Қазақша өлең: Бөрі ғұмыр... » ZHARAR © 2016 | қасқыр туралы, қасқыр туралы сипаттама, қасқыр туралы өлең, каскыр туралы малимет, стихи на казахском языке про волка, каскыр туралы ангиме, каскыр туралы олен




  • »

Қазақша өлең: Бөрі ғұмыр...

Қазақша өлең: Бөрі ғұмыр... казакша Қазақша өлең: Бөрі ғұмыр... на казахском языке

Тұран далам, түбі бір түркі мекенім,
Тәңірім көкте, Ол-жалғыз құлдық етерім.
Аруағы асса, азуы қарыс алаштың
Бөрі бүлкекпен, боз дала кезіп өтемін.

Боз далам менің-азат рухымның айбары,
Бірбеткейлігім-қасқырдың иісі қандағы.
Қандауызбын мен,қақпанға толы қадамым,
Қылыш қағидам-бұлжытпас заны даланың.

Қасқыр боп тудым,арлан айбынмен кетемін,
Өгейсінемін,өзге өмірдің жетегін.
Өлексені өзек етер қарға емен,
Ондай өмір,сірә,маған бермеген.
Ордалы иттің опығын жеп көрмегем.
Шибөрілер жүре берсін жер басып,
Бөрі өліммен өз даламда жерленем,
Бөрі өліммен боз даламда жерленем. . .

P.S.
Жортуылмен басталған күнім Арда,
Арықтығым беймәлім,тірі жанға.
Боз даламның аңсаймын боз самалын
Ай астынан көк бөрі ұлығанда...

(с) Жиналған Назарбай


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 5 140
Рейтинг:
(голосов: 12)

.

. .