Құқық | Адам және азамат кұқықтарының конституциялық механизмін жетілдіру

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт аралығында Қазақстан Республикасында болған саяси және экономикалық реформалар тұлға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне басты роль берген қоғам дамуының жаңа бағыттарын айқындады. Қазіргі біздің конституциялық жүйеміз бұрыңғы кеңес дәуіріндегіден өзгеше адам және оның тұлғалығына ерекше сыйластықпен қараудан тұрады.
ҚР Конституциясының 1 бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады» делінген. Ал 12 баптың 2 тармақшасында: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумасынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, одан ешкім айыра алмайды» деп көрсетілген [1].
Аталған конституциялық ережелер мемлекет жүйесінің саяси-қоғамдық қалыптасуы мен дамуына бағытталып, адам құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымын және оларды қамтамасыз ету мен қорғаудың механизмін бекіту арқылы жүзеге асады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ

Менiң дипломдық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған негiзгi мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес авторлық құқық субъектiлерiнiң құқықтық жағдайын теориялық және құқықтық тұрған қарастыру болып табылады. Бұл мәслеге жалпы авторлық құқыққа қарастыры тұрғыдан мән берер болсақ ол тiптi әлемдiк денгейде әлi күнге дейiн, өз шешiмiн таппай отырған үлкен бiр өзектi проблемалар қатарында тұр десек артық айтпағандық болар едi. Сонымен бiрге менiңше осы қарастырылатын мәселелердiң өзектiлiгiн сондай-ақ мына мән жайлардан-ақ байқап көруге болар едi. XXI ғасырдың басында ғылыми-техникалық прогресстiң өте қарқынды iлгерлеп дамуы авторлық құқықтың жаңа объектiлерi мен субъектiлерiн өмiрге алып келуде, соның бiр мысалы ретiнде тек интернет жүйесiн алып қарар болсақ құқықтық тұрғыдан әлiде өз шешiмiн таппаған қыруар мәселелердiң барына көз жеткiзу мүлдем қиын емес деп ойлаймын ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Авторлық және сабақтас құқықтар азаматтық құқық жүйесінде

Қазақстан Республикасының егеменді ел болып өз тәуелсіздігін алғалы қаншама заңдарды қалыптастырсада «Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау» мәселесі өзекті болғандықтан осы тақырыпты таңдадым.
Қазақстан Республикасының 10 маусым 1996 жылғы “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заңының 1-бабында осы Заң санаткерлік меншік саласындағы ғылым, әдебиет және өнер туындыларын (авторлық құқық), қойылымдарды, орындаушылықты, фонограммаларды, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының хабарларын (сабақтас құқықтар) жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді деп атап көрсетеді..
Авторлық құқық (ағылш. copyright) – адамның творчестволық қызметінің объективтендірілген нәтижелерін материалды емес объект ретінде қорғайтын құқықтық институт; ұлттық заңдар мен халықаралық конвенциялармен реттелетін азаматтық құқықтың бөлігі болып табылады .
Қазақстан Республикасының “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” Заңының 49-бабына сәйкес авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды сот:....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Автордың мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары

Халқаралық деңгейде авторлық құқық туралы идея Европада кітап басу ісімен байланысты ХV ғасырда пайда болды.
Европадағы алғашқы заң XVІІ ғасырда Англияда дүниеге кледі. Ағылшынның баспагерлері мен кітап саудагерлері компаниясының автор құқығын қорғауға байланысты талаптарына сәйкес заң жобасы 1709 жылы талқыланып, ол 1710 жылдың сәуірінде «Королева Аннаның статуты» деген атпен күшіне енеді. Бұл заң тек баспагерлердің ғана мүддесін қорғады. Ал суретшілердің авторлық құқық туралы заңы Англияда 1535 жылы қабылданды.
Бүгінгі Қазақыстан аумағында авторлық құқық негіздері нақтылап айтсақ әл-Фараби заманынан келе жатқаны аңғарылады.
Авторлық құқық жөніндегі ресми құжаттар Қазақстанда тұңғыш рет ХІХ-шы ғасыр аяғы мен ХХ-шы ғасырдың басында ғылыми-қоғамдық еңбектерде көрініс берді, ал одан соң қолданылып жүрген бірқатар заң ережелерінде, оның ішінде 1928 жылғы Заң кодексінде айқындала түскені мәлім. Дегенмен бұл заңдар жүйесі 1917 жылы 29-желтоқсанда қабылданған «мемлекеттік баспа туралы» декреттен бастау алады. Ол кездегі заң авторлық құқық саласының көптеген проблемаларын шешуге дәрменсіз еді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | АВТОРДЫҢ МҮЛІКТІК ЕМЕС ЖЕКЕ ЖӘНЕ МҮЛІКТІК ҚҰҚЫҚТАРЫ

