Алмахан Кенжебекова Нұрпейісқызы (1950 жылы 16 қаңтар)

Алмахан Нұрпейісқызы Кенжебекова (1950 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында туған) - кино және театр актрисасы. Қазақ КСР Халық артисі (1988). Алматы облысының Құрметті азаматы. Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрының жоғарғы санаттаға артисі. "Құрмет" орденінің иегері.
Алмахан Нұрпейісқызы [1950 жылы 16 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген.
1970 жылы Алматы эстрада және цирк өнері студиясын (Ж.Елебековтің жетекшілігімен) бітірген.
1975 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін бітірген. (ұстазы: КСРО халық артисі Шолпан Жандарбекова)...
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ақжол Мейірбеков Нұсқабекұлы (1950 жылы 7 шілде)

Ақжол Нұсқабекұлы Мейірбеков (1950 жылы 7 шілдеде Түркістан облысы Арыс қаласында туған) — Дос-Мұқасан ансамбльінің әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1994). Құрмет орденінің иегері (2011). Ерен еңбегі үшін медалінің иегері (2005).
Ақжол Нұсқабекұлы 1950 жылы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласында дүниеге келген.
Әкесі - Нұсқабек.
Анасы - Айша.
Шымкент қаласындағы Қ.Сыпатаев атындағы орта мектептің түлегі.
Мектептен соң Өзбекстанның Наманған қаласында Музыка училищесін бітірген.
Ташкент ауыл шаруашылығы институтын бітірген (мамандығы аграном).
Еңбек жолы....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Марат Ілиясов (1956 жылы)

Марат Ілиясов (1956 жылы туған, Шу ауданы Балуан Шолақ ауылы) – сазгер-әнші. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі.
Өмірбаяны
Шымкенттің әл-Фараби атындағы мәдениет институтын бітірген.
Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекетік қызмет Академиясының «мемлекеттік басқару саласын» бітірген.
Еңбек жолын Қазақ теледидарында редактор болудан бастаған.
Қазақ радиостудиясының директоры ретінде жалғастырды.
Шығармашылығы
Ілиясов ең алғашқы әнін Мұзафар Әлімбаевтың «Айнұр құсты аяйды» деген өлеңіне 11 жасында шығарды. Мұнан кейін балалық шақтың әсерінен туындаған:
«Кең мекенім» ....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Мұрат Құсайынов Құсайынұлы (1948 жылы 10 тамыз)

Мұрат Құсайынұлы Құсайынов (1948 жылы 10 тамызда Жамбыл облысы Қордай ауданында Шарбақты ауылында туған) – кеңестік және қазақстандық композитор, музыкант. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1993). Дос-Мұқасан ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі негізін қалаушы.
Мұрат Құсайынұлы 1948 жылы 10 тамызда Жамбыл облысы Қордай ауданында Шарбақты ауылында дүниеге келген.
1983 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
1972 жылы Студент кезінде қатарда оқитын достарымен бірге "Дос-Мұқасан" ансамблін құрды.
Шығармашылығы
1972 жылы Студент кезінде қатарда оқитын достарымен бірге "Дос-Мұқасан" ансамблін құрды.
Жас кезінен өнерге, ән-күйге құмар Құсайыновтың бұдан былайғы өмірі түгелдей осы ансамбльмен бірге өтеді. Оның өңдеуімен халық әні «Жайдарман», Абайдың «Қараңғы түнде тау қалқып», А. Жұбановтың «Қарлығаш», Ғ.Жұбанованың «Жыр жазамын жүрегімнен», т.б. әндері жаң шырқалды. Соның нәтижесінде ансамбль халыққа жақсы танылып, абыройы өсті. 1969 ж. Венгрияға барып, Будапешт студенттері алдында концерт берді.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Жоламан Әміров (1971 жылы 1 мамыр)

