Бұрынғы заманда Қали мен Қази деген ағайынды екі жігіт болыпты. Екеуі бірнеше жыл жер астында жүріп, өнер үйреніп еліне оралады. Келсе, ел-жұрты бұл екеуін танымайды. Екеуінің де тырнақ, шаштары алынбаған, денелерін түк басып кеткен. Бет-әлпеттері адам шошырлық екен.
Екеуі елге сыя алмаған соң, бір дарияға барып, Қали балық болып жүзіп, Қази құс болып ұшып кетеді.......
Бір байдың сансыз көп малы болған екен. Малының көбі жылқы екен. Бір жылы жұт болып, бай қоныс аударып, жылқысын жер аударып жаяды. Қыс өтіп, жаз жақындаса да жылқысы келмейді. Бай жалғыз баласын жолдас-жорасымен жылқысын іздетіп жолға аттандырады.
Күндерден күн өтіп, арып-ашып, жылқыны таба алмай жүргенде, іздеушілер бір-екі қосқа келеді. Қостың ішінде шіріген ыдыс-аяқ, тағы басқа заттар жатыр екен. Мұны көрген соң, іздеушілер өз жылқышыларының бұрын қонып аттанған жері екенін топшылайды. Сол жобамен маңайдағы жерлерден, сай-саладан іздеп жүріп, айғыр үйір жылқыға кездеседі. Сол кезде бір жақтан ағып келіп, бір көк шолақ қасқыр бір қара торы биені иығына алып сала жөнеледі. Мұны көріп іздеушілер тұра қуады. Бәрінен байдың баласы қасқырға бұрын жетіп, ұрмақшы болып төніп келе жатқанда, қасқыр артына қайырылып......
Ертеде Қарынбай деген өте кедей адам болады. Оның дүние, мал дегенде жалғыз қаршығасы болыпты. Ол қаршығасы көзіне көрінген құсты құтқармайтын, өте алғыр болыпты.
Қарынбай осы қаршығасының ұстаған қаз, үйректерімен ғана қоректеніп күнелтеді екен. Бір күні қаршыға салып жүргенде, алдынан бір хан кез болады. Хан қаршығасы қаз, үйрекке түспей, қапаланып тұр екен. Қарынбайдың қаршығасын көріп, қалайды. Хан қалаған соң, Қарынбай амалсыз қаршығасын береді. Қаршығасынан айырылған соң, Қарынбайдың күн көрісі нашарлап, ішер ас таба алмай, қапаланып......
Ертеде бір кедей болыпты, оның төрт баласы болыпты. Кішісінің аты Бекболат екен. Бір күні ол кедей «тілімді алмайсың» деп Бекболатты үйден қуып жібереді. Бекболат қаңғырып келе жатып, көлдің жиегіндегі жалғыз үйге сәлем беріп, кіріп келсе, бір шал мен кемпір отыр екен. Олар жөн сұраса, Бекболат:
— Әке-шешем жоқ, қаңғырып жүрген жетім баламын, баласы жоққа бала болар едім, – дейді.......
Жазба ескерткіштер. Тәрбиенің мәңгілігі, қажетгілігі, қасиетгілігі жайлы ой түркі жазбасының ертедегі ескерткіштерімен дөледденеді. Бұл түрғыда ерекше қызығушылық түғазатындары және үлгі боларлықтары, әсіресе, Орхон ескерткіштері (ҮІІ-ҮІІІғғ.). Мұнда халық педагогикасының күрделілігі және көп қырлылығы бейнеленген. Оларда ата-анаға құрмет, адалдық пен әділеттілік, еңбекті құрметтеу, жаудың алдында қаймықпау, ерлік пен елдік, танып-білуге құмарлық, .....
Қазір, Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған. Ал Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 ж. 5 шілдесінде ЮНЕСКО-нің Бүкіләлемдік мұра тізіміне тіркелді. Осындай тарихи-мәдени ескерткіштерді сыныптан тыс тәрбие жұмысында пайдалану арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің маңызы зор. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Егер қазақтардың рухани тарихы жазыла қалса, Қожа Ахмет Яссауидің хикметтері сөзсіз оның бір бөлігі болып кіруге тиіс» [1]-деген. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі XIV ғасыр ескерткіші. Осы ескерткішті сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында оқушыларға ұлттық тәрбие беруде былай жүргізуге болады. 1. Жеке 2. Топтық 3. Ұжымдық......