Саңырауқұлақтар

Жеуге жарамды саңырауқұлақтар – қозықұйрық (шампиньон) құрамында қарашiрiгi мол, ылғалды топырақта өседi, орманда, шалғындықта, бақша өсiмдiктерiнiң арасында кездеседi. Сондықтан оның кәдiмгi қозықұйрық, шалғындық қозықұйрық, орман қозықұйрығы деген түрлерi бар. Қалпағының үстiңгi бетi ақ, астыңғы жағы қатпарлы, қызғылт түстi. Қалпағының диаметрi 15 см, дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, енi 2-2,5 см-ге жетедi. Құрамында 20-30% нәруыз, май, минералды заттар, дәрумендер, микроэлементтерден – темiр, кальций, мырыш, йод, калий, фосфор бар, сондықтан жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 300-ге жуық түрлерi белгiлi.
Ақ саңырауқұлақ қайың, емен, шырша, қарағай, шамшат, қарағаш, шаған ағаштарының астында өседi. Қайың маңында өскен саңырауқұлақ қалпағының үстiңгi бетiақшыл- сұрғылт, астыңғы жағы –ақ, хош иiстi. өсiп тұрған жерiне қарай түстерiде құбылмалы. Дiңгегiнiң ұзындығы 10 см, қалпағының диаметрi 20 см.
Қайың саңырауқұлағы – қайыңды орманда топырақтың жылылығы 10 – 16 0 С-да, ылғалдылығы 53 – 98 % - ға жеткенде дами бастайды. Дiңгегiнiң биiктiгi 4 -15 см, жуандығы 1-3 см, қалпағының диаметрi 5 -15 см, 10 күн iшiнде терiп алмаса жеуге жарамсыз болып қалады. Қайынның тамырымен селбесiп микроза түзедi, ағашқа пайда келтiредi. Кептiрiлген саңырауқұлақтың қуаттылығы баклажан мен қарабидай нанының қуаттылығымен тең түседi. Қайың саңырауқұлағын кептiргенде қараяды.
Күзгi түбiртек ( осенний опенок) - өте тез өседi, құрамында су – 91,4 % ,
нәруыз -2,6 %, крахмал, қант-3,8 %, май-0,4%, тұз – 0,8%, жасунық -0,9%. Түбiртегiнде ақтүстi жарғақты белдеушесi бар. Қуаттылығы сәбiз, орамжапырақ, қияр, қызаннан әлдеқайда жоғары саналады, ол айранның қуаттылығымен парапар келедi. ....
Рефераттар
Толық

Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлы 1916 жылғы қайраткердің қалдырған дерегі

Рысқұлов Тұрар Рысқұлұлы 14 (26).12.1894, Верный уезінің Шығ.Талғар болысы, қазіргі Алматы облысында дүниеге келген. 10.2.1938 өмірі қиылады. Кеңес мемлекеті және партия қайраткері. 1917 жылдан Компартия мүшесі болған. Көшпелі кдей шаруаның семьясында туған. Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы, Ұлы Қазан социалистік революциясына, Азамат соғысына, Орта Азиядағы, Қазақстан мен РСФСР-дегі социалистік құрылысқа белсене қатысты. Әкесі Рысқұл Жылқайдаров 1904 жылы желтоқсанда патша үкіметінің зорлық – зомбылығына қарсы шыққаны үшін 10 жыл каторгалық жұмысқа кесіліп, Сахалинге жер аударылды. Он жасар Тұрар да верныйдағы түрмеде әкесінің қасында болды. Он екі жасынан Тұрар жалшылықта байдың малын бақты. 1907 жылы ол Қырғызбаев деген жалғанфамилиямен Әулиеатадағы бұратаналарға арналған орысша бастауыш мектепке түсті. 1910 – 1914 жылдар ішінде Пішпектегі (Фрунзе) ауылшаруашылығы мектебінде оқыды. 1916 жылы Тұрар Рысқұлов Ташкенттегі мұғалімдер интернатыга түскенімен, оны аяқтап үлгермеді. Қазақстан мен Орта Азияда ұлт – азаттық көтерілісі бұрқ ете түсті. Әулиеатадағы осы көтеріліске белсене қатысқан Рысқұолвты патша үкіметі сол жылы тұтқынға алды.
Ақпан революциясынан кейін ол қазақ жастарын революциялық жолға жұмылдырды. 1917 жылдың басында Т.Рысқұлов Қырғыз (қазақ) жастарының одағын ұйымдастырып, Әулиеата Советімен тығыз байланыс жасады.
Кеңес үкіметі орнасымен Рысқұлов 1917 жылы қарашадан 1918 жылдың маусымына дейін Әулиеата уездік Совдепі аткомының председателі болды. 1918 жылдың шілдесінен сол жылыдың аяғына дейін Түркістан республикасы денсаулық сақтау халкомы, 1918 жылдың ақырынан 1920 жылдың қаңтарына дейін Түркістан республикасы ОАК пердседателінің орынбасары, 1919 жылғы наурыздан 1920 жылдың ақпанына дейін РК(б)П Мұсылман бюросының председателі, 1920 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін Түркістан республикасы ОАК-нің председателі, сол жылдың аяғынан 1921 жылға дейін Ұлт істері Халық Комиссариатынң Азербайжан республикасы бойынша уәкілі, 1921 жылдан 1922 жылдың қыркүйегіне дейін РСФСР Ұлт істері Комиссариатының қызметкері, коллегия мүшесі және халкомның 2 – орынбасары, 1922 жылдың қыркүйек айынан 1924 жылдың сәуір айына дейін Түркістан республикасы халкомсовының председателі болып жұмыс істеді....
Рефераттар
Толық