Жоламан Әміров (1971 жылы 1 мамырда Алматы облысы Райымбек ауданында туған) — актер, әнші. Құрмет орденінің иегері. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері (1986 жылдан).
Жоламан Әміров 1971 жылы 1 мамырда Алматы облысы Райымбек ауданы Көлсайында дүниеге келген.
1978 - 1980 жылдары Ж.Елібеков атындағы Республикалық эстрда-цирк колледжі (бұрынғы Республикалық цирк және өнер студиясы)ның "домбыра" классын Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор Құбыш Мұхитовтың сыныбын бітірген.
1984 - 1986 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының актерлік бөлімін бітірген.
1986 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
Шығармашылығы....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ерлан Көкеев Амантайұлы (1971 жылы 21 мамыр)

Ерлан Амантайұлы Көкеев 1971 жылы 21 мамырда Қарағанды қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Көкеев Амантай Мұқашұлы, апат учаскесінің шебері. Анасы - Мұқашева Гүлсім Мұқашқызы, үй шаруасымен айналысады
Тәттімбет атындағы Қарағанды музыкалық училищесін домбыра және хорға дирижерлік ету классы бөлімшесін (1991); Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын домбыра классы бойынша бітірген (2000), халық аспаптар оркестрінің жетекшісі, концерттік қызметті ұйымдастырушы.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ерлан Малаев (1971 жылы 18 наурыз)

Ерлан Малаев (1971 жылы 18 наурызда Алматы облысы Шелек ауданында туған) - театр актері, эстрада әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері (1997 жылдан).
Ерлан Малаев 1971 жылы 18 наурызда Алматы облысы Шелек ауданы Масақ ауылында дүниеге келген.
1993 - 1997 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (бұрынғы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институты)ның «Театр және кино актері» бөлімін бітірген.
1997 жылдан Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актерлік құрамында.
2003 жылдан "Бәйтерек" эстрадалық тобының әншісі.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Ерлан Рысқали Рысқалиұлы (1982 жылы 15 қыркүйек)

Ерлан Рысқалиұлы Рысқали (1982 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданыда туған) — қазақтың дәстүрлі және халық әндерін кеңінен насихаттап жүрген дарынды әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстазы. Сегіз сері, Біржан сал, Ақан серілерден бастау алған халқымыздың Арқа әншілік мектебінің жалғастырушы өкілі.
Ерлан Рысқалиұлы 1982 жылы 15 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданы Қосағаш ауылында дүниеге келген.
1995 - 2001 жылдары А.Жұбанов атындағы республикалық арнаулы музыкалық мектеп-интернатында білім алған.
2001 - 2005 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының халық әні кафедрасында оқып бітірген.
2005 - 2007 жылдары Аталған оқу орнының ассистент-стажерлығын Қазақ ССРнің халық артисі, профессор Қайрат Байбосыновтың сыныбы бойынша бітірген.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Сая Оразғалиева Магзумбекқызы (1988 жылы 7 сәуір)

Оразғалиева Сая Магзумбекқызы - актриса, әнші.
1988 жылы 7 сәуірде Ұлан ауданының Ақ тауында дүниеге келген.
Алматы Қазақ-түрік, гуманитарлық технологиялық колледжін бітірген, аудармашы-референт (2009); «Тұран» университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген (2012).
«Shine» тобының вокалисті (2010-2012).
Сая «ВУЗеры» телехикаясынан кейін танымалдылыққа ие болды.
Кинодағы рөлдері:....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Мұрат Бисенбин (1972 жылы 11 қазан)

Мұрат Бисенбин - актер.
1972 жылы 11-қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Политехникалық институтын «ауыл шаруашылығының инженер-механигі» мамандығы бойынша бітірген.
«Рэкетир» фильміне түскеннен кеін Мұрат танымал бола бастады. Ол «Махамбеттің қылышы», «Гүлстан» фильмдерінде және «Әркім Голгофқа шыға алады» хикаясында ойнаған. Бисенбин қарапайым, денелі кинокейіпкер ғана емес. Ол – адал жар, үш баланың үлгілі әкесі, «Хабар» телеарнасында бағдарлама жүргізеді және өзін суретші ретінде танытуды мақсат тұтып жүрген азамат.
Кинодағы рөлдері:
2015 Бүкіл әлем аяғымыздың астында / Весь мир у наших ног (Қазақстан, АҚШ) - Куб – басты рөл
2013 Тұман (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан)
2012 Панчбот (қ/м)....
Өмірбаяндар (биография)
Толық