Психология | Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынастары

 Психология | Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынастары

Мазмұны

Кіріспе ............................................................................................................
1. Психологиядағы қарым-қатынас пен этникалық өзіндік сананың теориялық негіздері
1.1. Психологиядағы қарым-қатынас мәселесінің өзіндік санаға әсері......
1.2. Этнопсихологиядағы қарым-қатынас пен өзіндік сананың ерекшеліктерін зерттеу теориялары .................................................
2. Қарым-қатынастағы этникалық өзіндік сана ерекшеліктерін эксперименттік зерттеу
2.1. Эксперименттік зерттеудің мақсаты, міндеті, болжамы .....................
2.2. Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары ................................................
2.3. Зерттеу мәліметтерінің сандық өңделуі ................................................
Қорытынды ....................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................
Қосымша

Кіріспе
Біздің еліміздің көп этникалық құрамына және көптеген халықтардың бірлесіп өмір сүрген жеткілікті тәжірибесіне қарамастан, соңғы жылдары шыққан ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы ғалымдардың әртүрлі зерттеулері, жергілікті шиеленістер талдамы, көптеген этникалық қоғамдастық өкілдерінің біріккен экономикалық, саяси және т.б. іс-әрекетке бейімделуі жоспарында ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін зерттеу көрсеткендей, әлі күнге дейін кез-келген адам, әсіресе КСРО-ның құлауынан кейін, өзін қазіргі жағдайларда басқа ұлт адамдарымен қарым-қатынаста тұрақсыз сезінеді.
Ұлтаралық, этникааралық қатынастар әлеуметтік қатынастар, мәдени өзара әсерлер және тарихи дәстүрлердің барлық жүйелерінің нәтижесі болып табылады. Олардың қалыптасуы идеологиялық және өнегелі ережелерге де байланысты.
Бұл жұмыс орта мектепте оқитын оқушылардың қарым-қатынасындағы өзіндік сана ерекшеліктерін анықтау және зерттеу мәселесіне арналған.
Әртүрлі елдер мен халықтар өкілдерінің арасындағы ұлтаралық байланыстардың күшеюімен қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін қарастыруға арналған зерттеулер саны да көбейіп келеді. Көптеген авторлардың еңбектерінде мәселенің әлеуметтік жағы ашылған. Өндірістік тәсілдердің дамуы мен жетілуінің, қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруі әртүрлі этностар арасындағы қарым-қатынастың жаңа формаларының пайда болуы мен тұрақталуына әсері анықталды.
Қарым-қатынас мәселесінің этникалық аспектілерін зерттеу себептерінің бірі, бұл бір мемлекеттің ішінде, тіпті бір аймақтың өзінде әртүрлі ұлттардың өмір сүріп, өзара қарым-қатынаста болуы.
Этникалық тиістілігін, өз ұлтының психикалық қырларының спецификалылығын және өзінің этникалық қоғамдастығы мен басқа этникалық орта арасындағы этнопсихологиялық айырмашылықтарды саналау этникалық өзіндік сананың әдеттегі деңгейінде өтеді. Оның негізгі мазмұны өзінің этникалық тобы мен басқа этникалық ортаның ақиқат және қиялдағы арнайы қырлары туралы түсініктер құрайды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Білім жүйесінің өзекті мәселесінің бірі жаңа ұрпақтардың қарым-қатынастағы этникалық өзіндік сананың қалыптасуы болып табылады. Білім өз мазмұнын халықтың руханилығымен, оның этникалық өзіндік санасымен қамтамасыз ете алған кезде ғана нағыз халықтық, ұлттық бола алады.
Қазақстанның тәуелсіз, дербес мемлекет ретінде дамуы жағдайында өз азаматтарының рухани дамуы, өздерін саналы тұлға ретінде сезіне білуі, бір-бірімен өзара қарым-қатынастарының белсенді түрде дамуы маңызды мәселе. Адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекшеліктерін зерттеу – психологияның негізгі мәселелерінің бірі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақ және орыс ұлттарындағы оқушылардың қарым-қатынас ерекшелігінде этникалық өзіндік сананың көрінуіне әсер ететін факторларды анықтау.
