Бейбітшілік пен келісім – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандап келеді. Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» құрыпты. Қалған уақыттың бәрінде мемлекеттер «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал» деген қағидамен өмір сүрген көрінеді. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десек те, әлемнің түрлі...
Қазақ ұлтында теңіздің жағаға толқып соққан толқындары секілді ,толқын мінезді патриот ұлдары мен қыздары бар. Олар өзінің еліне отансүйгіштік ,ұлтжандылық қасиетімен «Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі» деп халыққа қызмет етіп , отаншылдықтың, ұлтжандылықтың айнасы бола білетін азаматтар. Қазақта ел бастаған көсем де, топ алдында сөз сөйлеген шешен де, қаламы жүйрік жазушы да, ойы асқақ данышпан ғалым да, кеудесін оққа тосқан батыр да, топтан озған спортшы, әнші де бар. Бұлар қазақтың нағыз патриоттары! Автор.
Қазақ ұлтының - ақ таңы арайлап атып,көгінде қыран құсы самғаған, төрінде көк туы желбіреп, бәйтерегі аспанмен сырласқан ,дүние жүзінде жерінің кеңдігі жөнінен бірінші ондықта тұратын көп ұлтты өз құшағына сыйдыра білген ауызбіршілікті, кең пейілділік пен тұрақтылықты ту еткен ұлтжанды, отансүйгіш ,дархан халық.Қазақтың шаңырағы биік, керегесі кең, терезесі тең ұлт болып қалыптасуында ең бірінші патриот ұлдары мен қыздарының орны ерекше аталып өтілуі тиіс. Ол үшін тамыры тереңге жайылған тарихқа көз жүгіртуді жөн санадым.
Біздің ең алғашқы түркілерден шыққан ел билеушіміз Білге қаған түрік еліне 19 жыл билік құрып, ұлтарақтай жерімізді атқа отырып, қолына қару алып қызғыштай қорғаған. Көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітіп, бейбіт дәурен орнатқан. Түркі халқы үшін түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, інісі -Күлтегінмен бірге халықты татулыққа шақырып, жалаңаш халықты тонды,кедей халықты бай, аз халықты көп қылған патриот көшбасшы.
Бұдан кейінгі жылдарда қазақ хандығы (XV ғ.) 550 жыл ішінде
Қазақтың тұңғыш ханы - Керей ханнан бастап соңғы ханы – Абылай ханның немересі Кене хан, Қасым сұлтанға дейін еліміздің өркендеуіне өмірі мен қызметін арнаған ,ұлт тұтастығын сақтаған , елге аянбай қызмет еткен патриоттар екендігін біреу білсе, біреу білмейтін де шығар.
Ал Ұлы Отан соғысы жылдар аралығындағы соғыста ұлдарымызды айтпағанда, Әлия, Мәншүк , Хиуаз сиақты батыр қыздарымыздың өзі қан майданда ерлікпен шайқасып,кеңес одағының батыры атағын алып, жеңістің туын желбіретіп ,өз аттарын алтын әріптермен жазды. .....
Тәуелсіздік - барлық қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық.
Н.Ә.Назарбаев
Қазақ – отаншыл халық. Қазақтың отаншыл жүрегі – өрлік пен намысқа, ерлік пен жауынгерлікке толы, «Құлқынның құлы болма, отанның ұлы бол», «Ит тойған жеріне, ер туған жеріне», - деп айтуы осыдан. Отан – табиғи, тарихи, әлеуметтік, саяси, мәдени орта, адам баласының тіршілігінің негізі. Әр халықтың өз Отанын сүюі - заңдылық. Егер біз пендешілік жасамай, өз ұлтымызды «елден ерек, көптен бөлек» деп қарамай, оны адам баласының құрамды бөлігінде қарап, басқа ұлтқа өгейлік көрсетпесек, отансүйгіштік, ұлтжандылық, жасампаздық қасиетімен жарқырай түсер едік. Қазақ халқының Отаны, туып-өскен, кіндік қаны тамған басқа қазақстандықтардың Отаны - Қазақстан. Оның үстіне Қазақстан – қазақ халқының ата мекені. Ұлттық патриотизммен Қазақстанды өз Отаны санаған басқа ұлт өкілдерінің патриотизмі бір арнаға қосылып, бүкіл қазақстандық патриотизмді құрайды. Біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік біздің халыққа тегін келмеді. Талай ұрпақ зар жылап, жапа шекті, өмірлері өксікпен өтті. Тәуелсіз Қазақстан...Қандай ұлы ұғым. Жаныңды жадыратып, көңіліңді көтереді. Отансүйгіш ұрпақ сол тәуелсіздікті баянды етуге қызмет етуі керек. Ең алдымен еліміз саяси тәуелсіздік жариялады. Біз тәуелсіз елміз. Тарихқа уақыт қас-қағымдай. Өйткені ғасырларды құшақтап, аясына алған уақыт талай халықтың, талай ұлы империялардың тәуелсіздігін көрген... Солай бола тұрса да, бізге біздің өз тәуелсіздігіміз қымбат. Ол бізге қымбат – ата-бабаның рухын көтергені үшін! Ол бізге қымбат-сөнген мемлекетіміздің отын маздатып,жандырғаны үшін! Ол бізге қымбат – елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендіргені үшін! Ол бізге қымбат – ата-тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, ділімізді қаз-қатар тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізгені үшін! «Тәуелсіздік» деген – жай термин сөз емес. Тәуелсіздік, шын мәнінде, ауқымды да терең құбылыс. Ол ең алдымен саяси тәуелсіздік.
Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы Благовещенка селосы «Благовещенка №2 орта мектебі» КММ Кітапханашы: Каменова Айгүміс Қайсақызы