Кәсіби оқыту | Автомабильдердің электротехникалық және электрондық жабдықтары

Педагогикалық жоғары оку орындарында болашақ “Кәсіптiк бiлiм” мұғалімдерінің кәсіби дайындықтарын жақсартудың маңыздылығы, алдыңғы шарттары: біріншіден оқылатын курстардың мазмұнды оқыту, мектеп
бағдарламаларының талаптарына тығыз байланысты оқытылуы болып табылады; екіншіден, жоғары оқу орындарында қабылданған білім берудің негізгі мемлекеттік стандарттарында оның теориялық және әдістемелік принциптері ретінде оқытудың мазмұны сандық және сапалық жағымен бағалап, жоғарыдағы талаптың орындалу шартына айналуы керек.
Соңғы айтылған мәселе негізінен жоғары оқу орындарына арналған оқу жоспарларында қарастырылатын пәндердің өзара салмақ үлестерін анықтауға септігін тигізері анық.
050120-“Кәсіптiк бiлiм” оқу жоспарларында педагогикалық-психологиялық пәндер мен жалпытехникалық пәндер және мамандық цикліндегі пәндердiң ара салмағы сандық жағынан өзара алшақтығы байқалады. Оның үстіне соңғы пәндердің көлемінің көптігіне байланысты мамандықты меңгеруші студенттер арасында "Педагогтік" кәсіпке қарағанда "Кәсіптiк бiлiм педагогi" мамандығына деген "қызығушылық" қалыптасқан. Оқыту процесіндегі осындай педагогика-психологиялық қарама-қайшылықгар:
- 050120-“Кәсіптiк бiлiм” мамандықтары бойынша негізгі жоғары білім беру стандарттары мазмұнын қайта қарау;
- оқу жоспарының мазмұнын қайта қарау;
- оқыту процесінде оқытудың интегративтік функцияларын арттыруды т.б. талап етеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Журналистика | Электронды БАҚындағы мәдениет мәселелерінің насихатталуы

Журналистика мен мәдениет туралы жазбас бұрын, алдымен жалпы журналистикаға және мәдениет түсінігіне жеке-жеке тоқталып кетсек. Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. XVI ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізі ерте кезді меңзейді. Сол уақыттан бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Әртүрлі қоғамдық формация дәуірлерін бастан кешірді. Сөйтіп, өзінің тарихи ролін толық ашып берді. Бұлай дейтін себебіміз, ешқандай басқа құрал дәл осы журналистика секілді халықты әлеуметтік-саяси тұрғыда жылдам әрі жан-жақты, белсенді түрде әртүрлі хабарлармен қамтамассыз етіп көрген емес. Ол барлық уақытта қоғам өміріне араласып отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология, мәдениет, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т.б. көптеген салаларда шешім жасап, жүзеге асыруға ықпалы болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Бидай изоферменттерінің әр түрлігін электрофорез арқылы зерттеу

Қатты бидай Қазақстанның маңызды дәнді дақылдарының бірі болып табылады. Қатты бидай T.durum L генефондтық сорттарының идентификациялануы мен тіркеуі негізінен морфологиялық белгілері және қорлық белоктар бойынша жүргізілген. Өсімдіктердің сорттары, биотиптері және популяцияларын идентификациялауда молекулалық маркерлер эффективті (белоктық және ДНҚ-маркерлер). Қазіргі кезде генетика және селекцияның әртүрлі мәселелерін шешуге ондаған полиморфты жүйелер пайдалануда. Изоферменттер ферменттердің генетикалық детерминацияланған көптік формасы ретінде белгілі болғаннан бергі уақытта селекция үшін өздерінің ақпараттығы, хромосомалық маркер ретінде тұрақтылығы және анықтау әдісі бойынша басқа да биохимиялық маркерлерген қарағанда қарапайым әрі олармен салыстырғанда анағүрлым нақтылығымен және тұқым қуалауы бойынша кодаминантылығымен т.б артықшылықтарымен көзге түсті. Молеклалық маркерлердің бұл класы қазіргі кезде туыстарды, түрлерді, сорттарды және линияларды идентификациялауда морфологиялық және басқа да генетикалық маркерлермен бірге кеңінен қолданысқа ие болды.
Жұмыс Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі, «Ұлттық биотехнология орталығы», Өсімдіктер Биологиясы және Биотехнологиясы Институтының «Өсімдіктер молекулалық генетикасы» зертханасында жүргізілді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Термиялық және электрлік күйіктер

Зардап шегушінің киімі жанса оның үстіне пальто, басқа қандай да бір тығыз матаны жабу немесе жалынды сумен сөндіреді.

Киім жанып жатқан кезде жүгіруге болмайды, себебі жел жалынды күшейтіп, күйікті үлкейтеді және күшейтеді.

Зардап шегушіге көмек көрсету кезінде бірнәрсені жұқтырып алмас үшін терінің күйген учаскелерін қолмен ұстауға немесе оларға маз, май, вазелин жағуға, ішетін сода, крахмал себуге рұқсат етілмейді. Күлдіреген ісіктерді тесуге, күйген жерге жабысқан мистикті, канифольды немесе басқа да шайырлы заттарды алып сүртуге рұқсат етілмейді. Себебі, осылайша күйген теріні жұлып алуға және жарақат алған орынның іріңдеуіне септігін тигізуге болады. .....
Рефераттар
Толық