Зерттеу объектісі: жоғары сынып оқушыларының өзіндік сана ерекшелігі.
Пәні: Оқушылардың өзіндік сана ерекшеліктері және олардың қарым-қатынаста анықталуы.
Жалпы болжамы: қарым-қатынастың этникалық ерекшеліктері тұлғаның бағыттылығына, әлеуметтік-коммуникативті компетенттілігіне және өзіндік санасына байланысты көрінеді.
Негізгі міндеттері:
- психологияда отандық және шетел әдебеиттеріндегі қарым-қатынас және этникалық өзіндік сана мәселесін теориялық тұрғыда қарастыру
- қарым-қатынастағы этникалық өзіндік сана ерекшеліктерін зерттеу әдістерін өңдеу
- әртүрлі әдістемелерді қолдана отырып оқушылар қарым-қатынасының этникалық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу әдістері: «Б.Басстың тұлға бағыттылығын анықтау» әдістемесі, «Әлеуметтік-коммуникативті компетенттілікті анықтау» әдістемесі.
Теориялық маңыздылығы: Оқушылардың қарым-қатынастарындағы этникалық өзіндік сананы сипаттайтын психологиялық ерекшеліктердің талдануы және осы мәселе бойынша әртүрлі психологиялық еңбектердің қарастырылуы.
Практикалық маңыздылығы: Зерттеу нәтижелері Қаскелен қаласының орта мектебінде оқитын оқушылар қарым-қатынасындағы этникалық өзіндік сана ерекшеліктерін жалпы психология мен этностық психологияда, педагогика мен әлеуметтік психология салаларында қолданылады.

1. ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ПЕН ЭТНИКАЛЫҚ ӨЗІНДІК САНАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Психологиядағы қарым-қатынас мәселесінің өзіндік санаға әсері
Қарым-қатынас ұғымы, әлеуметтік психологияның кез-келген ұғымдары сияқты, көптеген зерттеушілермен қарастырылған және әртүрлі түсіндірілген. Қарым-қатынасқа әлеуметтанушылар, педагогтар және философтар да назар аударған. Қарым-қатынасты зерттеу үдемелеп бара жатыр. Қарым-қатынас адамдық өмір сүрудің, соның ішінде еңбек іс-әрекетінің қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас мәселесі қазіргі кезде көпшілікке белгілі мәселелердің бірі. Бұл, ең алдымен, әлеуметтік психологияның дамуымен және оның психологиялық ғылымдар жүйесінің барлығына әсерінің күшеюімен байланысты. Бірақ қарым-қатынас мәселесі өте кең мағынаға ие.
Қарым-қатынасты зерттеу тек қана арнайы психологиялық пәндермен ғана емес, сонымен қатар психологияның жалпы теориясының да дамуының маңызды шарты болып табылады. Сірә, қарым-қатынас мәселесі рөлінің дамуын барлық психологиялық ғылымдар жүйесінің дамуының жалпы тенденциясы ретінде қарастыруға болатын шығар.
Қарым-қатынас мәселесін зерттеуге көптеген ғылым өкілдері өз үлестерін қосқан: философияның, әлеуметтанудың, педагогиканың, психологияның, т.б.. Қарым-қатынас әртүрлі деңгейде, әртүрлі аспектіде зерттелінетін аса көпқырлы процесс болып табылады. Кеңес психологиясы психикалық құбылыстарды объективті шындықты субъективті бейнелеудің түрлі формалары мен деңгейлері ретінде қарастыратыны белгілі. Сонымен бірге бейнелеу пассивті «айналы» акт емес екендігі, ол адамның нақты болмысына кіретіндігі, оның «құраушысы» болып табылатындығы және онда белгілі әсерлі роль ойнайтындығы болжанады.
