Психология | Баланың жеке тұлғасы

Жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуы. Даму процесінде білімдер мен іс-әрекет тәсілдерінің өзгерісі, күрделеленуі ғана болып қоймайды. Баланың психикалық дамуы оның жеке басының тұтас өзгерісінен, яғни жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуын да қамтиды. Даму процесінде балалардың психикалык іс-әрскетінің түрлі қыры өзгереді, сан алуан әрекеттерді барған сайын көбірек орындау іскерлігі, тәсілдері жинақталып, өзгеруі болып өтеді, білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа мотивтері мен қызығулары қалыптасады. Солай бола тұрса да осы барлық өзгерістер арасынан неғұрлым жалпы да анықтаушы өзгерістерді бөліп алуға болады екен. Оларға: 1) баланың жеке басы бағдарының жалпы қасиеттері, 2) оның іс-әрекетінің психологиялық құрылымының ерекшеліктері және 3) сана механизмдерінің даму дәрежесі жатады.
1. Адамның жеке басының бағдарын дамыту. Баланың даму
процесінде қалыптасатын мотивтер сан "алуан болса да, балалар мен жеткіншектерді зерттеу, олардың мінез-құлықтарының негізгі ерекшеліктерін анықтайтын жетекші бағыттылықты бөліп алуға мүмкіндік береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Балалық шақтағы жеке тұлға ретінде дамудың негізгі теориясы мен бағыты

Жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуы. Даму процесінде білімдер мен іс-әрекет тәсілдерінің өзгерісі, күрделеленуі ғана болып қоймайды. Баланың психикалық дамуы оның жеке басының тұтас өзгерісінен, яғни жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуын да қамтиды. Даму процесінде балалардың психикалык іс-әрскетінің түрлі қыры өзгереді, сан алуан әрекеттерді барған сайын көбірек орындау іскерлігі, тәсілдері жинақталып, өзгеруі болып өтеді, білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа мотивтері мен қызығулары қалыптасады. Солай бола тұрса да осы барлық өзгерістер арасынан неғұрлым жалпы да анықтаушы өзгерістерді бөліп алуға болады екен. Оларға: 1) баланың жеке басы бағдарының жалпы қасиеттері, 2) оның іс-әрекетінің психологиялық құрылымының ерекшеліктері және 3) сана механизмдерінің даму дәрежесі жатады.
1. Адамның жеке басының бағдарын дамыту. Баланың даму
процесінде қалыптасатын мотивтер сан "алуан болса да, балалар мен жеткіншектерді зерттеу, олардың мінез-құлықтарының негізгі ерекшеліктерін анықтайтын жетекші бағыттылықты бөліп алуға мүмкіндік береді. Кейбір балаларда оқу бағдары жетекші болып табылады: олар үшін жақсы оқу, мұғалімнің талаптарын орындау маңызды саналып, мектептегі үлгірім бағасын көбірек ойлайды. Кейде мұндай бағдар біршама формальды қара дүрсін сипатқа ие болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Арнайы білім беру жүйесіндегі педагогтың жеке тұлғасы

Қазіргі таңда көптеген жоғарғы оқу орындары педагог-дефектологтарды және арнаулы психологтарды кәсіби даярлаудың бағдарламаларын ұсынуда. Осыған орай, АҚШ-та 230 бағдарламаны қамтитын арнаулы білім беруде қызмет жасайтын оқытушыларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату жөнінде ұлттық жүйе жұмыс жасауда. Педагогикалық оқытудың батыс еуропалық жүйесінде арнаулы психологтар мен педагогтарды даярлаудың бағдарламаларымен қатар университеттерде арнаулы педагогика бойынша жалпы білім беру мектептерінің оқытушысын міндетті түрде даярлау желісі қызмет етуде, одан әрбір болашақ оқытушы өтуі тиіс.
Қарапайым балаларсекілді, ерекше білім алу қажеттіліктеріне ие балалар да білікті педагогикалық көмекке зәру, оны тек арнаулы даярлықтан өткен педагог-дефектолог қана бере алады.
Қазіргі заманғы педагогикалық білім беру келесі түрдегі сәйкес педагогикалық мамандықтардың кең ауқымына ие: тифлопедагогика, сурдопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия, мектепке дейінгі арнаулы педагогика, арнаулы психология.
Зерттеудің көкейтестігі: арнайы педагогика пәні бойынша, арнайы білім беру жүйесіндегі педагогтың жеке тұлғасы мен кәсіби қызметін толығымен, жан-жақты зерттеп, оны іске асыру. Педагог-дефектологтар оқушылар мен тәрбиеленушілердің түрлі деңгейлерімен коррекциялық-педагогикалық жұмыс жүргізу үшін арнаулы білім беру мекемелерінде, балалар үйлерінде және мектеп-интернаттарда жұмыс істейді, олар индивидуалды оқыту мен тәрбие беруді жүзеге асырады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Табиғи апаттардағы тұлғаның қорқынышы мен мазасыздығын зерттеу

