қой бағуға байланысты еңбегін бейнелейтін мерекеге ұласатын ойын-сауық ойындарының бірі — «Күзем алу» болып өткізіледі де, үлкен тойға ұласады. «Күзем алып» жатқан ауылдың сыртынан байқастаған адам, ығы-жығы адамдарды көрер еді, біреуі ән салып, бірі күй шертіп, енді біреулерінің айтысып жатқанын естисің, жүнді шаңырақтан шығара көтере сабаған жастар, киізді шиге орап қарпығанда, жон асырып бір ауыл мен екінші ауылдың арасында домалатып теуіп жүргенде де, әзіл мен айтыс өлеңдерді, киізді басуға арналған ән-жырларды айтады. «Қой басты, қой басты»,— деп үлкен үйлердің алдына әкеліп — ырымын алады. Қазіргі «Өрмек биі» осындай халық ойындарынан алынған......
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Қалтырауық қамыр кемпір және Ақ боран

Қазақ халқының ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының көпшілігі осы ойынмен басталады. Наурыз мейрамында бұл ойындар екі жақтың тартысы арқылы ойналып, қыстың қысылшаң қаттылығын бейнелейтін болған.

Наурыз кезінде жақын екі ауылдың келісуі бойынша, мерекеге жиналғандар екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың аты — «Ақ боран» да, екінші топтың аты — «Қалтырауық қамыр кемпір». Әр топ ойын басталмас бұрын өздерінің ішінен өнердің барлың саласына қатынасатын (ақын, палуан, мерген, найзагер, құсбегі, шабандоз тағы сол сияқты) ойыншыларын дайындап, сайлап алады да, жиналған қауым екі ауылдың ең үлкен ақсақалдарының батасын алады.

Ойын ең алдымен екі жақтың ақындар айтысымен басталады. Бірінші күні-ақ айтысқан екі жақтың тартыс-бәсекесінен біріне-бірі оңайлықпен беріле қоймағандығы байқалады. Мереке өнердің барлық саласынан-ақ осындай қызу тартыспен өтеді.

Ақындар айтысы бітісімен, палуандардың күресі басталады.

Палуандар күресі біткеннен кейін «жаяу жарыс» басталады. Бұл ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Екі топтың өзара келісімі бойынша белгіленген екі көмбенің арасын жүгіріп өтулері керек. Жаяу жарысқа қатысушылар нақтылы қандай қашықтыққа жүгіретінін ешқайсысы білмеген, өйткені бұл екі көмбенің арақашықтығы еш уақытта өлшенбеген. Тек бертін келе ғана мөлшермен өлшене бастады. Шамамен бірден үш шақырымға дейінгі қашықтық алынған жаяу жарысқа қатысушылардың әрқайсысы өзінше жүгіріп, бірінші келгені жеңімпаз атанған.

Бұдан кейін халқымыздың ат үстінде ойнайтын ойындары басталып жалғаса беретін болған.

Ат үстіндегі ойындардың бір түрі «Жамбы ату». «Жамбы ату» ойыны қазақтың ата тегінен бері келе жатқан, болмаса аңшылық кәсібінен қалған, келе-келе көз ұшындай жерге жамбы тігіп, соны ататын, көңіл көтеретін, бүкіл жұрт болып қызықтайтын ұлттық ойынына айналған. Бұл ойын халықтың ұлт ерекшелігін көрсетеді. Себебі қазақтар жамбыны ат үстінде тұрып, болмаса шауып келе жатып қана атқан.

Мұның өзіндік ерекшелігі мынада: қазақтар жамбыны атқанда бүгінгідей анандай жердегі тақтадағы нысананы көздемеген. Олар ұзын сырықтың басына мергенге арналған сыйлықты, болмаса жамбыны шүберекке орап, не ашық түрде жіпке байлап іліп қояды.

Мергендер жамбыны атқанда, оны байлаулы тұрған жібінен көздеп жерге түсіреді. Жамбыны атқанда әркім өз атының үстінде жүріп, не шауып келе жатып садақпен атады. «Жамбы атудың» қызықтылығы сондай, оны тамашалауға жиналған жұрт басқа ойындарды ұмытып бар назарларын соған салатындықтан, оны барлық ойындар өткеннен кейін, ең соңынан қызықтайтын болған. «Жамбы ату» ойыны тігілген жүлдені мергендер атып алғанға дейін жалғаса береді. Кей жағдайларда ойын қызығына қанбаған жұрт жамбыны үш ретке дейін тігеді.....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Есімде & Тобық

Мұны кей жерде «Тобық», ал кей жерлерде «Есімде» деп атайды. Бірақ, сайып келгенде, бұлардың негізі бір арнаға келіп құяды. Ойынның мақсаты: есте мықтап ұстау, жаңылшақтыққа, ұмытшақтыққа жол бермеу. Мұны көбінесе ересек адамдар ойнайды, олар өзара уәделесіп бәс тігіседі. Ойынның мерзімі қысқа болса, тобықты қолға қысып жүруге, ал мерзімі ұзақ болса, қалтаға салып жүруге де болады.
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Ұлттық ойын: Қыз кәде

Қыз кәде — ұлттық ойын. Бұл ойында ұзатылатын қыздың жеңгелері мен күйеудің қосшылары тартысқа түседі. Ойынды қыз жағының жеңгелері бастайды. Олар “қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу жоқ” деп жол-жора жасаттырады.
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық

Баланы жасына қарай тәрбиелеу

Баланы ұрып, жазалау – қазақ қоғамына тән «тәрбие амалы». Негізінде, баланы ұру әдеті олардың жауап қайтара алмауынан туған.

Алғашқы кезең – 5 жасқа дейін

Бұл шақта балаға патшадай қарау керек. Тыйым салу орнына, көңілін басқа нәрсеге аударуға тырысыңыз. Егер тәртіп бұзса, қабақ түйіп, қорқытқан түр жасап көріңіз. Мұндай «тілді» балалар жақсы түсінеді. Бес жасқа дейін баланың өмірге қызығушылығы артып, әр нәрсеге көңілі ауып, жаңа дүниені тануға құмар болады. Бұл шақта баланың логикалық ойлауы әлі толық жетілген жоқ. Мәселен, қымбат ыдысты сындырып алса, оны сатып алу үшін көп еңбектеніп, ақша табу керек екенін түсінбейді. Сондықтан, жазалауды әр істен тыю және күш көрсету деп қабылдайды. Демек, оған ыдыс сындырмауды емес, өзінен күшті адамнан қорқуды үйретесіз. ......
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер
Толық

Әдебиет | Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916)

Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.
Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып – анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған.
14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құйрығында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 ж. Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді.
Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Топ құрып, «ансамбль» болып сауық құру Балуан Шолақтың дәстүріне айналған.
Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда, Балуан Шолақ қазақтың әншілік өнерін өрістетуге үлкен үлес қосқан композитор. Көкшетау, Қарқаралы, Қараөткел, Сарысу бойындағы елдерді түгел аралаған. Балуан Шолақ Баян-ауыл, Семейде болады, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді. Осы сапарында Кенен Әзірбаев Балуан Шолақтың көптеген әндерін үйреніп, халыққа таратады.....
Рефераттар
Толық

Психология | Психология тарихы

Психология нені зерттейді? Ол қандай ғылым? деген сұрақтарды қарапайым адамдарға қойсақ, мынадай жауап алар едік: « сезім мен ойды», «адам мінезін», «адамның ішкі әлемін зерттейтін ғылым» т.б. Егер нақты терминологиясына мән бермесек, алынған жауаптарды шындыққа жанасымды деп есептеуге болады. Шын мәнінде де психология жоғарыдағы аталынғандарды және т.с.с. көптеген мәселелерді қарастырады.
Тарихтың ежелгі кезінен-ақ қоғамдық жағдайлар адамдардың бір-бірінен ерекшеліктерін айыра алуға, мінез-құлқын түсінуге мәжбүр еткен. Қай кезеңді алып қарасақ та, психология ғылымы адамдардың ішкі және сыртқы әлемімен қатар жүріп отырған. Оған мысал ретінде екі адамның бір-бірімен танысуын алайық. Мұнда бір адам мен екінші адамның бір-бірін қабылдауы, ол туралы өзіндік ойы, сөйлеуі арқылы пікір алмасуы, эмоция мен сезімі, мінезі мен адами қасиеттерінің кейбір жақтары алғашқы танысудан-ақ байқалады. Бұл жағдайды тұтасымен алғанда психикалық құбылыстардың элементтері құралады. Бір қарағанда қарапайым ғылым сияқты көрінгенімен психологияның дербес ғылым болуына қаншама ғасырлар қажет болған. Алғашында адамдар « мен кіммін?», «мені кім жаратты?», «жан дегеніміз не?», «ол қай жерде орналасқан?» секілді философиялық сұрақтардан бастаған. Бұл мәселелерді психология философиядан дербес ғылым ретінде бөлініп шыққаннан кейін тереңдете зерттей бастаған. Психология өз дамуында ұзақ жолды жүруіне қарамастан, нақты объекті мен пәнін, мақсатын қаншама рет өзгерткен.
Бірінші кезеңде психологияға жанды зерттейтін ғылым деген атау шамамен екі мың жыл бұрын берілген. Адамдардың өміріндегі түсініксіз жағдайларын жан арқылы түсіндіруге тырысқан.
Екінші кезеңде психология сана туралы ғылым деп аталынған. Оның басты себебі V ғасырдағы жаратылыстану пәнінің дамуына байланысты. Ол заманда сезіне алу, ойлау қабілеттерін ойлау процестерін санаға жатқызғандықтан, зерттеу әдісі ретінде адамның өзін-өзі бақылауы мен фактілерін жүйелеп баяндауын негізге алған.
Ал үшінші кезеңде  ғасырда пайда болған психологияны мінез-құлықты зерттейтін ғылым деп қарастырған болса,төртінші кезеңде психология объективті заңдылықтар мен психика механизмдерінің көрінуін зерттеген.
Бүгінгі таңда психология –жан құбылыстарының сыртқы және ішкі дүние заттарының әсерінен пайда болып, біртіндеп дамып, қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылымға айналған. Жалпы алғанда «психология» ұғымы ортағасырдағы еуропалық- діндарлардың ықпалынан туындағанымен, оны XV ғасырда неміс ғалымы Христиан Вольф ғылымға алғаш енгізген [1,6]. Психология термині гректің екі сөзінен (psyche- жан, logos- ілім) алынған, бұл «жан туралы ілім” деген ұғымды білдіреді. Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінуі мынадай. ....
Курстық жұмыстар
Толық