Қарым-қатынас – бұл адамдардың іс-әрекет процесіндегі өзара әрекет формаларының бірі. Қарым-қатынастың белгілі анықтамаларының бірде біреуі олардың біржақтылығының себебінен сынға төзбейді. Бұны қарым-қатынастың адамдардың біріккен өмір әрекетінің бірден көптеген жақтарын қамту ауқымдылығымен түсіндіруге болады, бұл қарым-қатынастың қанағаттанарлық дефинициясын өңдеудегі объективті қиындық болып табылады. Авторлар жиі қарым-қатынас анықтамасы негізіне өздері белгілеп қойған қандай да бір қасиетті қойып, оның басымдылығын көрсетеді. Мысалы, А.А.Леонтьев қарым-қатынасты байланыс орнату және ұстау процесі ретінде анықтайды, Е.П.Ерастов – қоғамдастықты құру процесі ретінде, Х.И.Линнете – құндылықтармен алмасу ретінде, Л.П.Буева және Б.Ф.Ломов – іс-әрекетпен, сезімдермен, түсініктермен, т.б. алмасу ретінде, А.В.Киричук – индивидтер арасындағы байланыс және қатынас ретінде, Н.Е.Ведерникова – адамдық мән туралы білімнің қайнар көзі ретінде, М.А.Зимняя – қоғамдық-коммуникативті іс-әрекет формасы ретінде, Л.Н.Дзокировская және Е.Ф.Тарасова - әлеуметтік өзара әрекет ретінде, В.И.Соковкин – адамдардың бір-бірінің саналарына әсер ету процесі ретінде, В.Е.Семенов – жеке тұлғалық мазмұнмен алмасу ретінде, т.б. түсіндіреді. Осы анықтамалардың барлығында қарым-қатынасқа тән құбылыстар көрінеді, бірақ олардың әрқайсысы, жеке алғанда, осы феноменнің бүкіл мазмұнын айтып бітпейді [1].
Қарым-қатынастың көптеген анықтамаларында авторлардың оның мәнін 3 жалпы категория арқылы ашуға ұмтылатыны көрінеді: «іс-әрекет», «қатынас», «бейне». Оларға қатысты қарым-қатынас түсінік ретінде шығады және олардың онтологиялық бірлігінің бір формасы болып табылады. Іс-әрекет өзінің негізгі формаларына қатысты тектік түсінік болып табылады: еңбекке, танымға, ойынға, қарым-қатынасқа қатысты. Бірақ бірқатар жағдайларда қарым-қатынас және іс-әрекет бірдеңгейлі түсініктер ретінде қарастырылады. Жиі жағдайда бұл логикалық дәлсіздік «іс-әрекет» түсінігін еңбек іс-әрекетімен теңестіруден пайда болады, бұл мынаған әкеледі:
1) іс-әрекет пен қарым-қатынасты теңестіруге; өйткені еңбек және қарым-қатынас шынайылығы олардың бірдеңгейлілігін білдіреді;
2) қарым-қатынас пен іс-әрекетті өзара жоққа шығарушы қарама-қайшылыққа; өйткені еңбек және қарым-қатынас шынайылығы олардың мәнді айырмашылықтарын білдіреді [1].
А.А.Бодалев және басқа психологтардың көзқарастары бойынша, қарым-қатынас – адам іс-әрекетінің формасы [2]. Егер іс-әрекет – бұл адамның заттар әлемімен, табиғатпен, жануарлармен және адамдармен өзара әрекет процесі. Қарым-қатынас ұғымының гносеологиялық «торшасы» болып адамның адаммен тікелей өзара әрекеті болып табылады.