КІРІСПЕ
Адам баласы табиғатпен етене өмір сүріп келеді. Табиғат бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Ол адам баласының ғасырлар бойы адамның психологиялық жетілуі табиғат пен адамның әлеуметтік – психологиялық қалыптасуына ерекше ықпалдар әсер ете бастады. Бұл табиғаттың өз мүмкіндігін көрсете, адамның ішкі дүниесіне әсер ететін құбылыстар пайда болды. Табиғат құбылыстарының апаттары : жер сілкінісі, су тасқыны, қар көшкіні адам бойында қорқыныш ұялатып, мазасыздық тудырады. Табиғат құбылыстарының адамға әсері жөнінде Кореленко И.П., Гостюшин А.В., Лебедев В.И., Черноушек М., Душков Б.А. еңбектері болса, қорқыныштың ерекшеліктерін В.А. Андрусенко, В.Б. Сапунов, Ю. Щербатых, мазасыздануды Ч. Д.. Спилбергер, Г.Н. Кассиль өз еңбектерінде қарастырған. Табиғи апаттардың адам психологиясына әсер ете, оның күнделіікті өмірде өзін ұстауы және әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы мінез-құлқының ерекшелігі, жеке қасиеттердің даму процесін қамтиды. Мүмкін болатын табиғат апаттарында адамның жеке қасиеттерімен бірге өзін ұстауы, саналы әрекет ете білуге қам жасау. Апаттардың болуы бұл адам психологиясына сол мезетте ғана әсер ететін ситуациялар емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын тіршілік бетіндегі өзгерістер. Тұлғаның барлық сферасы апаттардың әртүрлі қиындықтарын бөліседі.
Жалпы тұлғалық қорқыныш пен үрейленуге келетін болсақ, бұл қазіргі психология ғылымында әлі толықтай зерттелмеген адамның ішкі құбылыстарының бірі. Адамның табиғат пен қоғам дамуында алатын орнын, әрекетін ғылыми деректерге сүйене отырып баяндап, оның мәнін терең түсінуге болады. Жер шары бұдан төрт жарым миллиард шамасында пайда болды деген жорамал бар. Бұдан екі жарым - үш жарым миллиард жыл бұрын оның бетінде ешқандай психикалық құбылыс болмаған. Ұзақ дәуірлерге созылған эволюция нәтижесінде Жер бетінде тіршілік пайда болды. Соның арқасында тірі организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркену қасиеті оянды. Бұл психика дамуында айрықша мәнді физиологиялық құбылыс. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметімен байланысты болса, екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын қалдырып, жан дүниесінің сырына айналады. Адамның психикалық құбылыстарды бейнелеуінің тағы бір ерекшелігі – сыртқы дүние мен болмыстың адам миында қалай бейнелеуіне байланысты. Адамның басында жүйкелік әрекеттің қозуына байланысты, көңіл-күйінің өзгеріп, тамырының соғысы жиілеп кетуі қорқыныш пен мазасыздықтың белгісі. Адам көңіл-күйінің көріністері сезім мен эмоцияны ақыл-ой және сана билейді. Сана-психика дамуының ең жоғарғы сатысы. Кез-келген психикалық процесті адам санасының жемісі дейміз. Сыртқы күшті тітіркендіргіштердің организмге әсерінің күштілігі сондай, олар адамның психикасына күшті әсер етеді. Аяқ астынан қорқыныш барлық әрекетті алып тастайды. Мазасыздық адамды бір орнында тағат таптырмауы да мүмкін. Әсіресе, қалада соңғы жылдары табиғат апаттары туралы әртүрлі алып-қашпа сөздер тұрғындардың мазасын алуда.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Тренинг арқылы тұлға дамуын зерттеудің психологиялық маңызы

КІРІСПЕ
Соңғы жылдары қоғамдық және әлеуметтік өмірдегі болып жатқан елеулі өзгерістер Республикамыздың білім беру жүйесінің алдына көптеген жаңа міндеттер жүктеп отыр. Әсіресе білім беру жүйесінде ұлттық және жалпы азаматтық рухани құндылықтар негізінде жастардың тұлғалық мәдениетін қалыптастыру, тұлғалық жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар жасау өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Бүгінгі таңда жас ұрпақтың білім алуы мен дамуына ерекше ден қойылып, көңіл бөлінуде. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде жеке тұлғаның психикалық дамуын арттыру елеулі мәселелердің біріне айналып отыр. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда,оның психикалық дамуын қалыптастыруға ерекше мән бергенде жүзеге асады.
Мектеп қабырғасында оқу қызметтің негізгі және жекеше түрі болып табылады. Оны атқару барысында оқушылардың бойында жаңа психикалық құбылыстардың дамуына негіз қалайтын және ең алдымен заттардың пайда болу және даму заңдылықтарын ашуға бағытталған теориялық ойлау негізі және зейіні дамиды, жеке тұлға белсенділігі арта түседі. Жеке тұлғаны рухани дамыту - өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз бірқалыпты жетілдіру. Жеке тұлға дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып отырумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді.
Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адамаралық қатынастары да өте жай, ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелігімен, қоғамдық мәнді құндылықтармен ерекшеленеді. Мұның барлығына психиканы дамыту арқылы қол жеткізуге болады. Баланың өзiн-өзi ұйымдастыруы алдымен үлкендердiң әсiресе мұғалiмнiң жасаған және бағыттаған ұйымдастыруының нәтижесi. Баланың жеке тұлғасын дамыту ісінде тәрбие институттары ішінде мектепке ең күрделі міндеттер артылады. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде мектепте бала тұлғасының мотивациялық құрылымында түбегейлі өзгерістер болатыны анықталды. Олар балалардың танымдық мүдделерінің жедел қалыптасуы негізінде оқу қызметі мотивтерінің қайта құрылуынан басталады. Олар мектеп жасының аяғына таман жинақталып қалыптасады да, баланың әр түрлі оқу материалына көзқарасы арқылы айқындалып, қызығуын қанағаттандыратын көздерді өз бетімен іздеуге жетелейді. Яғни, оқу-танымдық мотивтер оқуда ғана емес, оқушы тіршілігінің бүкіл жүйесінде жетекші орын алады. Өйткені, осы мүдделер ортақ ұжымдық қызмет барысында пайда болады, оларды бала толық қоғамдық формасы - топтық құндылық бағдары ретінде ұғынады.
Жеке адамның дамуы – бұл ең алдымен оның рухани өсу, жетілу үрдісі, іс-әрекетте өзін қоршаған өмір шындығын бейнелеуі, қоғамдық орта мен табиғи құбылыстарға, адамға қарым-қатынасы таным-білім жүйесінде болатын сапалық өзгерістер.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Бастауыш сынып оқушыларының тұлға ретінде қалыптасуына темпераменттің ықпалы

