» » » Реферат: Психология | Жанжалды жағдайдағы мінез-құлықтың стильдері

Реферат: Психология | Жанжалды жағдайдағы мінез-құлықтың стильдері

Реферат: Психология | Жанжалды жағдайдағы мінез-құлықтың стильдері казакша Реферат: Психология | Жанжалды жағдайдағы мінез-құлықтың стильдері на казахском языке
Әрбір жанжал себебінің туындауы бойынша қайталанбас және де
істің нәтижесі тәртібі бойынша екі немесе одан да көп жақтары өзара әрекеттестік формада болады. Осыған орай жеке адам және кез-келген қоғам болсын, басқа да адамдармен қарым-қатынаста өздерінің жанжалдық ситуациядағы тәртіп стилінде бір-біріне деген рухани көмекті және келісу манерасын айқындайды.
Бірақ барлық жанжал мінез-құлық стилі және келіспеу манерасы жалпы бір белгіге ие. Осы мәселенің шешімі бірінші ретте жанжалға түскен жақ айқындалса ғана, онда бұл оларды іс-әрекетте серіктес болуға ықпал жасайды. Барлық жанжалдың стандартты даму схемасы болады: қақтығысқа әкелетін тікелей себептер,- бұл қызығушылықтары мен мақсаттары ұқсас болмауынан, болады. Көп жағдайда жанжалға түскен адамдардың бірін-бірі түсінбеуі – олардың сырт көзге бағалаулары әр -түрлі болуынан және өздерінің арманы мен планының әр- түрлі болып, мақсатқа жетудегі білімдері бірдей болмауынан , жанжалға түскенде басқа адамдардың қызығушылықтарына деген қөзқарасы басқаша болуынан түсінбеушілік пайда болады. Бұл контекстегі стиль айқындалған қызығушылықты жүзеге асыруға себепші, және де мақсатқа жетудегі образды іс-әрекет пен қарым –қатынас монерасын білдіреді.
Жанжалға қатысушылардың қылықтары әр түрлі болып келеді. Ол конструктивті бағытта болуы мүмкін, яғни барлық жвағынан қабылданған мінез құлықпен байланысты жанжалдық сетуациядан шығу жолдарын іздеуге бағытталады.
ХХ ғасырдың 70-ші жылдары жанжал жағдайындағы мінез құлықтың негізгі 5-стиль жүйесін атап көрсетеді:
• Бәсекелестік немесе қарсыластық,
• Қызметтестік;
• Компремисс, мәмілеге келу;
• Бейімделу;
• Елемеушілік немесе ауытқушылық;
Нақты жанжал жағдайындағы мінез құлықтың стилі өз бойыңыздағы көзқарасыңызды, көңіліңізді қанағаттандыру шегімен анықталады. Осы әр түрлі мінез құлықтық стилдерді суреттеп американдар Кенннед Томас пен Ральф Килменн менеджерлі білім алуда схемалы кестені қолдануды ұсынды, бұл кесте солардың атымен аталған болатын. Графикалық түрде бұл схема 6.1 – суретте көрсетілген.


Бәсекелестік немесе қарсыластық



Бейімделу


Компремисс, мәмілеге келу

Қызметтестік;


