Экономика | Дайын өнімнің өзіндік құны

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының экономикасы әртүрлі меншіктік-құқықтық нысандарындағы қызмет атқарушы ұйымдардың көптүрлілігі ретінде сипатталады. Кәсіпкерліктің жаңа түрлерінің пайда болуы жалпы халық шаруашылығының барлық салаларын қамтиды. Нарықтық қатынастардың дамып, нығая түсуі мен өзара бәсекелестіктің ерекше қаркын алуы кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды күрделендіруде. Қазіргі кезең талабына сәйкес ақпараттың уақыттылығы, сенімділігі, мәнділігі, маңыздылығы шешуші роль атқарып отыр. Кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асырылуы мен оның нәтижелері жөніндегі мәліметтерді жинап, өңдеп, пайдаланушылардың ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз етуші бірден-бір жүйе - бухгалтерлік есеп.
Бухгалтерлік есеп жүйесі дегеніміз - кәсіпкерлер мен ұйымдардың операциялары мен жағдайлары жөніндегі ақпаратты жинау, тіркеу және топтастыру жүйесі болып табылады. Қазақстан Республикасының президенттері болатын міндеттегі тіркеуден өтуі қажет заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер және де Қазақстан Республикасында тіркелген, бірак президенттер болып саналмайтын заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілеттіліктері бухгалтерлік есеп жүргізуге және қаржылық қорытынды есепті құрастырып, сәйкес орындарға тапсыруға міндетті. Бұл кәсіпкерлер мен ұйымдар бухгалтерлік есепті жүргізуде және қаржылық қорытынды есепті құрастыруда заңдық және әртүрлі нормативтік-құқықтық негіздерге сүйенеді. Олардың катарында Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылык корытынды есеп жөніндегі" заңын, Халықаралық қорытынды есеп стандарттарын, Ұлттық есеп стандарттарын, Бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспарын атауға болады.
Бухгалтерлік есеп - экономикалық ғылымдар ішіндегі өз алдына бөлек зерттеу пәні бар, оны зерттеп, талдайтын, даму жолдарын анықтайтын, шаруашылық есептің ұйымдастырылуы мен орындалуын жүйелендіретін әдіс-тәсілдері бар ерекше гылыми сала. Мұндағы зерттеудің негізгі объектілері -шаруашылық қорлары мен олардың қорлану көздері. Яғни, бухгалтерлік есеп жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі - әрбір ұйымның шаруашылық қорлары мен қорлану көздерінің нақты қалдықтары мен олардың қозғалысының есебін қажетті талаптар көлемінде ұйымдастыру.
¥йымдардың өнімдер өндірудегі (қызметтерді атқару, жұмыстарды орындаудағы) аса маңызды объектілері - шаруашылык корлары болып табылады. Шаруашылық қорлар құрамына негізгі құралдар, материалды емес активтер, тауарлық-материалдық игіліктер, ақша қаражаттары, инвестициялар, дебиторлық қарыздар кіреді. Тауарлық-материалдық құндылықтар олардың ішіндегі ең бір көлемдісі болып табылады, себебі, бұл игіліктер өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрастырады, өндіріліп шығарылатын дайын өнімдердің өзіндік құнының басым бөлігі ретінде олардың бағасын анықтауға негіз болады. Дайын өнімдерді (жұмыстар, қызметтерді) сату' нәтижесінде алынған табыс сомасы қандай да болмасын шаруашылық субъектісінің негізгі
табыс көзі болып табылады. Яғни, өндірілетін дайын өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өзіндік кұнын азайту кәсіпорын ерекше маңызға ие болады. Дайын өнімдер (жұмыстар, қызметтер) сатудан алынған табыс сомасы мен оларды өндіруге жұмсалған шығындар кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынастары

Кіріспе
Біздің еліміздің көп этникалық құрамына және көптеген халықтардың бірлесіп өмір сүрген жеткілікті тәжірибесіне қарамастан, соңғы жылдары шыққан ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы ғалымдардың әртүрлі зерттеулері, жергілікті шиеленістер талдамы, көптеген этникалық қоғамдастық өкілдерінің біріккен экономикалық, саяси және т.б. іс-әрекетке бейімделуі жоспарында ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу көрсеткендей, әлі күнге дейін кез-келген адам, әсіресе КСРО-ның құлауынан кейін, өзін қазіргі жағдайларда басқа ұлт адамдарымен қарым-қатынаста тұрақсыз сезінеді.
Ұлтаралық, этникааралық қатынастар әлеуметтік қатынастар, мәдени өзара әсерлер және тарихи дәстүрлердің барлық жүйелерінің нәтижесі болып табылады. Олардың қалыптасуы идеологиялық және өнегелі ережелерге де байланысты.
Бұл жұмыс орта мектепте оқитын оқушылардың қарым-қатынасындағы өзіндік сана ерекшеліктерін анықтау және зерттеу мәселесіне арналған.
Әртүрлі елдер мен халықтар өкілдерінің арасындағы ұлтаралық байланыстардың күшеюімен қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін қарастыруға арналған зерттеулер саны да көбейіп келеді. Көптеген авторлардың еңбектерінде мәселенің әлеуметтік жағы ашылған. Өндірістік тәсілдердің дамуы мен жетілуінің, қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруі әртүрлі этностар арасындағы қарым-қатынастың жаңа формаларының пайда болуы мен тұрақталуына әсері анықталды.
Қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін зерттеу себептерінің бірі, бұл бір мемлекеттің ішінде, тіпті бір аймақтың өзінде әртүрлі ұлттардың өмір сүріп, өзара қарым-қатынаста болуы.
Этникалық тиістілігін, өз ұлтының психикалық қырларының спецификалылығын және өзінің этникалық қоғамдастығы мен басқа этникалық орта арасындағы этнопсихологиялық айырмашылықтарды саналау этникалық өзіндік сананың әдеттегі деңгейінде өтеді. Оның негізгі мазмұны өзінің этникалық тобы мен басқа этникалық ортаның ақиқат және қиялдағы арнайы қырлары туралы түсініктер құрайды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Білім жүйесінің өзекті мәселесінің бірі жаңа ұрпақтардың қарым-қатынастағы этникалық өзіндік сананың қалыптасуы болып табылады. Білім өз мазмұнын халықтың руханилығымен, оның этникалық өзіндік санасымен қамтамасыз ете алған кезде ғана нағыз халықтық, ұлттық бола алады.
Қазақстанның тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде дамуы жағдайында өз азаматтарының рухани дамуы, өздерін саналы тұлға ретінде сезіне білуі, бір-бірімен өзара қарым-қатынастарының белсенді түрде дамуы маңызды мәселе. Адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктерін зерттеу – психологияның негізгі мәселелерінің бірі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ және орыс ұлттарындағы оқушылардың қарым-қатынас ерекшелігінде этникалық өзіндік сананың көрінуіне әсер ететін факторларды анықтау.
Зерттеу объектісі: жоғары сынып оқушыларының өзіндік сана ерекшелігі.
Пәні: Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынаста анықталуы.
Жалпы болжамы: қарым-қатынастың этникалық ерекшеліктері тұлғаның бағыттылығына, әлеуметтік-коммуникативті компетенттілігіне және өзіндік санасына байланысты көрінеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Тілдік қасиеттеріне байланысты студенттердің өзін - өзі сәйкестендіруі

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда тілдік сәйкестілік ұғымы лингвистика саласында маңызды зерттеу нысанына айналып отыр. Тіл адамның қол жеткен ең зор табысы болып есептелетін болса, тілдік сәйкестіліктің өзі белгілі бір қоғамда өмір сүріп отырған жеке тұлғаның ұлтпен қарым – қатынасында маңызды айқындауыш белгі болып табылады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері тілдік сәйкестіктердің шарпысуы, тілдер, мәдениеттер арасындағы қақтығыстар анық байқалады. Жалғыз Қазақстан ғана емес, көршілес елдерде де сәйкестілік үрдісі жан – жақты жүргізіліп жатыр. Мұның өзі қазіргі кезде сәйкестіліктің маңыздылығы, оның қажеттілігі туындап отырғанын көрсетеді. Тілдік сәйкестілік болмаған жағдайда ұлттың, мемлекеттің құрып кетуі, жойылып кетуі мүмкін. Себебі ұлттың өзіне тән сәйкестілігі болмаса, оның орнын басқа ұлттың сәйкестілігі басады. Оның анық көрінісін біз қазақ – орыс тілдік байланысынан көріп тұрмыз. Қазақ халқының тілдік сәйкестілігі орыс тілі тарапынан ығыстырылып, ақырында мұның өзі мәдени құлдырауымызға ұласа жаздады. Тілдік сәйкестіліктің келбеті әсіресе, белгілі бір қоғамда анық байқалады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы тілдік сәйкестілігіміздің қалпына келуіне себеп болды.
Сәйкестілік деген ұғымның өзінің мемлекетке, этносқа, тілге, мәдениетке, дінге, гендерге, жасқа, кәсіпке қатысты болып келетінін ескерсек, тұлғаның бұдан сырттап қала алмайтынын көруге болады. Сәйкестілік қозғалмалы, өзгермелі сипатта жүзеге асады.
Тілдік сәйкестілік солардың ішінде маңызды орын алады. Өйткені ұлттың, адамның анықталған бір тілде сөйлеуі оның басқалармен қарым – қатынас жасауына себеп болады. Қазақстандағы тілдік сәйкестіліктердің ішінен студент жастардың тілдік сәйкестілігін қарастыру бүгінгі таңдағы маңызды мәселеге айналып отыр. Себебі ел болашағы, ұлттың болашағы жастардың қолында. Олардың ЖОО – да толықтай білім игеріп шығуы түрлі қолайлы факторлар бойынша Қазақстанның дамуына, өркендеуіне жағдай жасайды. Студенттердің тілдік сәйкестілігі екі басым бағытта өрбіп отыр: қазақ және орыс тілдерінде. Көптеген мәліметтер қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесі бірте – бірте көтеріле бастағанын көрсетеді. Ал алынған сауалнамалар нәтижесінде көптеген ұлты қазақ студенттер ана тілінде жақсы сөйлей алмаса да, қазақ тілін ана тілі ретінде танитындықтарын айтқан. Яғни олардағы тілдік сана – сезімнің ояна бастағаны көрінеді.
Көптеген орыс тілді қазақ студенттердің мұндай жағдайға түсуіне кеңестік қоғамның әсері мол болғандығын байқаймыз. Себебі көп жылдар бойы орыс тілі жетекші, басым тіл ретінде танылып келді де, өзге ұлттардың тілі ығысу процесін бастарынан кешірді. Оның ішінде қазақ тілі де болды. Көптеген орыс тілінде сөйлейтін респонденттердің айтуынша, олар өздерінің ана тілдерін білмейді, себебі оларды ес білгеннен орыс тілінде тәрбиелеген, орыстілді балабақшаға апарған, орыстілді ортаға қосқан, орыс тілінде сабақ жүргізілетін мектепке берген. Ата – аналарының кезінде жасаған қадамдары қазіргі кезде студенттер арқылы қоғамдағы тілдік процестерге әсер етіп, одан әрі тілдік сәйкестіліктің де орныға алмай отырғандығының басты белгісіне айналған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың психологиялық- педагогикалық негіздері