КІРІСПЕ
Еліміздің егемендік алуына байланысты, халқымыздың ұрпақ тәрбиесіндегі асыл мұраларын елеп-екшеп, бүгінгі таңдағы оқу-тәрбие үрдісіне ендіру – келелі де, кешенді іске айналды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030»стратегиялық жолдауында еліміздің болашақ ұрпағы инновациялық, ақпараттық технологияларды меңгеруге лайық зерек те білімді, бәсекелестікке қабілетті болуы керек екендігін баса айтып көрсеткен. 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасы да шығармашылық тұлғаны қалыптастыруды дағдыға алу қажеттілігін мақсат етіп отыр. Ал, «жалпыға білім беру» моделі «әр адамға таңдау бойынша білім беру» моделіне көшуге негізделген. Әр балаға таңдау бойынша білім беру барысында, ол баланың бойындағы тума қасиеттерімен санасу дәл қазіргі таңда ерекше орын алады деп санаймыз.
Тума қасиеттердің бірі – темперамент, ол жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешелігі. Әрбір ата-ана және мұғалім осы жеке өзгешелікпен, яғни баланың темпераментімен санаса біліп тәрбие жұмысын жүргізіп отырса, онда әр баланың жан-жақты дамыған, белсенді шығармашылық тұлға болып қалыптасуы анық.
Әрине келешектің иесі – жастар, сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Ақыл – жастан, асыл – тастан демекші, еліміздің ертеңі жастардың қолында. Елбасымыздың өз сөзімен айтқанда: «Жастар ертеңгі жарқын болашақты армандап қана қоймай, оны өз қолдарымен жасауға да белсене қатысулары тиіс». Себебі, қазіргі таңда бүкіл адамзат алдында бұрын болмаған ауқымды, бүкіл әлемдік проблемалар қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, халық ағарту және мәдениет проблемалары, денсаулық сақтау және т.б. сол сияқты мәселелер. Адамзат болашағы аталған ауқымды проблемалармен тікелей байланысты екені сөзсіз. Сондықтан, мектеп оқушыларының, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының менталитетін, адамгершілігін, творчестволық қабілетін қалыптастыру, дамыту қазіргі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Осы мәселені кеңінен қарастыруға баланың бойындағы тума қасиеттердің бірі-темперамент ерекше орын алады деп жоғарыда айтып кеттік. Ендеше, 25-ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырып келе жатқан темперамент проблемасының тарихына қысқаша тоқтап өтейік.
Темпераменттің төрт типі жайлы теорияларын тарихи тұрғыдан қарастыратын болсақ, олар: гуморалды, конституционалды және нейрофизиологиялық теориялар деп бөлінеді. Гуморалды теория темпераментті адам бойндағы сұйықтармен байланыстырған (лат.humor-сұйық).Бұл теорияның негізін қалаған ежелгі грек дәрігері-Гиппокарт(б.э.д.Үғ.).Оның тұжырымы бойнша,адамдар төрт «дене шырындарының»(сұйықтарының)-қан, өт, запыран, шырыш-өзара қатынасымен ажыратылады.Осы психологиялық тағылымды арқау ете отырып, ежелгі дүние дәрігері Клавдий Гален(б.э.д.ІІғ.)алғашқы рет темперамент түрлеріне ғылымдық сипат берді. Гален темперамент түрін денеде жоғарыда аталған шырындардың бірінің басымдылығымен байланыстырады.Ол біздің заманымызға дейін жеткен темперамент атауларын белгіледі:сангвиник, флегматик, холерик, меланхолик. Гален ендірген бұл ғажайып жаңалық кейінгі жүзжылдықтар желісінде көптеген ғалымдар ізденісіне күшті ықпалын тигзді. Мәселен,И.Кант гуморалды теорияны негізге ала отырып темпераментті адамның сезімімен және әрекетімен байланыстырады(сангвиник-көңілді көтеріңкі адам; меланхолик-тұйық; холерик-әрекетшіл, белсенді, ұстамсыз;флегматик-ұстамды, мізбақбас ). Ал отандас ғалым П.Ф.Лесгафт болса темпераментті қанайналым жүйесінің ерекшелігімен және зат алмасу процесінің жылдамдығымен байланыстырып қарастырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Білім беретін мектеп оқушыларының тұлғалық және танымдық дамуы

КlРlСПЕ.
Тақырыптың көкейкестілігі.
Бүгiнгi таңда бiлiмнiң мемлекеттiк стандартына сәйкес республика мектептерiне бiлiм беру мен тәрбиенiң мазмұнын туындауда. Оның басты себебi республика өзiнiң тәуелсiздiгiне ие болған жағдайда экономикалық, экологиялық, этномәдени ерекшелiктерiн ескерте отырып, жастарды оқыту мен тәрбиелеу iсiн қайта құрудың аса қажеттiгi пайда болды. Оның үстіне, өтпелi кезеңдегi нарық қыспағынан жұмыссыздықтың етек алуы, рухани жұтаңшылыққа Ұшыраған әрбiр отбасның экономикалық ауыр хал-ахуалы тәрбие мәселесiне керi әсерін тигiзiп отырғанын да ескермеуге болмайды. Ата-аналар күн көрiс қамымен базар жағалап немесе жұмыс iздеп, бала тәрбиесiне көңiл бөлмеуде, ал ол оқушы жастардың қараусыз қалуын туғызды. Бұл 11-13 жастар жеткiншектердi шылым шегуге, iшiмдiкпен, нашақорлықпен, жезөкшелiкпен айналысуға, ұрлық iстеуге, т.б. қылмыстық әрекеттерге топтасуға, қатiгездiкке итермелеуде. Сонымен бiрге мекетепке қоғамға пайдалы iстердiң бәсеңдеуi оқушылардың бiлiмге, өнерге деген қызығушылығын төмендеттi, сондай-ақ мектептердегi оқу-тәрбие iсiнде етек алған формалистiк көзқарас, тәрбие жұмысын бiр мерзiмге жүргiзiлетiн науқанға айналдыру, оқу бағдарламасын, жоспарының және оқулықтардың бiр сарындылығы, оқыту мен тәрбиелеу әдiстерiн қолдануда жыныстық және жеке басқа тән дербестiк ерекшелiктерге көңiл аудармау, балаларға тек бедел арқылы ықпал етуге негiзделген әкiмшiлiк, әмiр етушiлiк сияқты келеңсiз жағдайлар тұлғаны еркiндiгiнен айырды. Ол оқушылардың бойында тәрбие мәселесiне керi көзқарас туғызды. Сондықтан оқушылардың көпшiлiгi жеке басының ерекшелiктерi мен икемдiлiктерiн дамытуға мектеп мүмкiндiк бермейдi деп санайды.
Әр оқушының қызығушылығын бiлмегендiктен және олардың психологиялық ерекшелiгiн ескертiп отырмағандықтан, көп жерде оқушылардың ата-аналары мен мұғалiмдер арасында түсінiспеушiлiк жағдайлар жиi кездеседi. Осының бәрi тәрбие жұмысының үстірт жүргiзiлуiне әкелiп соқтыруда. Оған жол беру тұлғаның дербес ерекшелiктерiне қалай болса солай қараудан, оқушылардың өзiн-өзi тәрбиелеудегi iшкi мүмкiндiктерiн ескермеуден, олардың қабiлеттерiн әлеуметтiк жағдаймен байланыстырмау салдарынан туындап отыр.
Соңғы жылдары оқыту мен тәрбие мәелесiне қатар жарыспалы үрдiс немесе тәрбиенi оқытуға қосымша деп қарау, олардың өзара байланысын ескермеу, жалпы бiлiмнiң базалық сынарларын дұрыс таңай бiлмеу, бiлiмдi iзгiленруде тәрбиелiк мүмкiндiктiң толық ескерiлмеуi, этникалық мәдени бiлiмнiң дүниежүзілiк мәдениетпен байланыста қарастырылмауы сияқты терiс көзқарастар байқауда. Тәрбие iсiнде отбасымен, балабақшамен, бастауыш және орта мектептермен кәсiптiк-техникалық училищелермен тұрақты сабақтық байланыс сақталынбай қалды. Оқу орындарындағы, мектепке дейнгi және мектептен тыс мекемелердегi, баспасөздегi, теле-радио хабарлардағы және қоғамдық ұйымдардағы тәрбие жұмысын орталықтандырудың жеткiлiксiз екенi байқалады. Тәрбие жұмысының сапасыздығының тағы бiр себебi – олардың ғылыми негiздерi дәрежесiнiң төмендiгiнен болып отыр. Педагогика ғылымы көп ретте жеке тұлғанның дамуын өмірге сәйкессiз тұрғыда қарастырып келдi. Ғылыми зерттеу жұмысындағы өмірден алшақтық, адам туралы басқа ғылымдардың, әсiресе, биологияның, медицинаның психологияның жетiстiктерiн ескермеудiң салдарынан тәрбиеге бiр жақты қараушылық мектеп тәжiрибесiнен орын алып келдi.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Биология | Биология пәнін жеке тұлғаға бағытталған технология негізінде оқыту жолдары

Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Қай елді, халықты болсын, прогреске бастайтын жол-білім жолы. Егемендік алған Қазақстанның болашағы жастарға байланысты. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың дамып өркендеуіне байланысты дарынды жастарды тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымына үлкен сын болуда. Сондықтан да жастарды білімге құштарлыққа, ізденуге, талпынуға тәрбиелеу арқылы баланың қабілет-қасиеттерін ашып көмектесу керек.
Өйткені, осындай жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды ете алады; қазақ елінің ертеңіне қызмет ете алады.
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру саясатының негізгі міндеттерінің бірі «Халықтың барлық жіктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету» екендігі, оны іске асырудағы мектеп бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағыттау қажеттілігі атап көрсетілген [1].
Бұл міндетті іске асыру үшін аталған құжатта: «Оқу процесі:
- өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қажеттігі мен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде баулуға; ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | «Құлагер» поэмасындағы І.Жансүгіровтің тілдік тұлғасы

Зерттеудің өзектілігі:
Ілияс Жансүгіров – қазақ поэзиясы көгінен көрінген халықтың біртуар перзенті. Халық ауыз әдебиетінен, жалпыхалықтың тіл дәстүрінен үлгі-өнеге алған, ұлы Абай шығармашылығынан сусындаған Ілияс Жансүгіров жырлары – XX ғасыр қазақ поэзиясындағы ерекше туындылар. Өйткені, «көп қырлы талант иесі І.Жансүгіровтің даңқын шығарған, алдымен, оның поэзиясы».
Туған әдебиетіміздің дамуына өзінің көркем туындыларымен үлес қосқан Ілияс Жансүгіров өз поэзиясында өмір ақиқатын, болмыс сырын сырлы сөзбен бейнелеп, адамның сезім күйі арқылы өмір шындығын көркем тілмен танытады. Ақын туындыларының халық сүйіспеншілігіне бөлену сыры да осында.
Қазақ поэзиясының, оның ішінде Ілияс өлеңдерінің әдеби ерекшеліктері әр жылдары Ғ.Тоғжанов, Т.Әбдірахманова, М.Дүйсенов, Р.Бердібаев сынды әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан жан-жақты зерттелді. Онда қазақ өлеңдерінің құрылымы, оның түрлері, жекелеген сөз шеберлері өлеңдерінің ерекшеліктері қарастырылған. Оларда поэтика, стилистика мәселелерінің тоғысып, бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылуы осы тектес зерттеулердің ерекшелігін танытады десек, қазіргі таңда ұлт тілдерін дамытуға жан-жақты мән беріліп отырған кезеңде тілді зерттеудің нақтылы үрдісі ұлттың ойлау жүйесіне тән ерекшеліктер мен заңдылықтардың тілдік деректері арқылы және ұлттық танымға негізделген тілдік тұлғаның қолданылуы арқылы ашыла түсетініне көз жеткіземіз.
«Құлагер» поэмасындағы Ілияс Жансүгіровтің тілдік тұлғасын қазақ халқының тарихымен, таным-түсінігімен байланыста танудағы ұмтылыстың қажеттілігінің мәні қазақ тіл білімінің де ұлттық танымға негізделген жаңа үрдісті зерттеу екені көрсетіп отыр. Сондай-ақ тілдік тұлға мәселесі жеке жазушылардың немесе бүтіндей бір әдеби кеңнің тіліне арналған зерттеулерде қолға алына бастады. Сонымен қатар, тілді диахрониялық тұрғыдан зерттеуге қазақ тіл білімі де бет бұрғаны белгілі.
Мұндай бағыттағы жұмыстардың жүргізілуі ұлттық болмыс пен халықтың тұрмыс-тіршілігіне, дүниетанымына қатысты ерекшеліктерді сипаттап, тіл мен ұлттың тығыз бірлікте екендігінің дәлелі болмақ. Сондықтан да Ілияс Жансүгіров шығармаларындағы ақынның өзіне тән тарихи-мәдени тілдік деректер негізінде қарастырылып, поэма тіліндегі ұлт дүниетанымын білдіретін лексикалық қызметін көрсетуге ұмтылдық. Осыдан ақынның жалпыхалықтық тілді пайдалану үлгісін лингвистикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігі еріксіз туындайды. Өйткені суреткер тілінің көркемдігі мен бейнелілік сыры көркем тілтану тұрғысынан қарастырғанда ғана айқындалатыны белгілі. Сондықтан да ақын шығармаларының тілдік тұлғасын анықтап, оның көркем поэма тілінің тілдік тұлғасын зерттеу тақырыптың өзектілігін танытады.
Зерттеу нысаны: І.Жансүгіров шығармашылығындағы ұлттық дүниетанымның ықшам да, терең мағыналы дүниетаным құндылықтарын айқындайтын тілде көрініс тапқан бірліктер – концептілер жүйесі құрайтыны анықталды.
Зерттеудің мақсаты:
Қазіргі кезде қазақ филологиясының ерекше көңіл бөліп отырған саласының бірі – көркем әдебиет пен оның стилі, сөз зергерлерінің шеберлігі.
Ілияс тілдік тұлғасының когнитивті және прагматикалық деңгейін мүмкіндігінше толық талдау мақсаты көзделеді, әрі белгіленген әр деңгейдің жүзеге асуы нақты бір лингвистикалық мақсат-міндет жүктейді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Ұстаз ұлы тұлға


