Қиял-ғажайып ертегі: Алтын құс пен сұр қасқыр

Бұрынғы заманда болған бір патша. Ол патшаның үш ұлы һәм бір жүдә үлкен бақшасы бар екен. Сондай бақша мақтауға келетін еді. Мұндай бақша ол заманда дүние жүзінде болмаған. Егер бұл бақшаға қайғылы ма, ауру ма кісі кірсе, қайғылы кісінің қайғысы кетіп, ауру кісі ауруынан саламат болып шығатын еді. Бұл бақшада дүние жүзіндегі неше түрлі жемістер бар еді. Патша бақшасындағы осы жеміс ағаштарының ішінен биік өскен бір алма ағашын жан-тәнімен жүдә жақсы көреді екен. Ол ағашта өскен бір алманың біреуі алтынға, біреуі күміске, яғни әртүрлі түске айналып тұрады екен. Бір заман бұл бақшаға иеленген бір алтын құс келген. Алтын құстың әрбір жүні алтын секілді жалт-жұлт етіп тұрған һәм көзі гауһар секілді ойнап тұрған. Бұл әр күні түнімен бұл патшаның бақшасына ұшып келіп қонады екен. Әлгі патшаның сүйікті алма ағашының әр түні бір алмасын шұқып, басқасын қиып түсіріп кетеді екен. Күндерде бір күн патша бақшасына шықса керек. Алма ағашынан алмасын қараса, алтын секілді жақсы алмасы жүдә аз қалған. Патша бұл істі көріп қапа болған, қайғыра бастаған. Бір күні патша өзінің үш ұлын шақырып айтқан......
Ертегілер
Толық

Бөрі, қасқыр

Бөрі боранды ұнатады.

Жау жоқ деме
Жар астында,
Бөрі жоқ деме
Бөрік астында.

Бөркіңді беріп
Бөріден құтылмайсың.

Иттің ұлығанын бөрі есітпес.

Ұры түн асқанша,
Бөрі қыр асқанша.

Иттің ұлығанын бөрі есітпес.

Бөріден қорыққан орманға бармайды.

Жау қайда деме, жар астында,
Бөрі қайда деме, бөрік астында.
Мақал-мәтелдер
Толық

Қасқыр

Қасқыр қартайса да, қойға әлі келеді.

Қасқырдан қайрат кетсе,
Ешкіні «апа'», текені «жезде» дейді.

Қасқыр қарызын терісімен өтейді.

Қасқыр айдағанға көнбес,
Шошқа байлағанға көнбес.

Мақал-мәтелдер
Толық

Бердібек Соқпақбаев | Әріппай мен көкжал қасқыр


— О, Әрекеңнің басынан не кешпеген. Бәрі де кешкен. Әй, Әреке, Әреке - тай, мына балаларға жас кезіңізде өзіңіздің басыңыздан кешкен қызғылықты уақиғалардың бірін әңгімелеп, айтып беріңізші?

Әрекен бәлсінбейді. Электр ұстарамен күнара тықырлап қырып жүретін көктұқыл сақалын күлімсірей сипалап, сәл ойланып отырады да:

— Жарайды, айтсам, айтып берейін — дейді.

— Қай әңгімеңізді айтасыз?

— Жапан дүзде көкжал. қасқырға кездесіп, қалай аман қалғанымды айтып бepeйін.

— Дұрыс, соны айтыңыз.

— Біріншіде оқимын ол кезде, кішкентаймын, — дейді Әрекең.— Әке-шешем колхоздың қойын бағады. Поселкеде өзімнің Күлімхан дейтін жеңгемнің үйінде жүрем.

Күлімханды сен білесің, мінезі күрт, тілі ащы адам еді ғой. Бірақ оған да кінә жоқ. Күн бойы колхоздың жұмысын істеп, шаршап келеді. Оны күтіп, бітпей жатқан үй ішінің тіршілігі және көп. Міне соның арасында қитығына біз де тиіп қоямыз. Сосын ол қалай ашуланшақ болмасын.

Бір күні ойынның қызығымен жүріп, қызыл бұзауды байлауды тарс ұмытыппын да кетіппін. Бір қарасам қоңыр сиыр түк білмегендей үйдің қасына маңқиып келіп тұр. Қызыл бұзау құдай тілеуін беріп, оны рақаттанып еміп тұр. Ойынды тастай салып ұмтылдым. Дәл сол кезде ар жақтан аюдай ақырған Күлімхан қоса көрінді.

Бұзауға қабат жеттік ол екеуміз.

Жеткенмен не пайда. Қызыл бұзау өз шаруасын тындырған. Қоңыр сиырдың желініндегі күні бойы сыздықтап жиналған, бүкіл үй ішіміз боп үміт артып отырған бар сүтті қарнына қотарып құйып алған. Сиырдың желіні ішінен желі шыққан допқа ұқсап боп-бос. Ызасы қайнаған Күлімхан бір қолымен қызыл бұзауды бұйдасынан сүйрей - мүйрей, маған ұмтылды.

— Ойында басың қалғыр, жүгірмек!

«Жүгірмекте» кінә мол. Мойнын ішіне тығып, жасқанғанды ғана білді ол. Күлімханның жұдырығы балғадай ауыр келетіні және мәлім. Шойын жұдырықтар көк желкемнен аямай түйіп - түйіп етті.

Және ұрады екен деп, құламасам да әлгі араға құлай кетіп бақырдым. Ойындас жолдастарым анадайдан бұның бәрін көріп тұр. Жоқ, жатқан үстімнен төмпештеп ұрған жоқ жеңгем, Бірақ зәрі ұрғанға бергісіз ащы сездерін аямай айтып, енді қызыл бұзауды түйгіштеп кетіп бара жатты.

Ал таяқ еттен, сөз сүйектен өтетіні белгілі. .....
Әңгімелер
Толық

Жүзім жегісі келген қасқыр

Бір түлкі жүзімге лықа тойып, баудан шығып келе жатады. Оны көрген қасқыр:
— Жүзімді қайдан жедің? Айтшы, мен де жейін. Айтпасаң, өзіңді жайратамын! – дейді ақырып.
— Ойбай, қасеке, құлдық, – дейді түлкі жылмаңдап. — Сенен несін жасырайын, анау баудың ішінде сықасып тұр. Жүріңіз, ертіп алып барайын.......
Ертегілер
Толық

Түлкі

Бір әйел далаға егін ора келіп, құмыраны сүтімен шөптің арасына тығып қояды. Бұны түлкі көрді де, жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп қояды. Енді түлкі құмырадан басын......
Ертегілер
Толық

Хайуанаттар, жануарлар

Бір жылға қоян терісі де шыдаған.

Қоян көлеңкесінен қорқады.

Қоянның қарасын көріп, қалжасынан түңіл.

Қашқан қоян жатқан қоянды ала кетеді.

Көкпар тартқандікі, қоян қаққандікі.
Мақал-мәтелдер
Толық

Бөрі ғұмыр...

Тұран далам, түбі бір түркі мекенім,
Тәңірім көкте, Ол-жалғыз құлдық етерім.
Аруағы асса, азуы қарыс алаштың
Бөрі бүлкекпен, боз дала кезіп өтемін.

Боз далам менің-азат рухымның айбары,
Бірбеткейлігім-қасқырдың иісі....
Өлеңдер
Толық