КІРІСПЕ
XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тендециясы белгіленіп, университеттік білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған университеттік дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып келеді де, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Қоғамның жаңа типін құру барысында, жаңа құндылықтар жүйесіне бағытталған, білім берудің негізгі мақсаты жоғары шығармашылық мүмкіншілігі бар болашақ маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Бұл сонымен бірге педагогикалық кадрларды дайындаудың проблемасын одан әрі өзекті етеді. Біздің қоғамымызда адамдық қатынастардың жалпы гуманизациясының, жаңа ұрпақтың рухани қалыптасуының, білім берудің түбегейлі жаңаруының бағдарламаларының жүзеге асуы көп жағдайда мұғалім тұлғасымен байланысты болатыны баршамызға мәлім. Соның ішінде педагогикалық іс-әрекетте тұлғалық фактор жетекші болады, өйткені «адам-адам» жүйесінде әсер етудің эффектісі әсер етудің өзіндік мүмкіншілігі бар адамды жетілдірудің деңгейімен анықталады. Қазіргі кездегі педагог егер жоғары оқу орнында оқыту үрдісі барысында онда үнемі өзін-өзі дамыту қажеттілігі қалыптасқан болса алдына қойылған міндеттерді іске асырады. Сондықтан да, классикалық университеттік білім беру жағдайларында болашақ педагогикалық кадрларының кәсіби өзін-өзі дамытуды қалыптастыру проблемасына ерекше назар аударылады.
Әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған білім берудің жаңа жүйесінің қалыптасу процесі білім беру парадигмасының ауысуымен сипатталады: дәстүрлі субъект-объектіліктен гуманистікке, тұлғаға бағытталған субъект-субъекттілікке. Осыған байланысты айтатынымыз, ХХ ғасыр соңынан бастап білім беру жүйесі білім берудің гуманистік парадигмасына сәйкес дамиды. Онда маңызды құндылығы болып адамның тұлғасы қарастырылады, яғни оның барлық потенциалды мүмкіншілігін дамыту болып табылады. Осы тұрғысынан қазіргі маманның білім беру сферасында үздіксіз білім алуға, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі жетілдіруге дайындығын айтамыз.
Сондықтан да болашақ маманның өзін-өзі дамытуын зерттеу жұмысы адам дамуының негізгі философиялық, психологиялық, педагогикалық теорияларын талдауды айқындайды. Зерттеудің екінші маңызды жағы – белгілі бір методологиялық ұстаным мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың зерттеу әдістемесін таңдау. Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың проблемасы үш тұрғыдан қарастырылуы керек, оларда оның мағынасы ашылуы тиіс: философиялық, психологиялық, педагогикалық. Философиялық зерттеулерде осы проблема адамды дамыту тұрғысынан қарастырылады. Психологиялық зерттеулерде тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту тұрғысынан зерттеленеді. Педагогикалық зерттеулерде болашақ маманның кәсіби дамуы тұрғысынан қаралады. Философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарастырудың келесі бір негізі - болашақ маман-педагог адам ретінде, тұлға ретінде, маман ретінде кәсіби өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде болуы.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | ХХ ғасыр басындағы ұлттық әйелдер баспасөзінің тарихы

Тақырыптың өзектілігі. Замана доңғалағы зыр айналып келеді. Уақыт талабы, заман сұранысы деп адамдар қолдан жасап алған өзіндік ережелер мен біржақты ұстанымдар қоғамда оңды-терісті өзгерістер орнатуда. Қалай десек те қоғам даму үстінде.
Қазақстанға Тәуелсіздік сыйлаған өткен ғасыр соңы мен еліміздің кемел келешегінен үміт күттіретін үстіміздегі ғасыр әлділердің құралына айналып отырған жаһандану, ғаламдасу сынды үрдіспен ерекшеленіп отыр. Жер шарын мекендейтін адамзат ұрпағына ортақ құндылықтар мен ортақ қызығушылықтарды меңзейтін үрдіс өзіндік оң және теріс жақтарын көрсетіп бағуда. Осы орайда ел ағаларының «Жаһандану – бірлесіп өмір сүру, қиындықтарды әлем адамдарымен бірлесе отырып жеңу» деп оның ұтымды тұстарын сөз етсе, екінші бір ағалардың «Ғаламдасу – сан ғасырғы құндылықтар мен мұралардан бас тарту, өзге, яғни бізге мүлде жат мұраларды мойындау, соған сену» деп дабыл қағып отырғаны белгілі. Әзірге, бір пікірдің толықтай мақұлданып немесе толығымен жоққа шығарылғаны жоқ. Ақиқаттың сайыс барысында пайда болатынын ескеріп, біз де ештемені кесіп айта алмаймыз. Дегенмен, тарих беттері ғаламдық үрдістің ұлттар үшін қауіпті екенін көрсетеді ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Қазақ баспасөзіндегі жедел ілгерілеу идеясы

Қазақстан Республикасы – Азия төсіндегі алып мүмкіндіктері, асқар мақсаттары бар, тарихы терең, рухы күшті халықтың ордасы. Тоқсан толғаулы тәуелсіздікті алғаннан бергі уақыт егеменді ел ретінде орнығу, әлемдегі өз орнын иелену, барша халықаралық қоғамдастық таныған ел болу мақсатын жүзеге асыруға арналды. Бейнелеп айтсақ, «атымыз барда желіп жүріп жер танумен, асымыз барда беріп жүріп ел танумен» өтті.
Бүгінгі күнгі мемлекет басындағы азаматтарды, зиялы қауым өкілдерін ойландырып, тың идея, жаңа істерге бастап отырған маңызды мәселелер бар. Оның ең бастысы – мемлекет институтының негізін қалыптастыратын халықты ұйымдастыру, елді жан-жақты дамыту, өркендету болып табылады. Ал, бұл елдік мәселенің оң шешімін таппағы, көздеген мақсатынан адаспауы халық айнасы – бұқаралық ақпарат құралдарымен тікелей байланысты.
«Газет – халықтың құлағы, көзі, һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. ...газет ¬¬–халық даушысы.
«Тау мен тасты су бұзар, адамзатты сөз бұзар» деген аталы сөз бар. Бұзуға құдіреті жеткен сөздің, түзеуге де құдіреті жетеді. Сөз – қару, мұны бұзуға жұмсасақ бұзады, түзеуге жұмсасақ түзейді. Сөзін жұртты түзеуге жұмсап отырған жұрттың өзі де түзелуге бет алғанын көріп отырмыз /1/». Бұл ұлт баспасөзінің көсемі Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ» газетінде жарияланған ізашар мақаласында айтылған аталы сөз. Арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, баспасөз, газеттің міндетін Ахмет атамыздан асырып ешкім айта алған жоқ. Олай болса, бүгінде жарық көріп отырған қай басылым болмасын көтерген мәселесі, жазған сөзі халықты түзетуге, ілгерілетуге жұмсалуы тиіс. Сонда ғана қазақ мықты ұлтқа айналмақ. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құттықтау Айдос - Айдана

Советхан мен Раушантайдың мерекесі
бұл өмірге келді өзінің немересі,
жездем менен апатайым құттықтаймын
немереңнің молдау болсын несібесі.

Ұлдан көрген немерең ғой өзіңнің
қастарыңнан еріп қалмай ол жүрсін,
апалатып аталатып....
Өлеңдер
Толық

Кітапхана ісі | Қазақ баспасөзіндегі кітап проблемасының жазылуы

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Тәуелсіздік алғалы елімізде елеулі орын алып, шешімін таппай келе жатқан мәселелер көп. Соның бірі – кітап проблемасы. Бүгінгі күннің кітап ісі жағдайын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан Халқына Жолдауында «Қазақ тіліндегі оқулықтар сын көтермейді. Олар адамдарды қазақ тілін үйретуге емес, қазақ тілінен қашуға итермелейді. Осы салаға жауапты тиісті органдар нақты шешім қабылдауы тиіс»,— [1] деп, атап көрсетеді. Бітіру жұмысты жазу барысында, кітап проблемасының бүгінгі мәселелерін жан-жақты ашып, шешу жолдарын нақтылай көрсетіп, етектен тартқан қиындықтардың орнын толтырар ұсыныстарын халық мүддесіне ұсынған, осы тақырыпта қалам тербеген азаматтардың аздығы байқалады. Десек те, еліміздің баспа ісін бұрынғы жеткен биігінен түсіріп алмауға ұмтылып жүрген жанкешті азаматтардың шығармашылыққа деген қажыр-қайратын көреміз. Атақты орыс жазушысы А.С.Пушкин ажал сағаты тақаған кезде кітап сөрелеріне карап: «Қош болыңдар, достар!» деген екен. «Егер мен байысым, тек қана кітап сатып алар едім»,— деп, М.Горкий рухани байлығымыздан, қалта байлығын бірінші орынға қоятын азаматтарға үлкен ой салған.
Қазіргі қоғамда орын алып отырған кітап мәселесі бір күннің ішінде туындаған жағдай емес. Проблема болған, қазір де бар, болашақта да бола бермек. «Әр кітап өз проблемасын ала келеді», деп баспагерлер айтқандай, бұл мәселе сонау кітап деген ұғымның дүниеге келуімен, мәдениеттің ең жоғарғы сатысы баспа кітап өмірге келгеннен бастап қалыптасып келе жатыр. Айырмашылығы, осы уақытқа дейін дами отырып, әр кезеңнің әр түрлі қиыншылықтары мен кедергілеріне ұшырауында. Ал біздің заманымызға өз қиындығымен қатар үлкен жетістігін де ала келген кітап жайлы: «Әсіресе баспа кітап шыққаннан бергі жерде кітаптың әлеуметтік, қоғамдық, рөлі орасан зор дәрежеге жетті. Бұл-- кітаптың жасампаз дүние екендігінің айғағы. Тарих сахнасында мәңгі қалуын күйттеген қажеттіліктен туындаған ұлы жетістіктің көрінісі. Осынау адамзат көкірегін жарып шыққан ұлы идеяның авторы неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергке барша халықтың айтар алғысы шексіз»-- деп жазады профессор Ш. Елеукенов [2]. Бұдан түйеріміз, адам дамуымен бірге қосарласып, егіздей жармасып келе жатқан проблема бүгін ғана пайда болмай, әр заманның мәселелерімен ұштасып отырған.
Ал осы мәселені көтермеген қазақ басылымдары кем де кем. «Әр кітабың шыққанда бір балаң өмірге келгендей қуанасың»— деп, «Санат» баспасының директоры, ұстазымыз С. Әбдрайымов айтқандай, әрбір туындап отырған мәселелерге халқымыздың бей-жай карамайтындығын қазақ баспасөз беттерінде жарияланған еңбектерден көреміз. Бұл жұмыстың жазылуын әр адамның жүрегіне сәуле нұрын құюда кездесіп отырған қиыншылықтардан, яғни ішкі қажеттіліктен туындап отырған еңбек деп ойлаймын. «Қазақ баспасөзі – тәуелсіздіктің нәтижесі, ұлттық өр үні мен көкірегіндегі мұңы екені даусыз. Бүгінгі қазақ баспасөзінің бет-бейнесі мен ...
Дипломдық жұмыстар
Толық

Өзін өзі тану руханиадамгершілік пен ізгілікке бастар жо

Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз процесі болып табылады.

Назарбаева Сара Алпысқызы

Ұлттық сана, ұлттық тәрбие... бұл мәселелер қазіргі қоғамымыздың өзектілігіне айналды. Сана мен тәрбиені біз қайдан бастаймыз? Әрине отбасыдан бөлек мектепке, ұстаздардың беріп жатқан білімі мен тәрбиесіне жүгінеміз. Тәрбиенің ішінде аса маңызды болып табылатын рухани-адамгершілік тәрбиеге көңіл бөлетін бірден-бір пән өзін-өзі тану пәні болып табылады. Баланың жанын тәрбиелеу, ішкі сезімін жеткізе білуге баулу маңызды екені белгілі. Себебі сезімсіз, махаббатсыз адамның жүрегі жетім. Айналаға, қоршаған ортаға, қоғамға, қыбырлаған кез-келген тіршілік иесіне деген риясыз сүйіспеншілік сыйлай білу жүректің кеңдігі, рухани байлықтың көрінісі болып табылады. Н.Ә. Назарбаев: «… жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», — деп атап көрсетті. Соған байланысты өзін-өзі тану пәні әр оқушыға, жеке тұлғаға бағытталған тәрбиесінің көрінісін адам талпыныстары, абыройы, жауапкершілігі, ерік-жігері, жалпы ізгі қасиеттерін басты мәселе етіп қойғандығынан байқаймыз. Болашағын баласынан, жас жеткіншектерінен көретін халқымыз, еліміз үшін бала жанын жүдетпеу маңыздылығы зор. .....
Әңгімелер
Толық