Тәуелсіз еліміздің болашағы – мектеп. Ол оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие берумен қатар болашаққа жөн сілтер киелі орын десек қателеспейміз. Елбасымыз Н.Назарбаев "Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттың қадір-қасиетін, мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз" деген болатын.

Дұрыс тәрбие балаға өмір бойы азық. Ал, оған дұрыс та жүйелі тәрбие беретін екінші ана - ұстаз. Ұрпақ тәрбиесі секілді ұлы міндет жүктелген мектептегі мерейлі істердің барлығы мұғалімдердің арқасы.

Ұстаз - ұлағаттылықтың көзін ашар, жылылық нәрін себер жан. Мектептің жүрегі де, тірегі де ұстаз. Күн сайын жүздеген шәкірттердің жүрегіне жол тауып, ізгілік нәрін себуге ұмтылатын жылы жүзді жайдары жан.

Мұғалімдік қызметті, ұстаздық ұлағатты терең қадірлеген халқымыз білім мен тәрбие мәселесіне де ерекше ден қойғаны белгілі. Өйткені қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін адам баласы міндетті түрде мұғалім алдын көруі тиіс. Ал, өркениеттілікке, жарқын, зайырлы қоғамға қол жеткізу үшін ақыл-есі бүтін кез-келген жас саналы тәрбие, сапалы білім алуы керек. Мұғалімнің қолында – адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. Мұғалімнің қателесуге қақысы жоқ.

Мектептің абыройын аспандатып, жалпы бала тәрбиесіне,білім беру ісіне асқан құлшыныспен кірісіп, үнемі еңбектеніп жүретін ұстаздарымыз аман болсын! Әр ісі үлгі, ұлағатты ұстаздарға – мың тағзым етсең де артық емес-ау сірә!

Құрметті де қадірменді ұстаздар қауымы әрдайым еңбектеріңіз жанып, осы бір ұрпақ алдындағы ауыр міндеттеріңіздің ылғи да жемісін көре беріңіздер дегім келеді.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Ы.Алтынсарин орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Жулбаева Гулайым Сағынбайқызы .....
Әңгімелер
Толық