Құқық | ҚҰҚЫҚҚА САЙ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ

Қоғамдық қатынастар құқық нормаларымен реттелетін құқықтық қатынастарды қалыптастырады. Құқықтық қатынастар арқылы құқық нормалары іс жүзіне асады, қоғамдық қатынастарды реттеу және қорғау функциялары қалыптасады. Қоғамдық қатынастардағы субъектілердің мінез-құлықтары сан-алуан, көп жағдайда құқыққа сай келмейтін мінез-құлықтарды қалыптастырады, құқыққа қайшы келетін іс-әрекеттер жасалады. Құқық бұзушылық қоғамға, мемлекетке жалпы басқару ісіне өлшеусіз нуқсан келтіреді, орны толмас, ешқандай өлшеммен өлшенбейтін зардаптар мен адам психологиясын мәңгі жаралайтын іздер қалдырады. Сондықтан қоғамның, мемлекеттің стратегиялық мақсаты барлық әлеует, мүмкіндіктерді пайдалана отырып, адамдардың құқыққа сай мінез-құлықтарын қалыптастыру болып табылады. Бұл өте күрделі процесс. Себебі субъект, жеке адам тек ғана әлеуметтік жан ғана емес, сонымен қатар биологиялық қасиеттерге ие табиғаттың да ажырамас жаны бар организмі. Сондықтан жеке адамның құқыққа сай мінез-құлқын қалыптастыру үшін аталмыш жағдайларды бөліп зерттемей, бір мағанада, тұтастық ұғымында тану ғана ақиқатты ғылыми нәтиже бермек.
Құқыққа сай мінез-құлық деп жеке адамның ішкі сезімінің психологиялық бағыттарынан, сырттан қабылданған информациялық-тәрбие және әлеуметтік-экономикалық, микро, макро орта әсерінің тиімді нәтижесінде қалыптасқан мінез-құлықты айтады.
Е.К.Нүрпейісов өзінің зерттеулерінде құқыққа сай мінез-құлықты әлеуметтік бағыттағы құқыққа сай мінез-құлық жеке бағыттағы құқыққа сай мінез-құлық және эгоистік бағыттағы мінез-құлық — деп бөліп қарайды. Құқыққа сай мінез-құлықтың формалды нышаны құқық формаларының талаптарын сақтау, ап теориялық мәні күрделі тартыстар мен шиеленістерден қалыптасады.....
Рефераттар
Толық

Биология | Зигомициттер саңырауқұлақтар

Зигомицеттер (Zygomycetes)- саңырауқұлақтардың бір класы. 4 қатары (Mucorales, Endogonales, Entomophthorales, Zoopagales), 500-ден артық түрлері белгілі. Табиғатта кең тараған. Топырақта, көңде, сондай-ақ өсімдіктердің құрамында, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлар мен адамдардың денесінде паразитті тіршілік етіп, қоректік заттардың құрамында ақ ұнтақ түрінде кездеседі. Зигомицеттердің талломы өте жақсы дамыған көп ядролы жіпшумақтардан (мицелийлер) құралады. Клетка құрамында хитин және хитозин, кейде глюкан заттары болады. Зигоспора түзіп, зигогамия жолымен жынысты көбейеді, аты осыған байланысты қойылған. Зигогамия жолымен жынысты көбею кезінде әр түрлі жынысты екі жіпше түйісіп, перделермен бөлініп, екі жыныстық мүше гаметангийлер түзіледі. Гаметангийлерде жыныстық клеткалар түзілмейді. Екі гаметангийдің түйіскен жерінде қабықтары еріп, зигота түзіледі. Зигота 2-3 қабаттан тұратын қабықпен қапталып, ұзақ бұйығу кезеңінен өтеді. ....

Рефераттар
Толық

Әдебиет | Желтоқсан батыры Қайрат Рысқұлбеков

Бүкiл әлем алдында құдiретi күштi «Қызыл Империяның» қаһарынан қаймықпай оның озбырлы - үстемдiк саясатына қасқайып, қарсы тұрған қазақ жастарының 1986 - жылғы Желтоқсан көтерiлiсiндегi жанкештi ерлiктерi қай елге де, қай мемлекетке де болмасын тағылымды да ғибратты үлгi - өнеге.
Әйгiлi Желтоқсан көтерiлiсiнде Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбирадай боздақтар қыршынынан қиылса, жүздеген жастар темiр тордың ащы дәмiн татып мыңдаған азаматтар жазықсыз қудаланып, бiлiм ордаларынан шығарылып, қызметтерiнен қуылды. ....
Рефераттар
Толық

Этология | Біз жануарлардың мінез-құлқы туралы не білеміз

Жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін ғылым – этология деп аталады.
(грек – ethos - әдет, мінез) деген мағананы береді. Этология ғылымы 20 ғасырда пайда бола бастады.
Бұл жаңалықты Нобелъ сыйлығының иегері академик И.П.Павлов ашқан. Ол жануарлардың мінез – құлқын жана-жақтылы зерттеді. Қазыргі уақытта этология ғылымымен биология факулътетіндегі Сарбонде, Аксфорде, Англия, Голландия мемлекеттері қатты көңіл бөліп оқытады. Павлов жануарлардың мінез-құлқына генетикалық талдау жүргізген және оның талдау жүргізген бірден-бір жаңалығы осыдан 70 жыл бұрын бүкіл әлемде жануарлардың мінез-құлқы үйретімді, жуас, тыңдағыш болған екен.
“Жануарлар адам секілді бәлкім рахаттылық, қуаныш-қайғы, күйзелу, бақыттылық және бақытсыздықты сезінуге қабілетті” деп Чарлиз Дарвинның еңбектерінде жазылған.
Ағылшын биологі Д. Гексил адам тәрізді маймылдар денемен, сезім ағзаларымен ған қамтамасыз етілген, яғни, адамдарға ұқсас, сонымен қатар қызығушылықтың, ашудың, қауыпсіздіктің, жақындылық, ауырсыну, рахаттылықтың көрсеткіштері бар. Бұл құбылысты кез-келген адам зоопаркте көруі мүмкін, бұл басқада сұтқоректілерге қатысы бар екенін қортындылайды.
Жоғары дәрежелі жүйкелік қызметті зерттеуде жануарлардың мінез-құлқын бақылау әдісі кең қолданылады. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Жанжалды жағдайдағы мінез-құлықтың стильдері

Әрбір жанжал себебінің туындауы бойынша қайталанбас және де
істің нәтижесі тәртібі бойынша екі немесе одан да көп жақтары өзара әрекеттестік формада болады. Осыған орай жеке адам және кез-келген қоғам болсын, басқа да адамдармен қарым-қатынаста өздерінің жанжалдық ситуациядағы тәртіп стилінде бір-біріне деген рухани көмекті және келісу манерасын айқындайды.
Бірақ барлық жанжал мінез-құлық стилі және келіспеу манерасы жалпы бір белгіге ие. Осы мәселенің шешімі бірінші ретте жанжалға түскен жақ айқындалса ғана, онда бұл оларды іс-әрекетте серіктес болуға ықпал жасайды. Барлық жанжалдың стандартты даму схемасы болады: қақтығысқа әкелетін тікелей себептер,- бұл қызығушылықтары мен мақсаттары ұқсас болмауынан, болады. ....
Рефераттар
Толық

Ұзын құлақ сұр қоян

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян»
Мақсаты: Балаларды елестету арқылы таныс бейненің мүсінін жасауға, қоянның жеке бөліктерін: басы, денесі, құйрығын анық жасай білуге үйрету. Есу, жалпайту, шаншу әдістерін жалғастыру. Бейнені мәнерлі түрде жеткізіп, балалардың шығармашылық қабілетін, қиял - елесін дамыту.

Қоршаған ортаны сүйе білуге, аңдарға жан – жануарларға қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: Саз, тақтайша, шүберек, үлгі.
Методикалық әдіс: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Сөздік жұмыс: Сақ құлақ, үркек, қорқақ.
Мотивациялық қозғаушы
Балалар қане айтыңдаршы сендердің алдарыңда қандай заттар жатыр?
Саз, тақтай, шүберек......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық