Сара Алпысқызы Назарбаева Үлгілі жар, аяулы ана, "Бөбек" қорының негізін салушы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Сара Назарбаева Арғын тайпасының Қуандық руының Мұрат бөлімінен шыққан. Инженер-экономист мамандығы бойынша білім алған. 1994 жылдан "505 — Қазақстанның балалар ауылы" қорының, 1999 жылдан "Демография" қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы қызметін атқарды. Бірінші ханым небәрі бес жасында анасынан айырылып, сәбидің махаббатсыз, жақын адамының қамқорынсыз жетілуінің қаншалықты қиын екенін біліп өседі. "Бөбек" қорының дүниеге келуіне де осы нәрсе себепші болған. Бірінші ханым Нұрсұлтан Әбішұлымен қалай танысты? "Бала күнімде құрдастарымнан ешбір ерекшелігім болмады. Қарапайым кеңестік мектепте білім алдым. Оқу орнын тәмамдаған соң комбинатта жұмыс істей бастадым. Нұрсұлтан Әбішұлымен осы комбинатта таныстым", — дейді бірінші ханым.....
Ардақ Бекмұратқызы Исатаева (1976 жылы 2 желтоқсанда Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған) — танымал дәстүрлі әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті. Ардақ Бекмұратқызы 1976 жылы 2 желтоқсанда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Калинин ауылында дүниеге келген. 1983 - 1993 жылдары В.И. Ленин атындағы орта мектепте оқыған. Мектеп қабырғасында оқып жүргенде аудандық, облыстық концерттерге қатысып, көзге түскен. К.Әзірбаев атындағы облыстық байқауда 3-орын иеленген. 1993 - 1998 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасында Арқа әншілік мектебі бойынша Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бекболат Тілеуханнан дәріс алған. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Ұлан гвардиясы жанынан құрылған президент оркестрінің жеке әншісі 1998 - 2005 жылдары Гүлдер ансамбльінің солисті 2000 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасында Арқа әншілік мектебі бойынша дәріс береді. Көптеген шәкірттер дайындаған, шәкірттері халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері. Жетістіктері ....
Алмахан Нұрпейісқызы Кенжебекова (1950 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында туған) - кино және театр актрисасы. Қазақ КСР Халық артисі (1988). Алматы облысының Құрметті азаматы. Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының жоғарғы санаттаға артисі. "Құрмет" орденінің иегері. Алмахан Нұрпейісқызы [1950 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. 1970 жылы Алматы эстрада және цирк өнері студиясын (Ж.Елебековтің жетекшілігімен) бітірген. 1975 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін бітірген. (ұстазы: КСРО халық артисі Шолпан Жандарбекова)...
16 жасында ең дарында фотограф деп аталған, қыздардың жалаңаш тәнін түсіруге құмар Данияр Сәрсеевті бүгінде модельдік бизнесте жүрген кез келген өнер адамы біледі. Қазақ актрисаларының әйгілі журнал мұқабаларына арнап түскен суреттерінің көбін осы Данияр жүзеге асырған. Бүгінде 21 жастағы фотограф өзін осы саладағы маман ретінде көрсете білген. NUR.KZ порталы Данияр түсірген қазақ қыздарының суреттерін назарға ұсынады.
Оразғалиева Сая Магзумбекқызы - актриса, әнші. 1988 жылы 7 сәуірде Ұлан ауданының Ақ тауында дүниеге келген. Алматы Қазақ-түрік, гуманитарлық технологиялық колледжін бітірген, аудармашы-референт (2009); «Тұран» университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген (2012). «Shine» тобының вокалисті (2010-2012). Сая «ВУЗеры» телехикаясынан кейін танымалдылыққа ие болды. Кинодағы рөлдері:....
Нұржамал Пернебекқызы Үсенбаева (4.6.1958 жылы туған, Түркістан облысы Арыс қаласы) — әнші (лирика-колоратуралық сопрано), Қазақстанның халық артисті (1996). Өмірбаяны 1984 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) вокалдық факультетін (профессор Б.Жылысбаевтың класы бойынша) бітірген. Сол жылдан бастап Қазақ опера және балет театрының соло-әншісі....
Тұтова Гүлшат Әбсаттарқызы - актриса. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында дүниеге келген. 1993ж. Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр және кино институтын (қазіргі Ұлттық Өнер академиясы) театр-кино актері мамандығы бойынша бітірген. Театрда осы жылдан бастап қызмет етеді. Сахнадағы негізгі рольдері: Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: А.Сүлейменовтің «Кегінде» әйел (реж. Ә.Рахимов), Д.Исабековтің «Әпкесінде» Көрші әйел (реж. Б.Омаров), Д.Амантайдың «Сәлеметсің бе, қоңыр мұңында!» Әйгерім, Ә.Ақпанбетұлының «Дүние-думанында» Бибіш (реж. Қ.Сүгірбеков), Қ.Ысқақ, Шахимарденнің «Қазақтарында» Шолпан (реж. Т.әл-Тарази), Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Күләй, Қ.Ысқақтың «Жан қимағында» Бағдат (реж. Б.Атабаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Зира (реж. Е.Обаев), Ө.Боранбаевтың «Әңгүдігінде» Зина, Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілерінде» Айжан (реж. О.Кенебаев), Ә.Әмзеұлының «Қара кемпірінде» Жеңгей, Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Қарлығаш (реж. Е.Обаев), С.Асылбекұлының «Күзгі романсында» Назгүл (реж. Ә.Рахимов), Мәдина Омарованың «Көмбе нанның дәмінде» Ағира (реж. А.Кәкішева), Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібегінде» Қамқа (реж.Е.Нұрсұлтан) т.б.....
Сатыбалдиева Айзада Таңатарқызы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданы Мәдени ауылында дүниеге келді. 1994-1998жж. Т.Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институты театр факультетінің муздрама бөлімін оқып-бітірді. 1998ж. жолдамамен Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық драма театрының актерлік құрамына қабылданады. 2007ж. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқытушы болды. 2009ж. тамыз айында М.Әуезов драма театрына қабылданды. Сахнадағы негізгі рольдері: Ұлттық, әлемдік классика мен заманауи драматургияда:....