Мәриям Хакімжанова (Ана сыры)

(Дина Нұрпейісоваға арнаймын)

Дүние ұзақ сапар, бір кең сарай,
Адамзат алуан-алуан келген талай.
Біреулер сайрандаса тамашалап,
Біреулер азап шегіп өткен жылай.
Өмірдің талай асқар биігінен,
Кім өткен не сүрініп, не құламай.
Жүрегін оққа ұстап ер шабады,
Күн туса, ел басына екі талай.
"Айда аяқ, жылда жілік жоқ, шырағым,"
Деп бастады кәрі ана сөзді осылай.
Жанарсыз жасаураған....
Өлеңдер
Толық

Мәриям Хакімжанова (Кім білген)

Қиындық көрмей өмірден,
Өмірдің құнын кім білген?
Махаббат таппай көңілден,
Көңілдің құнын кім білген?
Тегеурін таппай тeмiрден,
Темірдің құнын кім білген?
Қызулық таппай көмірден,
Көмірдің құнын кім білген?
Қайғылы болып....
Өлеңдер
Толық

Сәкен Сейфуллин (Бурабай)

Тағы бір ақбас бура, - емес атан,
Жүріпті Көкшетауды қылып Отан.
Мұныда "көзі көрген" қартайтады,
Тыңдаған әлеуметке алқа-қотан.
Тағы екен жанға ұстатпай жүрген қашып.
Күркіреп тұрады екен көбік шашып,
Бір көлді мекен қылып күнде келіп,
Су ішіп кетеді екен алшаң басып.
Дүниеде әрбір бөлек жердің аты,
Себеппен қойған бәрі елдің аты;
Бурабай атаныпты....
Өлеңдер
Толық

Студенттік өмір

Мінекей, студенттік өмірдің үш айы үш күндей болып өте шықты. Осының өзі өміріміздің осы өткен үш ай сияқты көзді ашып-жұмғанша өте шығарын меңземей ме? Осы студенттік өмірімнің үш айын не нәрсемен өткердім, даму бар ма өмірімде, жоқ әлде кері кету басым ба менде? Адам даму үшін өзіне есеп беріп қойғаны дұрыс қой. Студенттік өмірдің алғашқы жылы қызық, думанды болады, - дейді, бізден бір көйлек бұрын тоздырғандар. Иә, қызығын көріп жатырмыз. Топтағылармен қаланың қарыштап дамыған жерлерін көріп, театрға барып, рухани азық алып, мұражайлардың мұраларына қанығып, қойшы әйтеуір, мәз-мейрам болып қаласың. Былай қарағанда.....
Шығармалар
Толық

Ер есімі ел есінде

Ел басына күн туғанда ер етігімен су кешеді. Сондай ерлердің бірегейі-Кеңестер Одағының Батыры, генерал Сабыр Рақымовтың дүниеге келгеніне жақында 110 жыл толды.

Шымкентте Сабыр Рақымов атындағы мектеп-интернатта осы салтанатқа орай батырды еске алу кеші өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев штабта отырған көп генералдардың бірі емес, майданның алғы шебінде, желдің өтінде болған нағыз жауынгер генерал туралы мазмұнды әңгіме айтты. “Осындай ерлерімізді түгендеуге....
Шығармалар
Толық