Елемеушілік немесе ауытқушылық



Нақтылы жағдайлар және адамның тұлғалық сипатына, ерекшеліктеріне байланысты стиль түрінің тиімді қолданылуының ұсыныстарын қарастырып көрілік.
Бәсекелестік немесе қарсыластық стилі- бұл стиль бәсекелестік жағдайда мінез-құлықтар үшін типті, бірыңғай болып келеді.
Статистика бойынша жанжалдың 70 % -і бар жақты жеңіске жету, өз көзқарастарын қанағаттандыру болып табылады.Осыдан келіп әріптестерін басып тастау, өз көзқарастарын білдіру туындайды. Мұндай жүйелерді күшті жігерлі, беделді, билігі бар адам қолдана алады. Мұндай жүйені туындаған проблемаларды шешуге талық атсалысқанда қолдануға болады, себебі жанжалдың жүруі сіз үшін өте маңызды:
- жеткілікті билік пен беделге ие бола отырып, сіз ұсынып отырған шешім- маңызды;
- басқаша таңлау жоқ екенін сезініп сіз үшін жоғалтатын ештеңе жоқ;
- жариялы емес шешім қабылдануыңыз қажет және сізде осы қадамды таңлап алу үшін жеткілікті өкілеттілік бар;
- беделді стилді түсінетін, сезінетін қызметкерлермен өзара әрекеттесіңіз. Алайда,еске ала кететін жайт, ол мұндай стратегияның ұзақ мерзімді нәтижеге сирек жеткізетінін ескеру қажет, себебі жеңіліске ұшыраған жақ ертеңгі күні қызметтесуден бас тартуы мүмкін. Мұндай стиль жақын, жеке қарым-қатынастылықта қолданыла алмайды. Бір жақ басқа жақты үстемдей отырып шешілусіз қарама-қайшылыққа алып келуі мүмкін немесе тіпті толық ажырасуға. Алайда мұндай стильді сіз жеткілікті басшылыққа ие бола алмай, ал сіздің көзқарасыңыз қандай да бір мәселелер бойынша бастығыңыздың көзқарасымен үйлескен жағдайда және ол мәселені дәлелдеуге сіздің толық аргументіңіз, дәлеліңіз жеткілікті болған жағдайда қолдануға болады
Қызметтестік –стильдердің ішіндегі ең ауыры, алайда жанжалды жағдайларды шешуде тиімді түрі.
Оның артықшылығы – екі жақ үшін тиімді, үйлесімді шешім таба білесіз және оппоненттерді әріптестерге айналдыра аласыз. Ол деген сөз барлық мүшелерді жанжал процесін шешуге тартудың жолын қарастыру және қауымның қажеттіліктерін қанағаттандыруға талпыну. Мұндац жүйелену іскерлік әрекеттерде және жеке өмірде жетістіктерге жетелейді. Мұндай стратегияны іске асыруда мынадай фразадан бастаған жөн; «Біз екеуміз үшін де мәселенің әділетті шешілгенін , шешімін қалаймын,, , Өзімізге қажетті нәтижелерді қалай шешу жолын қарастырып көрелік,, ,,Біздің проблемамызды шешу үшін мен сізге келіп тұрмын,, .
Ары қарай әр-түрлі ой пікірлерге ене отырып, басқа өзге жақтың нені тілеп отырғанын айқындап алу қажет. Екі жаққа да үйлесімді шешім қабылдау керек, себебі олар екі жаққа да тиімді. Мұндй жағдайда екі жақтың мүшелері біріге отырып проблемалары, мәселені шешулері тиісті. Алайда , мұндай стиль өз шешімін түсіндіре білу ептілігін , басқа жақтың әңгімесін тыңдай білуді , өз эмоциясын ұстай , тежей білуді талап етеді. Осы аталған факторлардың бірінің болмауы , жоғалуы бұл стильді тиімсіз, негізсіз етеді. Жанжалды шешуде бұл стильді мынадай жағдайларда қолдануға болады;
- Егер проблемаға деген әрбір қадам, маңызды болып мәмілеге келу шешімін тежесе, алайда жалпы шешімді таба , орнықтыра білу қажет;
- Негізгі мақсат – біркелкі жұмыс тәжірибесін жинақтау, екі жақ өздерінің көзқарастарын тыңдауға жарамды , сондай-ақ өз көзқарасын , бағыттарын толық мазмұндай алады;
- Жанжалдасқан жақпен ұзақ, берік және өзара тәуелді қатынастар бар;
- Өз көзқарастарын біріктіру, шоғырландыра білу қажет.
Компромисс,мәлімге келу стилі Томас-Клименнің схемасының ортасында екі жақ бір мүдделі көздеген жағдайда бұл стиль өте тиімді,негізді. Алайда бір кәсіпті білуге ұмтылу және жұмыстар үшін бір бөлме орындалмайтын жағдай. Екенін екі жақта біледі . бұл стильді қолдануда осы стильді шешуге акцент, екпін жасалынбайды, ол мына төмендегідей сөздермен өрнектеуге болатын варианттарға жасалынады ; ,,Біз өз тілегімізді толық орындай алмаймыз, алайда біздің әрқайсысымыз келісе алатын шешімге келуіміз қажет. Алайда мұндай жағдайда қандай да бір шеткі шамасын бөлінетінін білу, ескеру қажет, және оны бөлу процесінде барлық қатынасушылардың талаптары толық қанағаттандыра алмауы мүмкін.
Бір сөзбен айтатын болсақ , стильдің кемшілігі мынада; бір жақ өз талаптарын көтеруі мүмкін немесе бас қосуына жол беруі ықтимал. Мұндай жағдайда ешқандай жақ шешімге келіспеуі мүмкін.
Шешімді табуға болатын басқа да мүмкін варианттарды тиянақты анализ талдау жасамай компромисс мәлімге жету жолын да ескеру қажет. Жанжалды шешудегі компромисс , мәміле стилін нәтижесінде мына төмендегідей жағдайларда қолдануға болады:
- Екі жақта біркелкі дәлелдей алатын аргументтерге ие болуы басшылықтар ие басшылықтары бірдей болған жағдайда ;
- Бір жақтың тілегін қанағаттандыру ол үшін айтарлықтай , маңызды шамаға ие болмас;
- Нақты жағдайда және тұлғасының сипатына байланысты қандай стильді қолданудың тиімді, , ұтымды екеніне кепілдемелер , келтіресіз;
- Бәсекелестік немесе қызметтестік стилі. Бұл стиль жанжалдасу жағдайында мінез-құлықтар үшін типтес. Компромисс мәмілеге келу стилін мына төмендегідей жағдайда қолдануға болады;
- Екі жақта біркелкі дәлелдей алатын аргументтер ие болып басшылықтары бірдей болған жағдайда;
- Бір жақтың тілегін қанағаттандыру ол жақ үшін айтарлықтай маңызды шамаға, көрсеткішке ие болмаса;
- Басқа тиімді шешімді өңдеп әзірлеуге, жетілдіруге уақыт болмаған жағдайда уақытша шешім қабылдау мүмкіншілігі , немесе проблемалары басқаша түрде шешу қадамы тиімсіз болған жағдайда;
- Бәрін жоғалтқаннан гөрі компромисс , мәміле белгілі бір нәтижелер алуға мүмкіншілік жасайды.
Жалтару, бас тарту стилі, егер конфликт, жанжал екі жақтың тікелей көзқарастарын нәтижелеген жағдайда немесе, екі жақ үшін проблема маңызды болмаса немесе бір жақ шешімді өңдеп шешуде ешқандай адамдармен қызметтеспесе, сондай-ақ бір жақ проблеманы шешуге уақыты күш жігерлерін жұмсағысы келмесе. Егер , бір жақ жоғары билікке ие болып қарым-қатынастылықты жалғастыруға негіз таппаса, яғни қажет деп есептемесе.
Жанжалдасқан жақ жалтару , бастарту стилін қолдана алады, егер;ол;
- Қарама-қайшылықтың көзі басқа маңызды мәселелерге қарағанда маңызды елес деп есептемесе;
- Мәселені өз табысына шеше алмайтынын білсе, немесе тіпті шешкісі келмесе;
- Проблемаларды шешуде өзіндік тәсіліне тиемелді шағын билікке ие болған жағдайда;
- Нақты проблема жайлы оны оқып зерттеп, зерделеуге қажетті уақытты ұтқысы келіп, қандай да бір шешім қабылдамас бұрын қосымша ақпараттар алғысы келсе;
- Проблеманы тез арада, жедел түрде шешу қауіпті деп есептесе, себебі жанжалды жабу және ашу жағдайды тек қана қиындатады, күрделендіреді;
- Бағынушылар жанжалды өздері реттей алады;
- Проблеманы шешу сіздің денсаулығыңызды нашарлату мүмкін;
- Жанжал барысында қарым –қатынастары жағынан қиын адамдар қатынасқан жағдайда- дөрекілер , арызқойлар және т.б.
Бұл стилді проблемалардан бастартатын немесе жауапкершіліктен жалтаратын стиль деп есептеуге, ойлауға болмайды; Шын мәнінде бастарту немесе біраз уақытқа кейінге қалдыру жағдайлары жанжал, шиеленіс жағдайын шешуге толық қолайлы болуы мүмкін. Себебі осы уақыттар аралығында ол проблема өзімен өзі шешіліп кетуі мүмкін.
Бейімделу стилі- сіздің басқа жақпенен іс-әрекеттер жасауыңызды білдіреді, анықтайды. Алайда мұндай жағдайда атмосфераны , ортаны үйлестіруге және біркелкі жұмыс жағдайын орнықтыруға өз көзқарасыңызды басымды етіп көрсетпеңіз. Томас пен Клименнің пайымдауынша , мұндай жүйе жанжалды шешудің дара тәсілі болып табылады, себебі оның, жанжалдың пайда болу кезеңінде басқа, өзге адамның қажеттілігі басқаға қарағанда өмірлік маңызды болуы мүмкін.
Мұндай жағдайда сіз өз көзқарасыңызды сол жаққа бұрасыз. Бұл деген сіздің өз көзқарасыңыздан бастарту емес.
Бейімделу стилі мына төмендегідей сипатты жағдайларда қолданылуы мүмкін;
Маңызды тапсырма, мақсат бірыңғайлық пен тұрақтылықты орнықтыру;
- Әр-түрлі ой-пікір сіз үшін маңызды емес немесе болған жағдай, проблема ерекше толқытпайды;
-Өз көзқарасыңызды сақтап, мықтап қалуға қарағанда сіз ілтипатты, ізгілікті қарым-қатынасты басқа адамдармен сақтап қалғанда, қалуды маңызды деп санайсыз;
- Шындық сіздің жақта деп зерттейсіз, есептейсіз;
- Жеңіске жету үшін сізде билік деп мүмкіншілік жеткіліксіз екенін сезінесіз.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. И.Е. Ворожейкин, А.Я.Кабанова, Д.К.Захаров
«Конфликтология» Москва 2000

2. Орысша-қазақша сөздік 15000 сөз
Алматы 1987....



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: araylym94 | 27 | 5.04.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Рефераттар жинағы, реферат Жанжалды жағдайдағы мінез-құлықтың стильдері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы Психология жоспарымен, казакша реферат жоспар, Жанжалды жағдайдағы мінез-құлықтың стильдері, реферат Жанжалды жағдайдағы мінез-құлықтың стильдері туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет реферат на казахском языке скачать бесплатно информация рефераттар жинағы Психология жоспарымен казакша реферат жоспар Жанжалды жағдайдағы, Реферат: Психология | Жанжалды жағдайдағы мінез-құлықтың стильдері реферат қазақша жоспар қазақша рефераттар сайты тегін referat-kz.kz қазақша рефераттар сайты)) Қазақша Рефераттар жинағы