Бар еді бір атадан төрт бес түтін, Ағайын бірде жарты, бірде бүтін. Әдісі сол атаның малға жұмсап, Қолымды босатпайды я күн, я түн. Бармасам бәрі қарғап ұрысады, Кіргізбей үйлеріне тырысады. Олардың тіліп алмай босқа жүрсем, Жақтырмай мені көрсе бырысады. Құлағым елеңдейді ән дегенде, Кежегем кейін тартар мал дегенде.......
[quote]Ә с і м х а н Мен келдім Қордай аудан Кировіне, Ақынның ішіндегі жүйрігіне. Үмбеталы екеуің тең, өсіп ең, Көп тұрмын Үмбет жайын білдіруге. Ән қосқан бозторғайға Кенен едің, Өлең мен домбыраның кемелі едің. Айтпай-ақ ендігісін түсінерсің, Қолайсыз бір жұмыспен келген едім. Кенен мен Үмбеталы қарттарымыз, Жамбыл мен Сүйімбайға тартқаныңыз.......[quote]
[quote]Ежелден ол салты бар, Айтыс десе талпынар. Кәрі мен жас келгенде Ақын қиял шарқ ұрар. Ат қосқандай бәйгеге Озып келсе даңқы бар, Жүзден жүлде алғанды, Мадақтайтын салты бар. Айтысқа тән жол ашар, Асыл сөздер жарасар.......[quote]
[quote]К е н е н: Көсем адам сөз бастар, Көпті көрген жол бастар. Батыр адам қол бастар, Көсем серке қой бастар, Ақын адам той бастар, Ал, тыңдаңдар, жолдастар! Қордайдағы қос ақын Қозғамаса болар ма! Домбырасы — жан жолдас, Қолға алмаса болар ма.......[quote]
[quote]К е н е н: Бопина, келіп қалдым тойыңызға, Қуаныш сыймай келді қойнымызға. Бір қолқа салдым міне қабылдасаң, Қолымды артайын деп мойныңызға. Б о п и н а: Көркемжан ер жетті ме, Кенекем - ай, Тамаша жүрген жерің, мерекем - ай! Бақытжаның туыпты құтты болсын, Тойымды қызық қылған берекем - ай.......[quote]
[quote]К е н е н: Ақынның асқан алыбы, Халықтың болған тарихы, Сәлем бердік о, Жәке, Москва барып қайтқанда, Кеудеңе орден таққанда, Шаршап келіп тынығып, Өз үйіңде жатқанда, Келіп тұрмын о, Жәке, Орденіңді құттықтап, Қуанғаннан кеп едім. Тәуірмісің о, Жәке, Көрісейін деп едім! Отан қамын тіледің, Халық үшін жүрегің,......[quote]
[quote]К е н е н: Ақ серке ай мүйізді қой бастаған, Анық батыр жорықта жол бастаған. Атамыз қазақ халқы өлмес - өшпес, Торқалы міне осындай той бастаған. Батырмыз Компартия жол бастаған, Бұлжытпай нұсқауларын ел қостаған. Ақ отау жұртым тіккен орда мынау, Отанның ақынымын ойқастаған. Айталық партияға сансыз алғыс, Кедейді ең алдымен алға ұстаған. Халима, әріптесім, бері отыршы, Шал едім келінге көп жамбастаған.......[quote]
[quote]Ә с і м х а н: Ассалаумағалайкум, Кенен аға, Қордайдан ат арылтып келген аға. Біз сізді көрмегелі көп жыл өтті, Өлмеген көріседі деген, аға. Мөлшерлеп ән-жырыңды есепке алсам, Мұхиттың дариясындай терең аға. Жамбылдың бірге жүрген шәкірті едің, Аламыз үлгі-өнеге сенен, аға. Түсті деп осы ауылға естіген соң, Өзіңмен кездесуге кеп ем, аға. Жиналып өңшең ақын текке отырмай, Халыққа өлең айтып берелі, аға. Әндерің тізген меруерт сияқтанып, Жәкеңмен Москваға бір аттанып, Ағаның денсаулығы жақсы ма?— деп, Жүремін сыртыңыздан сұрап қалып. Тыңдауға бал сөзіңді халқың құмар, Үй толып, ел жиналды құлақтанып. К е н е н: Кенендей ел сыйлайды қариясын, Бір кезде қарияңды сағынарсың. Алмабай, Сартжан, Көшер, шақырып ең, Бұрылып келмей кетсем тарынарсың. Үйіне Бейсембайдың келіп түстім, Ауылдан мен шыққалы болды үш күн. Кешегі Байбуырлы Сарыбас ақын, Жамбылдың оң қолынан сарқыт іштім. Солардан көп әңгіме естігемін, Жігітке пайдасы жоқ асығыстың.......[quote]
К е н е н: Шашеке, амансыз ба, күйлі-жайлы? Өнерге өрен аға сегіз сайлы. О, шіркін, кәрілік те кеп қалыпты, Аяғы бұл өмірдің түйе - тайлы. Алабын Алатаудың әнмен жайқап, Көрген ең қырғыз, қазақ көп жамайды Айтысып Сарыбас, Жамбыл, Қуандықпен, Ән, күймен құйқылжытып сән сырнайды. Асында Ноғайбайдың алғашқы рет Көргенім мініп барып жайдақ тайды.......
Кенен: Ел анасы — жер болар. Ел ағасы — ер болар. Кіндік кесіп, кір жуған Жер балаңмен тең болар. Ұшқан құс қонбай қоя ма? Еңбексіз қарның тоя ма? Ел мен жерден сыр алмай, Аң қуған жолы бола ма? Ат мойнында тұмарсың, Ат аунаса сынарсың, Ал, қызыл тіл, сайрашы, Ажал жетсе тынарсың. Сұлуға, көзім, қарашы, Топырақ басса жұмарсың.......