Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ойдан шығарылған бар түрлі әндерім)

Үйрен, білсең әннің мәндерін,
Дәл толқындарын толғап, бұлжытпай,
Келтір кемеліне сәндерін.

Ән менен күйдің тілі – үн,
Ұқпасаң оны, саған мін.
Жасыңнан талаптан білуге сырын,
Жете ұғып алған соң,
Жарасады әнге қоссаң жырын.....
Өлеңдер
Толық

Мұхтар Шаханов (Қасқыр аулаушылар қулығы және саразбан сабағы)

Есугей елесі
Мен әкеңмін. Есугеймін...
Қатал-дүлей тағдырының қасіретіне қамалған.
Мен әкеңмін...
Әлде мүлдем өшірдің бе санаңнан?
Шыңғыс хан ( таңдана)
О, Тәңірім, өңім бе бұл, түсім бе?
Тұрғандаймын қалың тұман ішінде.
Тірлік неткен түсініксіз майдан бұл?....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Ауыл және жұмақ)

Тақпаймын астананың бағына мін,
Тұрмыстың ағымына бағынамын.
Әйтсе де
Көкті сүзген мүйіз үйді
Көргенде
Киіз үйді сағынамын.
Асыққан уақыт бізбен кеңеспейді,
Сағыну — менің шаруам емес дейді. .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Ата-ана және тұрмысқа шыққан қыз)

Таныс емес тағдырдың әні кімге!
Титықтайды тұрмыстан кәнігі де.
Баласы бар,
Байы бар келіншектің
Ата-анасыз күні жоқ әлі күнге.
«Қызық көріп бетінің қызылында»
Тапсын ұлдың түзігін,
Бұзығын да!»,—
Деп бергісі кеп тұрса шешесінің, .....
Өлеңдер
Толық

Қадыр Мырза Али (Көктебель және Волошин зираты)

Қазына емес, сұлулықпен бай халық
Кете алмайды, осы араға байланып.
Дара тау боп қол бұлғайды Қара тау,
Сағынышы сары алтынға айналып.
Көкжиекке жетем десең сен егер,
Көк мұнарға сіңеді аппақ кемелер.
Келіншектің ақ төсіндей алқалы
Кеудесіне жүзім таққан төбелер......
Өлеңдер
Толық