Л.П.Буева қарым-қатынасты көлемдірек анықтайды. Оның түсіндіруінше, қарым-қатынас – бұл қоғамдық субъектілердің (тұлғалар, топтар) өзара байланыс және өзара әрекет процесі, ол іс-әрекетпен, ақпаратпен, тәжірибемен, қабілеттіліктермен, дағдылармен және ептіліктермен, сонымен қатар іс-әрекет нәтижелерімен алмасумен сипатталады. Л.П.Буева қарым-қатынасты тағы да қоғам және тұлғаның қалыптасуы мен дамуының қажетті және жалпы шарттарының бірі ретінде де түсіндіреді [3].
Бұл ұғым философия, әлеуметтану және әлеуметтік психология торабында жете зерттелген және жалпы сипатқа ие. Ол адамдар, әлеуметтік топтар, түрлі қоғамдық субъектілер арасындағы кез-келген өзара байланысты зерттеуге бағытталған. Әлеуметтік деңгейде қарым-қатынас әлеуметтік тәжірибе мен мәдени мұраны бір ұрпақтан қалдыру үшін қажетті шарт болып табылады.
Психологиялық тар мағынада қарым-қатынас адам арасындағы байланыстың қойылу нәтижесі және процесі ретінде немесе субъектілердің түрлі белгілер жүйесі арқылы өзара әрекеттесуі ретінде түсіндіріледі. А.В.Петровский және М.Г.Ярошевский редакциясымен шыққан психологиялық сөздікте қарым-қатынас біріккен іс-әрекетке қажеттіліктен туындайтын, өзіне ақпаратпен алмасуды, өзара әрекеттің бір стратегиясын шығаруды кіргізетін, адамдар арасында байланыс орнату және дамыту процесі ретінде қарастырылды [4]. Бұл анықтама қарым-қатынастың негізгі мазмұнын бөліп шығарады: адамдардың ақпаратпен алмасуы, өзара әрекетті, бір-бірін тануы. Мазмұнның осы 3 сипаттамасын қарым-қатынастың аспектілерін қарастыру деп қабылданған. Ақпаратты беру қарым-қатынастың коммуникативті аспектісі ретінде қарастырылады; өзара әрекет қарым-қатынастың интерактивті аспектісі ретінде қарастырылады; адамдардың бір-бірін түсінуі және тануы қарым-қатынастың перцептивті аспектісі ретінде қарастырылады. Қарым-қатынас барлық үш аспектілер бірлестігінде толығырақ зерттелуі мүмкін, бірақ феноменді талдауда әрбір аспектіні жеке қарастырған жөн. Кейде коммуникация, перцепция және интеракция қарым-қатынастың негізгі қызметтері ретінде зерттелінеді [4].
Қарым-қатынас мәнін түсінуде келесі сөздер кілттік болып табылады: байланыс, контакт, өзара әрекет, алмасу, біріктіру амалы. Әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде қарым-қатынасты нақтырақ сөзбен белгілеу үшін контакт, яғни жанасу сөзін алуға болады. Адамдар арасындағы контакт тіл және сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу қарым-қатынастың негізгі тәсілі болып табылады. Ол адам санасын белгілік жүйелер арқылы объективтеу ретінде қарастырылуы мүмкін.
Сөйлеу пайда болушы сананың көріну формаларының бірі ретінде пайда болды және адамның жоғары психикалық қызметтерінің бірі ретінде филогенетикалық және онтогенетикалық деңгейлерде дамудың күрделі кезеңдерінен өтті. Сөйлеу манерасы адамның дүниетану жөніндегі түсінігін, оның мәдениетін анықтайды. Сөйлеу сапасы мазмұн, қатынас және әсер үндестігіне тәуелді. Мазмұны ақпаратпен байланысты, қатынасы – адам өзі сөйлеуге енгізетін эмоционалды контекстке құрамымен байланысты әсер сөйлеудің басқаларға ықпалымен анықталады. Мысалы, біз сөйлеушінің сөйлеуінің әлеуметтік-психологиялық сапасын бағалауымыз керек. Бұл жағдайда оның ақпараты қаншалықты мазмұнды екенін, ол сөйлеуінің өзіне қызықты ма және оның хабарламасы басқа адамдарға әсер ете ме, соны анықтау керек.
Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тіл – ақпаратты қандай да бір түрде кодпен хабарлайтын белгілік жүйе. Қазіргі қоғамда белгілік жүйелер өте көп, бірақ компьютерлік байланыстың дамуымен олардың кейбір интеграциясы тенденциясы толық анықталмаған. Сөйлеудің маңызды факторы ақпаратты паралингвистикалық тәсілдер болып табылады. Оларға мыналар жатады: сөйлеу қаттылығы, темпі (шапшаңдығы), дыбыстарды айту ерекшеліктері, дауыс тембрі, жесттер, мимика, дене тұрысы. Қарым-қатынаспен қоса жүретін паралингвистикалық тәсілдер жиынтығы оның контекстін анықтайды. Паралингвистикалық тәсілдер айтылғанның мағынасын дәлелдеуі мүмкін, немесе, керісінше, оны шығаруы мүмкін. Айтылған мен паралингвистикалық тәсілдер арқылы көрсетілгендердің арасындағы қарама-қайшылықты толық емес қарым-қатынас факторы ретінде қарастыру керек [5].
Кез-келген байланыс кері байланысты ұйғарады. Мысалы, егер екі адам кездейсоқ кездессе, онда олар тек қана амандасса, қарым-қатынас жүреді. Ал, егер олардың біреуі басқасын байқамай қалса, онда қарым-қатынас жүрмейді, өйткені байланыс болмайды. Байланыс тек қана паралингвистикалық тәсілдер деңгейінде де болуы мүмкін. Мысалы, екі таныс емес адам бір-біріне қызыға қарағанда [5].
Адамның әлеуметтік болмысын талдауда іс-әрекет категориясына маңызды роль беріледі. Іс-әрекет жайлы маркстік-лениндік ілімге сүйене отырып, кеңес ұрпағы психологиялық ғылым, оның бағыттары мен оны өңдеу әдістері мәселесінің барлығын жаңаша қарастырады. Теориялық, эксперименталды және қолданбалы зерттеулердегі іс-әрекет талдамы арқылы адам психикасының әлеуми себептелуі, тұлға психологиясы және оның дамуы ашылады [1].
Іс-әрекетті кеңес ғалымдары жалпы психологиялық зерттеуде мәнді жетістіктерге жеткен (Б.Г.Ананьев, А.В.Запарожец, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, С.Л.Рубинштейн, А.А.Смирнов, Б.М.Теплов). Іс-әрекеттің алуан түрлерін талдау принциптері мен өңделген теориялар психологияның әлеуметтік аудандарында кеңінен қолданылды: әлеуметтік психологияда (Г.М.Андреева, А.А.Бодалев, Е.С.Кузьмина, А.В.Петровский, Е.В.Шорохова және т.б.), инженерлік психологияда және еңбек психологиясында (Н.Д.Завалов, Г.М.Зараковский, В.П.Шадриков, т.б.), балалар және педагогикалық психологияда (П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Г.С.Костюк, т.б.) [3].
Бұл концепциялар индивидуалды іс-әрекетті зерттеу негізінде қалыптасқан, онда оның анықтамасының негізін «субъект-объект», «субъект-зат» қатынастары құрайды. Осыған сәйкес психологиялық талдау кесінділері және онда қолданылатын ұғымдық аппарат «субъект-объект» қатынасы шеңберінде өңделеді.
Бұндай бағыт, әрине, дұрыс және өнімді. Бірақ ол адам болмысының бір жағын ғана ашады.
Кейде іс-әрекет пен қарым-қатынас өзара байланысты параллельді процестер ретінде еме, адамның әлеуми болмысының, оның өмір бейнесінің екі жақтары ретінде қарастырылады.
Ең соңында, қарым-қатынасты іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастыруға болады. Осы көзқарастың ішінде оның екі түрін бөлуге болады: олардың біреуінде қарым-қатынас коммуникативті іс-әрекет, немесе онтогенездің белгілі кезеңінде өз бетінше көрінетін қарым-қатынас іс-әрекеті ретінде түсініледі.
Қарым-қатынасты «іс-әрекет» категориясы арқылы анықтай отырып, В.Г.Ананьев, А.А.Бодалев және т.б. психологтар қарым-қатынас амалына, тәсіліне, мақсатына және мотивіне назарды шоғырлау арқылы оның материалды сипатын көрсетеді. «Қарым-қатынас үшін қарым-қатынас» жағдайын қоспағанда қарым-қатынастың мазмұнды жағы оны бұндай талдауда өзара әрекеттің заттық сипатымен дәл сәйкес келеді, партнер да, онымен қарым-қатынас та біріккен іс-әрекеттің заттық-практикалық мақсатына жету амалы болып табылады [2].
«Бейне» және «қатынас» категориялары арқылы қарым-қатынас анықтамасында адамның өзара әрекетінің идеалды жағы көрсетіледі. Адамдардың біріккен өмір әрекетінде бейнелеу процесі 2 салаға бөлінеді. Бірінші салада партнерлердің тұлғалық мәнін тану өтеді. Екінші кезең қарым-қатынас спецификалылығын сипаттайды. Бұл таным адамды қабылдау объектісі ретінде бейнелеу негізінде өтеді (оның сыртқы келбетін, әрекетін, қылықтарын, мінез-құлқын, оның тұлғалық мәні жайлы ақпарат беретін іс-әрекет өнімдерін). Осы және вербальды, сонымен қатар техникалық өзара байланыс тәсілдері арқылы партнерлар бір-біріне өздерінің іс-әрекеті, идеялары, сезімдері, т.б. жайлы ақпарат айтып, оларды біріккен өмір әрекеті жайлы және жеке мақсаттарымен сәйкес реттеуге ұмтылады [2].
Қарым-қатынас анықтамасына «бейне» категориясы көзқарасынан қарау, қарым-қатынас – партнерлардың өзара әрекеттің мазмұнды жақтары туралы идеалды көріністері енетін, формасы бойынша ақпараттық процесс болып табылады деген тұжырымға әкеледі.
Ақпараттық іс-әрекет құбылыстармен абстрактілі түрде әрекет жасауды білдіреді. Егер партнерлар өзара әрекет процесінде алмасатын реалды құбылыстардың абстрактілі формалары олардың өзара түсініктеріне ұқсас болса, онда қарым-қатынас процесі өзін адамдар санасынан адам бомысының салыстырмалы өз бетінше мәні түрінде көрсетпейді, өйткені, идеалды формалар өздерінің практикамен ақиқат немесе жалған қарама-қайшылықтарын көрсетпейді [2].
Қарым-қатынас жалпы дәлел бойынша осы барлық қатынастардың көріну формасы болып табылады. Бірақ бұл бұған ақпараттық процестердің барлық амалдары қарым-қатынастың материалды формасы ретінде қызмет ететін мағынада ғана дұрыс.
Қарым-қатынастың өзі біріккен іс-әрекетте пайда болатын қоғамдық, психологиялық, әлеуми-психологиялық қатынастар синтезі ретінде эмоционалды және әлеуметтік боялған өзара қатынастардың идеалды формаларында да болады [3].
Сондықтан, Б.Д.Парыгиннің дұрыс жазуынша: «Қарым-қатынасты бір уақытта индивидтердің өзара әрекет процесі ретінде де, адамдардың бір-біріне қатынасы ретінде де, олардың бір-бірін өзара түсіну процесі ретінде де бола алатын күрделі және көпқырлы процесс ретінде қарастырудың барлық негіздері бар» [7].....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 069



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?