Халқаралық деңгейде авторлық құқық туралы идея Европада кітап басу ісімен байланысты ХV ғасырда пайда болды.
Европадағы алғашқы заң XVІІ ғасырда Англияда дүниеге кледі. Ағылшынның баспагерлері мен кітап саудагерлері компаниясының автор құқығын қорғауға байланысты талаптарына сәйкес заң жобасы 1709 жылы талқыланып, ол 1710 жылдың сәуірінде «Королева Аннаның статуты» деген атпен күшіне енеді. Бұл заң тек баспагерлердің ғана мүддесін қорғады. Ал суретшілердің авторлық құқық туралы заңы Англияда 1535 жылы қабылданды.
Бүгінгі Қазақыстан аумағында авторлық құқық негіздері нақтылап айтсақ әл-Фараби заманынан келе жатқаны аңғарылады.
Авторлық құқық жөніндегі ресми құжаттар Қазақстанда тұңғыш рет ХІХ-шы ғасыр аяғы мен ХХ-шы ғасырдың басында ғылыми-қоғамдық еңбектерде көрініс берді, ал одан соң қолданылып жүрген бірқатар заң ережелерінде, оның ішінде 1928 жылғы Заң кодексінде айқындала түскені мәлім. Дегенмен бұл заңдар жүйесі 1917 жылы 29-желтоқсанда қабылданған «мемлекеттік баспа туралы» декреттен бастау алады. Ол кездегі заң авторлық құқық саласының көптеген проблемаларын шешуге дәрменсіз еді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Халықаралық құқық | БОСҚЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІНІҢ НЕГІЗГІ

Кіріспе.
Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі. Кейбіреулері адамдардың өзара қатынасының шеңберінде қалыптасатын немесе соның нәтижесі болатын жағдайларға байланысты туындайды; келесілері, пайда болуы адамдарға тәуелсіз жағдайлармен шартталады, мысалы дүлей апаттармен. Босқындардың негізгі массасын, әрине, бірінші тектегі жағдайлар туғызады, атап айтқанда: қарулы қақтығыстар, нәсілдік және діни тіресулер.
Батыс зерттеушілерінің жұмысында халықаралық құқықтағы босқындар жағдайы мәртебе ретінде анықталады. Осы терминді кең мағынада қолдану мүмкіндігін ұйғара отырып, оны құқықтық біліктілік тұрғысынан қолданылуының негізделуіне шүбә келтіру керек.
Құқықтық мәртебе – бұл халықаралық құқық субъектілерінің, жеке территориялардың, әр түрлі халықаралық және мемлекеттік органдардың, тұлғалардың және мүліктердің жеке категорияларының халықаралық құқық нормаларымен орнықтырылған жағдайы. Мысалы, тұлғалардың жеке категорияларының құқықтық мәртебесі туралы сөз болғанда, онда, бәрінен бұрын, дипломатиялық қызметкерлер мен халықаралық қызметшілердің құқықтық жағдайлары ұйғарылады, яғни қызметтері, кейбір ескертпелермен халықаралық сипатта болатын және олардың басқа мемлекеттің территориясында уақытша болуы өзіндік ерекшелікпен шартталған жеке тұлғалар категориясы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Ұлттық экономика дамуының әлеуметтік-экономикалық және құқықтық негіздері

Соңғы отыз жылда ғылыми-техникалық революцияның қарқынды және терең дамуына байланысты материалдық өндіріс түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жаңа технологияның пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, ғылым бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуда. Күрделі де көп, салалы және көп дәрежелі қоғамдық өндіріс организмі осы мамандығы терең де жоғары басқарушылар, маркетинг т.б. бойынша маман кадрларды талап етуде. Бұл қызметкерлердің еңбегіне деген сұраныс, еңбекті өнімді және өнімсіз деп бөлудің қандай да болмасын жолдарының теорияның негізін жоюда.
Материалдық емес ізіліктерді (рухани байлықтарды) өндіретін сонымен қатар материалдық емес қызмет көрсететін сала (денсаулық сақтау, білім беру, ғылыми болжам жасау) үлкен маңызға ие болуда. Аталған салалардың барлығы да ұдайы өндірісте және өндірістің басты факторы жұмыс күшіне баға белгілеуде тікелей қатысады. Көрсетілген салалардың даму деңгейі еңбек өнімділігінің дәрежесімен қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпал етеді.
Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық экономиканың құрылымын қарастыруды қоғамдық өндіріс құрылымы түсінігін анықтаудан бастаған жөн. Қоғамдық өндіріс құрылымы деп отырғанымыз, сол мерзімде экономикада әрқилы факторлар ықпалымен, қоғамдық еңбек бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларын сипаттайтын салалардың арақатынасына байланысты.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу

Экономикалық прогресс кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік – шаруашылық қызметтің маңызды түрі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика.
Шағын кәсіпкерліктің кейбір өзіне тән ерекшеліктері оның экономиканың маңызды секторы екендігін көрсетеді.
Мемлекеттің оған аса мән беруі қоғам үшін экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге жетумен түсіндіріледі.
Шағын кәсіпкерліктің экономикалық нәтижесі келесілерде көрсетіледі:
1) бәсекелестік ортаны қалыптастырады;
2) нарықты тауар мен және әр түрлі қызметтермен толықтырады;
3) ірі бизнес үшін кадрлар мен капитал ресурсының көзі болатын «қөректену ортасы» болып табылады.
Саяси нәтижелерге келетін болсақ шағын бизнес қоғамның бір қалыптылығының негізі ретінде орта класты қалыптастыру көзі болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының дербес салық жүйесінің құрылғанына 20 жылдай болды. Осы уақыт ішінде экономикамыз, экономикалық қатынастар құрылымы, меншік құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қарым-қатынастар, тіпті халқымыздың салықтық мәдениеті де айтарлықтай елеулі өзгерістерге ұшырады. Бір жағынан, мемлекет салық саясатының мақсаттарын, міндеттерін және функцияларын тереңінен қарастырды, ал екінші жағынан – көптеген экономикалық қатынастар әлі де болса қазіргі салықтық заңнамамен қамтылмай, бір мәселелер өз шешімін таба алмай келеді. Жаңа салық кодексі де бір жылдан астам өзінің міндетін атқарып келеді.
Дегенмен де, біз қазір өз дамуымыздың жаңа, өркениетті сатысында келеміз. Біз алдымызға экономикалық жоғары дамыған елдердің экономикалық-қаржылық жүйесінің принциптері мен тәжірибесін қойып отырмыз. Кеңес дәуіріндегі салық жүйесінің элементтерінен толықтай арылып, негізгі салықтық ұғымдар мен категориялардың нақты анықтамасын, барлық салық субъектілері арасындағы қарым-қатынастарды регламенттеуді қазіргі нарық талаптарына сай орната білдік. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қаржы | Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету

Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың рөлі, орны және мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жүмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатыныстардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатьшасыньщ даму тәжірибелерін біліп, дүрыс пайдалану қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы - бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта қүруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы - ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық