Өзен алқаптарындағы ұлы өркениеттер туралы қалай біле аламыз? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүние жүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзен алқаптары өркениеттері
Сабақтың тақырыбы: Өзен алқаптарындағы ұлы өркениеттер туралы қалай біле аламыз?
Сабақтың мақсаттары: 5.4.1.3 – ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау;
5.2.2.3 – ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі) (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері
Сабақ тақырыбы: Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері (энеолит, қола дәуірі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.1.2.3 Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасуерекшеліктерін түсіндіру;
10.1.2.4 Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениет тердің ерекшеліктерін сипаттау;
10.1.2.5 Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау
Сабақ мақсаттары: 10.1.2.3 Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасуерекшеліктерін түсіндіру;
10.1.2.4 Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениет тердің ерекшеліктерін сипаттау;
10.1.2.5 Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері -энеолит (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері
Сабақтың тақырыбы: Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері -энеолит
Оқу мақсаттары: 10.1.2.3 Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіру,
10.1.2.5 Ұлы Дала ежелгі мәдениеттерінің сабақтастығын және өзара байланысын талдау
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
 Ұлы дала өркениеттерінің пайда болу мен қалыптасу ерекщеліктерін түсіндіреді.
 Мәдениеттердің сабақтастығын және өзара байланысын табады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері –Қола дәуірі (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері
Сабақ тақырыбы: Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері –Қола дәуірі
Оқу мақсаты: - Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіру
- Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктерін сипаттау
- Ұлы Дала ежелгі мәдениеттері
нің сабақтастығын және өзара байланысын талдау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар: Ұлы дала өркениеттерінің пайда болу мен қалыптасу ерекщеліктерін түсіндіреді.
Мәдениеттердің сабақтастығын және өзара байланысын табады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Өмір өзен ағады

Әр адамға өзінің балалық шағы өте ыстық. Ол кімді де болмасын сағынтпай, аңсатпай қоймайды. Балалық тәтті қылықтарың, айналаңның елжіреп, мейірім төгуі, бәрі де санаңда берік орнап, жаныңа жылулық ұялатады. Бірақ осы шағын бөлік қанша тамаша сәттерге толы. Әрқайсымыздың балғын сәттеріміз жанұямызбен өтеді. Менің арманым осы жанұям мәңгі менімен бірге болса екен деймін. Бала кезіміз күлкі мен бала ренішке толы сәттер ғой. Балғын сәттерді естен шығару мүмкін емес. Осындай сәттердің қейбірін еске алғанда тіпті ішек қатып, бір күліп те, жылап та аламын. Қазір жасым жиырма алтыда болса да, өткенді еске ала отырып, өмір сүру мен үшін қиын болды. Себебі, отбасымызда бес қызы және әкем мен анам болды.

Үйде әкеміз ғана жұмыс істейтін. Қанша қиналса да бізге білдірмей, сұрағанымызды алып беріп отыратын. Осы жағдайды іштей көріп, балалық шақтан бастап жұмыс жасай бастадым......
Эсселер
Толық

Абай қара сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі

«Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі – бейбітшілікті, екіншісі – руханиятты, үшіншісі – табиғатты қорғау hәм сақтап қалу. Бұлардың қай – қайсы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір-бірін толықтыратын ұғымдар. Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» ең маңыздысы. Себебі адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы әлемдегі кез-келген алыпты алып қарасақ та ең алдымен тәлім-тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім-тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген аталы сөз бар. Осыдан – ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлыақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Мұның барлығы адамзатты адамгершілікке жетелеу мақсатында еді. Енді ақынның бірнеше қара сөздеріне көңіл аударып көрелік. Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім – білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адамға қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтау қажет. .....
Шығармалар
Толық

Мен не үшін өзгеруім керек?

«Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес,ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп XIX ғасырда-ақ Жүсіпбек Аймауытов айтып кеткен еді. Мұғалім заманның талабына сай жаңалыққа жаны құмар болса, онда ол Алланың жауған нұры деп түсінемін.

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екенін паш етті. Мұғалімнің алдында «XXI ғасырға оқушыны қалай дайындаймын» деген сұрақ мазалап тұрғаны мені де селт еткізеді.

Мен алтын ұрпаққа біліммен тәрбие беруде үнемі ізденіс үстінде болуым керек. Себебі оқу мен оқыту бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен мен өзгеремін.Әлем өзгергендіктен ,мен де өзгеремін,қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін мен жақсы түсінемін ,өйткені мен мұғаліммін заман көшінен қалмауым керек. Қазіргі шәкірт ұстаздың енжарлығын қаламайтын, қажеттілігі,мүмкіндігі жоғары деңгейде екені маған мәлім......
Эсселер
Толық

Ахмет Байтұрсынов не себепті «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп санады? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: А.Байтұрсынов не себепті «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп санады? 1-сабақ
Оқу мақсаты:XX ғ. Басындағы Ресей империясының отарлық саясатының салдарларын анықтайды;
Сабақтың мақсаты: Білу және түсіну Отарлық саясаттың салдарын анықтайтын 4 тірек сөздерді қолданып, отарлық саясаттың салдарын сипаттайды (мыс: 45 млн десятина, соғыс салығы, бұратана, шовинизм)
Сыни ойлау А.Байтұрсыновтың «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» цитатасына талдау жасап, отарлық саясаттың 4 салдарына аргументтер негіздейді, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени аспектіге ажыратады.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Ахмет Байтұрсынов не себепті «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп айтты? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.1 А. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы:А.Байтұрсынов не себепті «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды» деп айтты?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
Оқушылар:
8.3.1.1 қазақ зиялыларының Ресей империясының Мемлекеттік Думасындағы қызметіне баға беру;
8.3.1.2 XX ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси процестерге баға беру
Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырдың басындағы Ресей империясының отарлық саясатының күшеюіне байланысты Қазақстанда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайды зерттейді. ....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Оқу бағдарламасына, білім беру жүйесіне енгізілген өзгерістер турасындағы менің пікірім

Биыл мен 10 сынып оқушысымын. Дамыған ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқандықтан, әр адам жеке тұлға болып қалыптасуы үшін жан-жақты дамыған, бірнеше тілде еркін сөйлейтін, технологияны жетік меңгерген болуы тиіс.Осыған орай, заманға сай ұрпақ тәрбиелеу мақсатында біздің Елімізде, нақтырақ айтсақ білім жүйемізге көптеген өзгерістер енгізіліп, жаңа серпіліс толқыны бой көтерді. Бұрын соңды естімеген нәрселер оқу бағдарламасына енгізілді. Мен осы жаңа жүйемен оқып жүрген оқушы болғандықтан оның кейбір кемшіліктерін және пайдасыз тұстарын көріп жүрмін. Бұлай деуіме мысалдар келтіре аламын. Бұның барлығын ұлтымның болашағын ойлағандықтан айтып отырмын. Әйтпесе, көп оқушыларға керісінше сабақ өтпей алаңсыз жүрген ұнайды ғой...Бірақ мен бұған төзе алмаймын. Менің ойым алысқа, тереңге қарай тартады. Кейде өткенге, кейде болашаққа. Өзімнің емес, ұлтымның болашағына деген көбірек уайым мені мазалайды. Себебі, халқым жоғалса, елім жүдесе мен кіммін? Мен қазақ елінсіз ешкім де емеспін. Сол үшін, өзім еленуім үшін алдымен халқым асқақ болуы тиіс. Ал халықтың асқақтығы үшін мен де күресуім қажет.

Сонымен, мені толғандыратын ең бірінші мәселе-тіл мәселесі. Иә, ағылшын, орыс тілдерін білу заман талабы екені рас. Бірақ, таяқты әліп деп білмейтін 1 сынып оқушыларына ағылшын мен орыс тілдерін енгізу тым өрескел нәрсе. Ана тілімізді құрметтеу жайлы сөз қозғағанда ауыздан небір әсем сөздер төгіледі емес пе?! Ең алдымен өз тілімізді ардақтайық деп барлық жерде барлық жұрт айтады емес пе?! Енді ойлаңыз, әлі бойына патриоттық сезім дарымаған, ұлтын толық танымаған, ұлттық құндылықтарды меңгеріп үлгермеген, санасы толық жетілмеген мектеп табалдырығын тұңғыш аттап тұрған балаға ағылшын мен орыс тілін үйрете отырып, алғаш сауатын өзге мәдениеттің білімімен сусындатсаңыз ол баладан болашақта қандай ұлтжанды азамат күтесіз?! .....
Шығармалар
Толық